Сары құрлықта – көш ортасындамыз
Өткен аптада спорттың бірнеше түрінен Азия чемпионаттарықорытындыланды. Бұл 2020 жылғы Токио олимпиадасына іріктеудің соңғы дайындығыболғандықтан, отандастарымыздың нәтижесін қас қақпай қадағалап отырдық.
Көңілімізді көншіткен, үмітке жетелеген, сондай-ақ қатты ойландырған жайттаркөп болды.
Бокс: ізбасарлармықты, мықтылар ше?
Бокстан Азия чемпионаты Тайланд астанасы Бангкокқаласында өтті. Бұл Қазақстан ұлттық құрамасының жаңа бас бапкері ҒалымКенжебаев бастап барған алғашқы ресми жарыс еді. Дегенмен Кенжебаев мырзақұрамаға бірден төңкеріс жасаған жоқ. 52, 69 және 75 келі салмақ дәрежелеріндеекінші нөмірлі саналып жүрген боксшыларға мүмкіндік берді де, басқакөшбасшылардың бәрін додаға қосты.
49 келідеТеміртас Жүсіпов қола жүлде еншіледі. Ширекфиналда жарақат алып, қабағын жырып алған соң, дәрігерлер рұқсат бермеді.Дегенмен бұл салмақ дәрежесі құрама бапкерлерін көп ойландырады. Әлем чемпионатыныңқола жүлдегері Жомарт Ержан 2017 жылғы Азия чемпионатында жүлдеге іліне алмады.Теміртас жас боксшы емес.
52 келідеӘнуар Мұзапаров ширек финалда қырғыз АзатҮшенәлиевтен жеңілді. Ол да дәрігер шешімімен жарысты тоқтатты. Бұл Мұзапаровқатысқан алғашқы ірі жарыс еді. Бапкерлер құрамы ендігі жолдама таратылатынтурнирлерге Азамат Исақұлов екеуінің бірін немесе мүлде жаңа есім апаруы дағажап емес.
56 келіде әлем чемпионы ҚайратЕралиевтен күткеніміз көп еді. 2017 жылы ол шаршы алаң иесі МұратжанАхматәлиевке есе жібергенде, сәтсіздігін төрешілерден көрдік. Бірақ Бангкоктөрінде ол Кавиндер Сингх Бишттен (Үндістан) 2:3 есебімен ұтылды. Яғнитөрешілердің пікірі қақ жарылған. Бірақ Қайрат аса тәжірибелі боксшы, ол сәлбосаңсыса, таразы басының қарсы жаққа ауатынын жақсы біледі. Құрамада оныңорнына 52 келіден ауысқан Ілияс Сүлейменов көз алартып жүргелі біраз уақыт.
60 келідеЗәкір Сафиуллин күміс жүлдегер атанды. Финалдаол Азия ойындарының чемпионы Тсендбаатар Ерденебаттан жеңілді. Токиоолимпиадасында бұл салмақ дәрежесінде жүлде сарапқа салынбайды.
64 келісалмақта Санатәлі Төлтаев үшінші тұғырғакөтерілді. Жас боксшы ақырындап күшейіп, орнығып келеді. Алдағы олимпиадада 63келі салмақта жүлде сарапқа салынады. Санатәлі құрамадағы орнын нықтап алса,болашағына үмітпен қарауға болады. Азия чемпионатының жартылай финалында олтәжік боксшысы Баһадүр Усмановтан төрешілердің ортақ шешімімен жеңілді. Өзініңқарсыласынан әлсіздеу болғанын да мойындады.
69 келіде бірінші нөмірді боксшы болып Абылайхан Жүсіпов саналады.Бапкерлер құрамы Азия додасына АсланбекШымбергеновті алып барды. Шындығында, бокссүйер қауым қазақтың алтынсалмағында осы екі боксшының қайсысына іш тартарын білмей келе жатқандай. Екеуіде мықты, екеуі де тәжірибелі. Азия додасының ширек финалында Асланбек бұрынғықарсыласы Баба-Осман Батыровпен (Өзбекстан) жұдырықтасып жатып, қабағын жырыпалды. Шындығында, екеуі де қабақтан қан тамшылатып, дәрігер көмегіне жүгінді.Шымбергенов Батыровпен тең айқасып, тіпті басымдық танытып та жатқан-ды. АлайдаІІІ раунд басталғанда алаңдағы төреші Асланбекке бір ескерту берді. Осы ескертужекпе-жек тағдырын шешіп кетті. Батыров сүрінбеген күйі Азия чемпионы атанды,Шымбергенов жүлдеден тыс қалды.
75 келі салмақ дәрежесінде ТұрсынбайҚұлахмет Азия додасын бір деммен өткізді. Ол түрлі турнирлерде өзін де,Әбілхан Аманқұлды да жеңген Азия ойындарының чемпионы Исраил Мадримовты(Өзбекстан) 4:1 есебімен тұқыртты, жартылай финалдағы және финалдағы қарсыластарынқарқынды шабуылмен ә дегеннен-ақ тығырыққа тіреді. Бапкерлер құрамы бұлсалмақта күшті екі боксшыны қай жарысқа апарса да өкіне қоймайтын секілді.
