Жобалар
Редакциямен байланыс
Жарнама
11:36, 21 Маусым 2021

Сақалды құрылыс. Алтын Орда маңындағы жолайрыққа асфальт төселе бастады

None
None

«Алтын Орда» базары маңындағы жолды асфальттау және бетондау жұмыстары басталды, — деп хабарлайды  "ҚазАвтоЖол" ҰҚ" АҚ.

Компания мәліметі бойынша, құрылысшылар «таға» түріндегі жолды асфальттауға кіріскен. Сондай-ақ, олар негізгі магистраль эстакаданы бетондаумен айналысады.

«Шілденің басында асфальт-бетон жабынын орнату және абаттандыру жұмыстары аяқталғаннан кейін „таға“ түріндегі эстакада арқылы қозғалысты ашу жоспарланып отыр. Нысанда 100-ге жуық адам мен 15 арнайы техника жұмыс жасап жатыр. Екі ауысыммен жұмыс ұйымдастырылды», — деді "ҚазАвтоЖол" өкілі.

Нысанды аяқтау 2021 жылғы қазанға жоспарланған және индустрия және инфрақұрылымдық даму министрі Бейбіт Атамқұловтың ерекше бақылауында.

«Мемлекет басшысы 2021 жылдың қазанында эстакада салумен „Алтын Орда“ базарының жанындағы Алматы — Бішкек автожолының жүру бөлігін кеңейту бойынша күрделі жөндеуді аяқтау қажеттігі туралы тапсырма берді», — делінген компания хабарламасында.

Еске салайық, 2017 жылы басталған жол құрылысы 2019 жылы аяқталып, тапсырылуы керек болған. Алайда бірқатар себепке байланысты құрылыс жұмыстары созылып кеткен. Оның бірі -  екі жанармай құю станциясының қожайынымен болған сот. Автожанармай құю станциясы биыл наурыз айында сатып алынды. 

Тегтер: