16:12, 09 Қараша 2023
Сарқанда аса ауыр қылмыс жасады деген күдіктіге іздеу жарияланды
Жетісу облысында аса ауыр қылмыс жасады деген күдікке ілінген ер адамға іздеу жарияланды, деп хабарлайды Zhasalash.kz.
Жарияланған хабарламада күдіктінің суреті көрсетілген.
"Жоғары да көрсетілген азамат аса ауыр санаттағы қылмыстық құқықбұзушылық бойынша іздестіріліп жатыр!
Қандай да бір мәліметтер білген жағдайда Жетісу облысы ПД Сарқан АПБ Кезекші бөліміне 8(72839)2-15-30 , 87719787614 телефон нөмірлері арқылы дереу хабарласуларыңызды сұраймыз", - делінген хабарламада.