Санкцияларға қарамастан Иран мұнайы қайда сатылып жатыр?
Иран көп жылдан бері халықаралық санкциялар қысымында өмір сүріп келеді. Дональд Трамп президент болған кезеңде АҚШ қысымды күшейтіп, кең көлемді сауда шектеулерін енгізді және Иранмен жұмыс істеген шетелдік қаржы институттарына қарсы шаралар қолданды.
Санкциялар күшейгеннен кейін Иран – әлемдегі негізгі қазба отын экспорттаушылардың бірі болғанымен, онымен сауда жасауға дайын елдердің саны айтарлықтай азайды.
2024 жылы Иран мұнай экспортынан 35,76 миллиард доллар табыс тапқан. Алайда бұл сауданың едәуір бөлігі нарық сұранысынан емес, геосаяси жағдайға бейімделудің нәтижесі болып отыр.
Қытай – басты сатып алушы
Қытай жеткізілімдердің ең үлкен үлесін алды — жалпы экспорттың 90 пайыздан астамы, яғни шамамен 32,5 миллиард доллар.
Басқа елдер халықаралық санкциялар қысымынан Иран мұнайын импорттауды қысқартқан кезде, Қытай керісінше оны үлкен көлемде сатып алуды жалғастырып, Тегеранның негізгі энергетикалық серіктесіне айналды.
Басқа сатып алушылар
Қытайдан бөлек, 1 миллиард доллардан астам мұнай сатып алған жалғыз ел — Сирия.
2024 жылы Сирия шамамен 1,2 миллиард долларлық мұнай импорттады, бұл Иран экспортының 3,3 пайызына тең.
Одан кейінгі орындарда:
Біріккен Араб Әмірліктері — 2%
Венесуэла — 1,2%
Венесуэла жағдайында энергетикалық әріптестік ерекше схемаға негізделген: Венесуэла мұнайын Иран конденсатына айырбастау келісімі бар. Екі ел де АҚШ санкцияларына ұшырағандықтан, мұндай бартерлік келісімдер олардың экономикалық байланысын сақтап отыр.
Санкциялар сауда бағытын өзгертті
Соңғы жылдары Иран мұнайын сатып алатын елдер саны айтарлықтай қысқарды.
2010 жылы Иран мұнайы 20-дан астам елдің порттарына жеткізілген. Олардың қатарында Қытай, Жапония , Үндістан, Оңтүстік Корея бірнеше Еуропа елдері болған.
Санкциялар экспортты толық тоқтатпаса да, сауданы өте тар сатып алушылар тобына бағыттады.
«Көлеңкелі флот»
Қазір Иран мұнайды экспорттау үшін «көлеңкелі флот» деп аталатын жүйеге сүйенеді.
Бұл жүйеде:
жаңа тулармен жүретін танкерлер пайдаланылады
мұнай кемеден кемеге (ship-to-ship) ауыстырылады
осылайша жүктің нақты шыққан жерін жасыруға мүмкіндік береді.
Мұнайдың арзандығы
Иран мұнайы әдетте Brent бағасынан барреліне 3–9 доллар арзан сатылады.
Сонымен қатар, Иранда мұнай өндірудің өзіндік құны — шамамен барреліне 10 доллар, ал Brent бағасы шамамен 60 доллар деңгейінде.
Бағалаулар бойынша, осындай жеңілдіктер Иранға жыл сайын бірнеше миллиард доллар шығын әкеледі. Бірақ бұл азайған сатып алушыларды ұстап тұру үшін төленетін «баға» саналады.