Сақтансаң сақтайды

Қазіргі індет кезінде әкімдер жұмысынауруханалардағы науқастардың жай-күйін білуден бастап, қажетті дәрі-дәрмектердізерделеп, өңірде тапшы антибтотиктердің қорын жасауға ден қоюда.
Сарысу ауданының тізгінін жаңадан ұстаған Бақытжан Жақсылықов та аудандықорталық ауруханаға барған іссапары барысында дәрі-дәрмекті сақтау қорына назараударды.
Қорда қаншалық дәрі-дәрмектің бар екенінжасырмай айтуды сұраған ол, жоқ дәрілердің орнын ауыстыратын дәрілерді үлкенқалалардан алдыруға бар күшін жұмылдыратынын жеткізді. Ондағы мақсат біреу – науқастардыемдеп шығару. Жоқты бар деп жасырып, кейіннен бармақ тістеп қалмаудың алдын алуекені белгілі.Аудан басшысы бірінші кезекте сақтықшарасына көңіл бөлу қажеттігін басаайтты. Содан соң аурухананың екінші қабатынан ашылған тегін дәріханағаарнайы барды. Онда есепте тұратын түрлі науқастарға берілетін дәрілерді көрді. МұндаЗаңға сәйкес берілетін дәрі-дәрмектер қоры жеткілікті екен.Бірақ, аудан басшысы осы дәрі-дәрмектердің кімге, қалай берілетіні жайлы және қазіргітаңда қорда жоқ дәрілердің орнын ауыстыратын қандай дәрілер бар немесе жоқекендігін атап көрсететін ақпарат бұрышы жоқтығын айтып, тиісті тапсырмаларберді. Бұл бұрыш әсіресе бүгінгідей індет кезінде сақтықты қалыптастырып, сырттайкөріп, ақпараттану үшін де аса қажеттігін ескертті.- Президенттің коронавирус індетінің таралуына қарсы күресшараларын енгізу туралы шешімін мемлекетіміз бен халқымыздың тағдырынойлайтын əрбір азамат қолдайды деп ойлаймын.Мемлекет басшысы Қасым-Жомарат Тоқаевтың қатысуымен Үкіметтің кеңейтілгенотырысында да осы жәйттер кеңінен айтылды. Сондықтан қай-қайсымыз болмасынсақтық жұмыстарын бірінші орынға қоюымыз керек.
«Ауырып ем іздегенше, ауырмайтын жол ізде»деген нақыл сөз бар. Сондықтан қатерлі аурудың алдын алып, оның кең етек алыпкетуіне жол бермеу үшін бəріміз жұмыла күрескеніміз жөн.Халқымыз «Бірлік бар жерде тірлік бар» дейді. Президент айтқан барлықіс-шараларды орнымен жүзеге асыра білсек, барлығымыз тəртіпке бағынып, осы іскеатсалыссақ, қауіпті індеттің таралуына жол бермейміз. Ал, елімізде жасалыпжатқан жұмыстар, қауіпсіздік шаралары өз нəтижесін беретіні сөзсіз,- деді ауданбасшысы. Дәрігерлер науқастардың өмірі үшін күн-түн демей аянбай күресуде. Алайда,науқастардың көбейуіне байланысты өңірде медицина мамандарының жетіспеушілігіде байқалады.Бұл туралы аудандық орталық аурухананың бас дәрігері Бағила Әбілекқызы ауданбасшысына айтты.Сарысу ауданда«COVID-19» коронавирусіндеті 7 маусымнан бастап тіркелді. Бүгінгі таңда ауырғандардың 23-і жазылып, бақылаудан алынды.Аудандық санитариялық дәрігердің қаулылары шығарылды, науқастар ошақшауланып, тиісті емдерін алуда.