Сара Назарбаева Алматыдағы ауруханада бес айдан бері ем қабылдап жатыр – БАҚ

Қазақстанның экс-Нұрсұлтан Назарбаевтың жұбайы Сара Назарбаева бес айдан бері Алматыдағы Президент істері басқармасының медициналық орталығының Ұлттық госпиталінде ем қабылдап жатыр.
Бұл ақпаратты BES.media басылымына аталған мекеме растаған.
Халық арасында «Совминка» деп аталатын Ұлттық госпиталь өкілдері:
— «Пациент белгіленген медициналық стандарттарға сәйкес, тәжірибелі мамандардың бақылауында ем қабылдап жатыр»,- деп мәлімдеген.
Сонымен бірге, аурухана Назарбаеваның диагнозы мен денсаулық жағдайына қатысты өзге мәліметтердің медициналық құпия болып саналатынын атап өткен.
Айта кетейік, мамыр айында Сара Назарбаеваның қайтыс болғаны туралы қауесет тараған еді. Желіде тараған ақпаратқа сәйкес, Президент істері басқармасының ауруханасы дәрігерлері оны жасанды тыныс алу аппаратынан ажырату туралы шешім қабылдағаны жөнінде хабарламалар шыққан. Алайда бұл ақпаратты Айдос Үкібай жоққа шығарды.
Айта кетейік, Сара Назарбаева 84 жаста. Ол «Бөбек» қайырымдылық қорының негізін қалаушы, бала құқықтарын қорғау мен әлеуметтік саладағы қоғамдық бастамаларымен танылған.