Жобалар
Редакциямен байланыс
Жарнама
12:48, 15 Ақпан 2023

Сапалы білім – болашақ кепілі

None
None

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев өткен жылы Қазақстан халқына арнаған жолдауында ел тәуелсіздігін сақтап, ұлттық бірегейлігімізді нығайту мақсатында «Білімді ұлт – сапалы білім беру»  ұлттық жобасы аясында жұмыстар жасалынуы керек деп баса айтқан болатын.

Осы орайда, еліміздегі бірқатар кәсіптік және техникалық білім беру ұйымдары былтырғы жылы атқарылған жұмыстарға есеп бере отырып, биыл атқарылатын жұмыстардың жоспарын жасады.  Яғни, биыл 2023 жылы «Білімді ұлт  – сапалы білім беру» ұлттық жобасы бойынша ұйымдастыратын шаралар мен мемлекеттік білім беру тапсырысы, жаңа мамандықтар, «Жас маман» жобасы аясында құрылған құзыреттілік орталықтардың жұмыстарында биыл біраз өзгерістер болатындығы хабарланды. Сондай-ақ осы жылдан бастап, дуальді оқыту жүйесі мен білім беру бағдарламаларын әзірлеу арқылы кәсіби бағдар, инклюзивтік білім беру жұмыстары да кеңінен талқыланып келеді.

Сонымен қатар еліміздің барлық өңірлеріндегі мектептерде білім сапасын арттыру мен педагогикалық кадрлардың біліктілігін арттыруға бағытталған жобалар өткізілуде. Жоба барысында талқыланған маңызды мәселелердің бірі – қала мен ауыл арасындағы білім беру сапасындағы алшақтықты азайтуға байланысты жалпы білім беретін жүйені дамытуға жоба барысында талқыланған маңызды мәселелердің бірі – қала мен ауыл арасындағы білім беру сапасындағы алшақтықты азайтуға байланысты жалпы білім беретін жүйені дамытуға қатысты жұмыстарды Eurasian Center for People management компаниясы жүзеге асырып келеді. Жоба жетекшісі Әсел Кәкенова аталған жоба туралы төмендегідей пікір білдірді.

— Бағдарламаға байланысты өңірлердегі жалпы білім беретін мектептерге көшпелі зерттеулер жүргізілді. Әрі соның негізінде менторлық қолдау арқылы мектептердің басқарушы топтарын оқыту жобасы әзірленіп, орындалуда. Одан бөлек, 2025 жылға дейін 23 мектептің даму стратегиясы әзірленіп, жобаға қатысушылар, яғни пән мұғалімдері оқушыларды өз бетінше жұмыс істеуге үйретеді. Мәселен, ағылшын тілінің мұғалімдері теориямен қоса практика жүзінде үйретуге тырысса, математика пәнінің мұғалімдері математика сабағын қалай сәтті өткізуге болады деген сұраққа жауап іздейді. Осылайша, жаңа көзқараспен «Математика өзгермейді, мұғалім өзгеруі мүмкін» деген тұжырымға келді, – дейді.

Жалпы елдегі білім сапасын арттыруға қатысты атқарылып жатқан жұмыстардың легі осындай. Алдағы уақытта да елдегі білімнің сапасымен ұстаздардың беделін арттыруға қатысты жасалынып жатқан жұмыстармен таныстыратын боламыз.

Тегтер: