Жобалар
Редакциямен байланыс
Жарнама
Бүгін, 11:47

Сарапшылар Ресей Украина жерлерін жаулап алуды екі есе жеделдеткенін мәлімдеді

украина
Фото: kaktus.media

Украиналық OSINT-жоба DeepState мәліметінше, қарашаның алғашқы аптасында Ресей әскері Украина аумағында 134 шаршы шақырым жерді басып алған.

Бұл қазан айындағы көрсеткіштен екі есе көп.

Немістің Bild басылымының әскери шолушысы Юлиан Рёпке жариялаған мақалада қараша айында Украина жерінің біраз бөлігінен айрылуы мүмкін екені жазылған.

Сарапшының болжамынша:

  • Ресейдің Днепр мен Запорожье сияқты ірі қалаларға жақындауы«1-2 жылдың немесе тіпті бірнеше айдың» мәселесіне айналуы ықтимал.

Рёпкенің айтуынша, жағдайды өзгерту үшін Украина немесе Батыс елдері стратегиялық ұстанымдарды қайта қарауы тиіс, әйтпесе Ресей «соғыс барысын біртіндеп өз пайдасына шешіп жатыр».

Ол сондай-ақ батыстық танктер мен бронетехниканың жеткізілуі Ресейдің оптикалық-талшықты жүйелердегі басымдығы аясында тиімділігін жоғалтып жатқанын атап өтті.

Шолушы Украина Қарулы күштері құрамындағы проблемаларға да тоқталады. Оның сөзінше:

  • көптеген сарбаздың қашуы немесе қызметте уақытша болмауы бригадалардың тек «қағаз жүзінде» ғана бар екенін көрсетеді;
  • ай сайын мобилизацияланатын 17 мың адамның нақты қайда орналасқаны белгісіз.

Бұл факторлар да майдандағы жағдайды қиындатып отыр.

Покровск және Харьков бағытындағы алға жылжу

Telegram-арна «Агентство. Новости» де DeepState деректеріне сүйене отырып, Ресей армиясының оңтүстік, Покровск және Харьков бағыттарында айтарлықтай жылжығанын жазады.

10-14 қараша аралығындағы көрсеткіш:

  • 72 км² – Запорожье, Херсон және Днепропетровск бағытындағы оңтүстік фронтта;
  • 42 км² – Покровск маңында;
  • 19 км² – Харьков облысының шығысында.

Бұл да қазан айымен салыстырғанда екі еседен көп көрсеткіш.

ISW: Ресей дрондар арқылы Украинаның логистикасын әлсіретті

АҚШ-тың Соғысты зерттеу институты (ISW) да Ресей әскерінің Покровск бағытындағы жетістігін түсіндіреді. Институт деректерінше, Ресейдің бірнеше айға созылған дрон шабуылдары Украина армиясының тылдағы логистикасына ауыр соққы болған. Тұман мен жаңбыр сияқты қолайлы ауа райы ресейлік әскердің шабуылдарын жасырып, алға жылжуына мүмкіндік берген.

ISW есебінде Ресейдің соңғы уақытта бүкіл фронт бойынша белсенділігі артқаны, әсіресе Покровск пен Гуляйполе бағытында қысымды күшейткені айтылады.

Тегтер: