15:09, 09 Сәуір 2024
Саран қаласындағы тұрмыстық техника зауыты тасқыннан зардап шеккендерге жаңа теледидар сыйлады
Саран қаласындағы тұрмыстық техника зауыты Шет ауданындағы су тасқынынан зардап шеккендерге 60 жаңа теледидар сыйлады.
Саран қаласындағы тұрмыстық техника зауыты Шет ауданындағы су тасқынынан зардап шеккендерге 60 жаңа теледидар сыйлады.
Жалпы бұл аумақта Қайрақты, Ақсу, Красная Поляна, Дербісалы ауылдарының отбасылары су тасқынынан зардап шекті. Қазір олардың барлығы уақытша Шет ауданы әкімдігіне орналастырылған.
Тұрмыстық техника зауытының директоры Талғат Әбдірахмановтың айтуынша, көмек сұраған кезде зардап шеккен отбасыларға өндірістен жедел түрде жаңа теледидарлар бөлініп, компания есебінен тасымалдау ұйымдастырылған.
Құрал-жабдықтар қазірдің өзінде Шет ауданына жеткізіліп, жақын арада отбасыларға тапсырылады.