Жобалар
Редакциямен байланыс
Жарнама
Бүгін, 11:00

Сарапшылар Фордо уран байыту зауытына айтарлықтай зиян келгенін айтады

Фордо
Фото: Planet Labs/dpa/picture alliance

Сарапшылар АҚШ-тың соққысынан кейін Иранның Фордо ядролық нысаны қатты зақымданған немесе қираған дейді.

Reuters агенттігі хабарлағандай, Maxar коммерциялық компаниясы түсірген нысанның спутниктік суреттерін қарап шыққан бірнеше сарапшылар Иранның Фордодағы уран байыту зауыты қатты зақымдалған немесе тіпті қираған болуы мүмкін деген қорытындыға келген.

Суреттерде уранды байытуға арналған жер асты центрифугалық шеберханалары орналасқан зауыттың тау жотасында орналасқан алты ойпат көрсетілген.

«Мен нысан жойылған болуы мүмкін деген қорытындыға келер едім», - дейді БҰҰ-ның ядролық қару жөніндегі бұрынғы инспекторы және Вашингтон ғылым және халықаралық қауіпсіздік институтының басшысы Дэвид Олбрайт.

 22 маусымда журналистермен сұхбатында АҚШ Штаб бастықтарының біріккен комитетінің төрағасы Дэн Кейн алғашқы бағалаулар бойынша Фордодағы ядролық нысан өте ауыр зардап шеккенін айтты. Алайда ол жерде орналасқан ядролық нысандардың зияны туралы түсінік беруден бас тартты.

Атом энергиясы жөніндегі халықаралық агенттікте (МАГАТЭ) 22 маусымда АҚШ-тың Иранның ядролық нысандарына шабуылынан кейін радиация деңгейінің жоғарылау белгілерін таппағанын хабарлады.

Айта кетейік, 22 маусымға қараған түні АҚШ әскерилері Иранның үш ядролық нысанына соққы берді. B-2 бомбалаушы ұшақтары Фордо зауытына он екі 13,6 тонналық бункерлік бомбамен шабуыл жасады және тағы екеуі Натанзға тасталды. Сүңгуір қайықтар Натанз мен Исфахандағы нысандарға 30 «Томагавк» зымыранымен шабуыл жасаған.

АҚШ президенті Дональд Трамп төтенше жағдайда Иранның уран байыту бойынша ең маңызды нысандарының жойылғанын айтты. Иран АҚШ-тың соққыларын растады, бірақ нысандардың айтарлықтай зақымданбағанын мәлімдеді. Ресей Сыртқы істер министрлігі АҚШ-тың Иранға жасаған соққысын айыптады.

Медет Зере

Тегтер: