Сапарбаевтың кезінде жекешеленген аурухана жабылуы мүмкін

Ақтөбеде БердібекСАПАРБАЕВ әкім болған кезінде алматылық компанияға сенімгерлік басқаруға өткен темір жол ауруханасы мен он екі мың тұрғынға арналған емхана жабылуы мүмкін.
Өйткені аталған медициналықмекеме жаңа жылдан бастап мемлекеттік тапсырыстан шеттетіліпті. Ауруханағажылына шамамен 600 миллион теңге бөліп келген облыстың денсаулықсақтау басқарамысы болса, аурухананың қазіргі санитарлық жағдайы талапқа сайемес дейді. Енді бір аурухананың 400-ге жуық жұмысшысының тағдыры даекіталай.
Жаңа жылдан аурухана жабылады дегенді естігелі бері дәрігерлер мен аурухана қызметкерлеріқара уайымға салынғандарын айтады. Бар қорқыныштары аурухана жұмысын тоқтатса,жұмыссыз қалу. Өйткені мұндағы дәрігерлердің көбі зейнет жасына жақындағандардейді.
«Әр адамның басында кредит бар. Оны қалай жабады?Біздерді ертең жұмысқа алмай қалса, қалай күн көреміз? Қазір өте қиындап баражатыр. Шындығы керек. Қазір бәрі қымбаттап жатыр. Жұмыс жоқ. Еш жергежұмысқа алмайды біздерді. Жасымыз пенсияға келіп қалдық, шындығы керек»,- дейдіосы ауруханада он жылдан бері медбике қызметкерін атқарған Клара ҚАРАСАЕВА.
Осыдан бір жылбұрын бұл темір жол ауруханасының жағдайыөте нашар деген билік, мемлекеттің меншігінен алып жеке сенімгерлік басқаруғаберген. Осылайша ескі аурухана Ақтөбе облысының кс-әкімі БердібекСапарбаевтың кезінде алматылықкомпанияның қолына өтті. Алайда қазір шығынға белшеден баттық деген жекесеріктестік, «енді бізді мемлекеттік тапсырыстан шеттетсе, жабылғанан басқаамалыз жоқ» деп отыр.
«Бұл аурухана. Сондықтан ол тек мемлекеттік тапсырыспен күн көріп отыр. Тоқсан пайыз тәуелдіміз. Емханамызда тіркелген он екімың тұрғынды да бізден алып кетіп жатыр. Егер жаңа жылдан бастап мемлекеттіктапсырыс берілмесе 380 жұмысшы ішінде дәрігерлер де бар, бәрі жұмыссыз қалады.Өйткені бізге түсетін басқа қаражат көзі жоқ. Жыл сайын біз мемлекеттіктапсырыспен 550 миллион теңге алатынбыз», — дейді Темір жолауруханасының басқарушы директоры Марат ӨТЕГЕНОВ.
Облыстық денсаулықсақтау басқарамасы болса, аурухананың санитарлық жағдайы талапқа сай емес дейді.Сөздерінше, жеке серіктестік келісім шартта көрсетілген талаптардың бәрін орындағаннан кейін ғана мемлекеттіктапсырысқа қайта ұсыныс бере алады. Әзірге медициналық мекемелерді басқа жерге ауыстыруға мәжбүрміз дейді.
«Керуетті біз жауып тастайын деп отырған жоқпыз. Облыстыңкерует қоры өзгермейді. Сол күйінде қалады. Ол тек бір ауруханадан басқаауруханаға уақытша көшеді. Емханасы бойынша да. Ол жерде он екі мыңның үстіндеадам бар ма, өзінің белгілі бір штаты бар бекітілген. Оны да біз ешқайдажіберіп жатқан жоқпыз. Оның барлығы қасындағы емханаларға көшеді. Кемшіліктержойылғанға дейін», — дейді Ақтөбе облыстық денсаулық сақтау басқармасыныңбасшысы Әсет ҚАЛИЕВ.
Осылайша облыстыңденсаулық сақтау басқармасы бір жыл бұрын ғана жекенің қолына өткен темір жолауруханасы жаңа жылдан бастап жұмысын уақытша тоқтатады деп отыр.
Фотоны автор ұсынды.