Жобалар
Редакциямен байланыс
Жарнама
09:09, 01 Тамыз 2024

Сәрсенбай Қотырашов Қазақстаннан Қытайға жаяу аттанады

d
Фото: World Nomad Games 2024

Марафоншы Сәрсенбай Қотырашов Қазақстаннан Қытайға жаяу саяхатқа аттанады.

Танымал саяхатшы және марафоншы Сәрсенбай Қотырашов шамамен 3000 шақырымды құрайтын үлкен жаяу сапарға шығады. Ол 2 тамыз күні Өскемен қаласынан шығып, күніне орташа есеппен 40 шақырым жүруді жоспарлап отыр. Саяхатшы өзінің үш айға созылатын сапарын 5-ші Дүниежүзілік көшпенділер ойындарына арнайтынын жеткізді.

«Мен өзімнің жаяу саяхатымды алдағы 5-ші Дүниежүзілік көшпенділер ойындарына арнаймын. Біз көшпенділердің ұрпағымыз және олардың бай мәдениеті мен мұраларын әлемге танытқым келеді. Мен Алтай және Моңғолия арқылы Қытайға дейін жетуді жоспарлап отырмын», - деді Қотырашов сапарға аттанар алдында.

Сапары барысында Сәрсенбай Оспанұлы көшпенді халықтардың мәдениеті мен дәстүрлерімен танысып, өз әсерлерімен және жаңалықтарымен әлеуметтік желілер мен медиа арқылы көпшілікпен бөлісуды жоспарлап отыр. Оның экспедициясы Орталық Азия көшпенді халықтарының бай тарихы мен мәдени мұрасын насихаттауға бағытталған.

Айта кетейік, Сәрсенбай Қотырашов - марафоншы, саяхатшы, шабыттандырушы тұлға. 2022 жылы ол 72 жасында еліміздің 17 облысын 6 айда 8000 км жолды жаяу жүріп өткені үшін Қазақстандатанымал бола бастады. 2023 жылы Атырау (Қазақстан) қаласынан Ыстамбұл (Түркия) қаласына дейін жаяу 3000 км қашықтықты бағындырды.