Жобалар
Редакциямен байланыс
Жарнама
Бүгін, 16:21

Санкцияға қарамастан Ресей АҚШ-қа ядролық отын жеткізуші ірі серіктес болып отыр

уран
Фото: Rosatom / Global Look Press

Ресей байытылған уранды жеткізу бойынша АҚШ-тың ең ірі серіктесі мәртебесін сақтап отыр.

 Бұл уран америкалық атом электр станцияларында пайдаланылады, деп жазды Bloomberg.

АҚШ-тың ядролық отынының құрылымы

АҚШ Энергетика министрлігінің есебіне сәйкес, Ресей 2025 жылы елдегі атом реакторларында қолданылған байытылған уранның 20%-ын қамтамасыз еткен. 2023 жылы бұл көрсеткіш 27% болған.

Сонымен қатар:

  • Франция – 18%,

  • Нидерланд – 15%,

  • Ұлыбритания – 9%,

  • Германия – 7% үлеске ие.

2024 жылдың соңына қарай америкалық компаниялардың қоймаларында шамамен 75 мың тонна уран сақталған.

Шикізат қайдан келеді?

АҚШ уран шикізатының негізгі жеткізушілері:

  • Канада – 36%,

  • Қазақстан – 24%,

  • Австралия – 17%.

Одан кейінгі орында Өзбекстан (9%), Намибия және Ресей (әрқайсысы – 4%).

Есепке сәйкес, АҚШ-та өндірілген уранның тек 28%-ы ел ішінде байытылады, қалған бөлігі шетелде өңделеді.

Баяндамада атап өтілгендей, Кремльдің Украинаға басып кіруінен кейін АҚШ Ресейден реакторлық отын импортын тыйым салғанына қарамастан, уранды жеткізу жалғасып келген.