Жобалар
Редакциямен байланыс
Жарнама
11:35, 27 Тамыз 2021

Сапарбаев Жамбыл облысындағы жарылысқа қатысты пікір білдірді

None
None

Жамбыл облысының әкімі Бердібек Сапарбаев әскери қоймада болған жарылысқа байланысты пікір білдірді.

Ол аймақтағы жағдайды өзінің фейсбуктегі парақшасында жариялады,-деп хабарлайды «Жас Алаш»

— Қазіргі таңда Байзақ ауданындағы жағдай толықтай бақылауға алынды. Өңірдің төтенше жағдайлар, құқық қорғау және медицина саласының өкілдері барынша жұмылдырылды.

Апат орын алған аумақтан эвакуацияланған тұрғындарға арналып, облыс орталығынан 400-ден астам жатын орын дайындалған. Қосымша 1000-ға жуық орын дайындау мүмкіндігі қарастырылған.

Жарылыс зардаптарын жою және эвакуацияланған тұрғындарды керек-жарақпен, ыстық тамақпен қамтамасыз ету бойынша жұмыстар жүргізілуде. Менің басшылығыммен құрылған жедел штаб барлық қажетті шараларды атқаруда.

Зардап шеккендер Тараз қалалық және аудандық ауруханаларға жеткізіліп, медициналық көмектер көрсетілуде.

ҚР Қорғаныс және Төтенше жағдайлар министрлерімен бірлесіп, тиісті шешімдер қабылдануда.

Баршаңызды тек қана ресми мәліметтерге сенуге, жалған ақпараттарды таратпауға шақырамын,-деп жазы әкім. 

Тегтер: