Сапарбаев та жиендік жасай ма?

ӘбішКекілбайұлының 80 жылдығына орайұйымдастырылған шара аясында Ақтаудағы«Достық үйінде» әдебиет және өнер қайраткерлерінің конгресіөткен.
Оған ақын-жазушылармен қатар мемлекетқайраткерлері де қатысқан. Сонда сөйлеген сөзінде вице-премьер БердібекСапарбаев белгілі ақын Оңайгүл Тұржанның 2016 жылы «Астана ақшамы» газетінешыққан «ПІЛГЕТӘН ӨРІС, ПІЛГЕ ТӘН ЖҮРІС КЕРЕК»мақаласының бір бөлігін сол қалпы оқыпберген. Вице-премьердің сөзінен үзінді бірнеше ақпаратқұралдарына(Inform.kz, tengrinews.kz, mangystaumedia.kz, ult.kz)шықты.
«Шекспирдіңшеберлігі мен тереңдігіне бойлаймыз деп ол туралы әлемде әр түрлі тілде 15 мың,кейбір деректерде 25 мыңнан астам көлемді зерттеулер жазылған екен. Оның ішіндетек тіл мамандары ғана емес, оның ішінде психолог та, дәрігер де, саясаткер де,тарихшы да, суретші де, саяхатшы да, музыкант та, геолог та, агроном да, тіптімал дәрігері мен тіс дәрігері де бар көрінеді.
Әбішәлемінің лингвистикалық-географиялық-жаратылыстанушылық-адамтанушылық-психологиялықкартасын толыққанды сызып шығу үшін де осындай деңгейдегі зерттеу жұмыстарыкерек. Оның дарынын бір ғана филологиялық өлшемдермен өлшеуге келмейді. Оныңбір өзі әлемдік университет сияқты болған адам. Мұндай дарындар адамзаттыңтарихында сирек кездеседі»деген ақын сөзі Бердібек Мәшбекұлының сөзінде еш өзгеріссіз қайталанады. ӨкініштісіСапарбаевтың сөзін толық жарияламады. Әйтпесе жиендік жасаған мәтіндер біршамашығар ма еді...