Сара Назарбаеваның бала сатқаны рас па?

Экс-президенттің әйелі Сара Назарбаеваның жетім балаларды шетелде демалдыратын арнайы бағдарламасы болғаны рас па? Бұл туралы журналист Жанар Байсеміз баяндады, деп жазды Zhasalash.kz.
Байсеміз «Шетелдегі қазақ балалары» жобасының авторы Abay Live YouTube арнасына берген сұхбатында баяндады.
«Мен 1990 жылдың аяғы мен 2000 жылдың басында-ақ шетелге заңсыз кеткен біраз баламен таныстым. Оларды айта алмаймын. Әр баланы 50 мың АҚШ долларына сатқан. Ол кезде бұл өте көп ақша еді», - дейді ол.
Жанар Байсеміз Сара Алпысқызына қатысты да ой бөлісті.
«Мен Сара Алпысқызы барлық баланы сатты дегім келмейді. Логика тұрғысынан да миға сыймайтын әңгіме сияқты. Бала сатып ақша табатындай мұқтаж емес еді ғой. Бала сату бизнесінен бөлек байлығы жетеді. Мен жамандық ойлағым келмейді. Біздің еліміздің экономикалық жағдайын көріп, сол балаларға жақсылық ниетпен де жасаған шығар. Одан кейін түрлі дүние шыққан болуы керек», - дейді журналист.