Әділбек Ниязымбетов бокстан кеткен соң, 81 келі салмақ дәрежесі жетімсірепқалғандай еді. Бұл салмаққа Ерік Әлжанов та көтеріліп жүрді. Соңғы кездері Бек Нұрмағанбет жақсы таныла бастады.Азия чемпионатында Бек ешкімді тең келтірмеді.
91 келідеВасилий Левиттің сәтсіздігін кездейсоқтық депбағалағымыз келеді. Ол жартылай финалда кореялық Ким Хиң Кюді еркін жеңіпжатып, шешуші раундта бір емес, екі қатты соққысына түсіп қалды. Кю кейінфиналда өзбек боксшысы Санжар Тұрсыновты да қалауынша соққылады. Левит енді бойжинамаса, бокс әлеміндегі несібесінен кеш қалуы мүмкін. 2016 жылғы Риоолимпиадасының финалындағы әділетсіздік осы бір талантты боксшымызды ширықтырыпкеле жатқаны сөзсіз. Бірақ енді оған қателесуге болмайды.
Аса ауырсалмақта Қамшыбек Қоңқабаевтың жолын екі жылбұрынғыдай тағы да Баһадүр Жалолов (Өзбекстан) кесті. Бірақ финалда екі боксшыда жұдырықтасып жарытпады. Жалоловтың Қамшыбекті әбден зерттеп алғаныбайқалады. Сондықтан Қоңқабаев сол қолының ауыр соққысына сене бермей,тактикалық ізденістерге баруға тиіс.
Азия чемпионатын отандастарымыз 2 алтын, 2 күміс, 3 қолажүлдемен қорытындылады. Командалық бас жүлдені тағы да өзбек боксшылары (4алтын, 1 күміс, 2 қола) иеленді.
Әйелдер құрамасынан ешбір боксшымыз не алтын, не күмісжүлде ала алмады. Бұл да ойландыратын мәселе болуға тиіс. Үш жыл бұрынғы әлемчемпионатынан бір емес, үш қызымыз алтын тағынып еді. Содан бергі отыз алты айішінде барлық білігімізден айырылдық десек, тым сенімсіздеу болар еді.
Ауыратлеттер «жауыр» атлеттер ме?
Қытайдың Нинбо қаласында өткен Азия чемпионатынанзілтеміршілеріміз небары үш қола жүлдемен қайтты. Небары деп азырқанатындайжөніміз бар. Бұл сынға ұлттық құраманың бас бапкері Юрий Мельников сүтбетіндегі қаймақтарымыздың бәрін бастап барған-ды.
Олимпиада алтындарын қайтарып берген Зүлфия Чиншанло (55келі) мен Илья Ильинге (96 келі) қатты қарайладық. Олардың олимпиада чемпионыатақтарынан айырылуы спорт әлеміндегі ең үлкен әділетсіздіктердің бірі депөзімізше топшылағанымыз да шындық. Тау көтерген Толағайдай мықтыларкүдік-күмәннің бәрін быт-шыт қылып, бұрынғы сән-салтанатымен ортамызда жүредідегеніміз әншейін үміт секілді.
З.Чиншанло Нинбо төрінде төртінші орынмен шектелді. Олқоссайыс қорытындысында 194 ұпай (84+110) жинады. Бұл бес жыл бұрынғы нәтиженіқойғанда, былтырғы әлем чемпионатындағы көрсеткіштен де төмен. Естеріңіздеболса, Зүлфия екі жыл айып мерзімін өтеп, былтырғы қарашадағы дүние додасынақатысқанда, 213 ұпай (93+120) алған еді. Бұл жолы жұлқи көтеруде -9, серпекөтеруде -10 келі аз көтеріп отыр. Демек, Чиншанло нәтижесі күн санап жақсарыпемес, кері кетіп бара жатыр. 2014 жылы Алматыда өткен әлем чемпионатына ол 53келі салмақ дәрежесінде қатысып, 98 және 134 келілік (әлем рекорды)зілтемірлерді міз бақпай көтерген еді.
И.Ильин бұл жолы Азия сынына қатыспаса, Токиоолимпиадасынан мүле үміт үзер еді. Бұған дейінгі олимпиадаға қатысу ұпайындинайтын екі турнирден ол тыс қалды. Қалған төрт жарыста да бақ сынап, үздікнәтижелерінің қосындысы арқылы ғана Токиоға ұмтылуға болады. Бірақ Нинбодағыалғашқы талпыныстан түк шықпады. 345 ұпай (160+185) бесінші орынға тұрақтауғағана мүмкіндік берді. Өзіңіз ойлай беріңіз, әлем рекордын қатарынан жаңартыпжүрген кездері Ильин бір ғана серпе көтеру бағдарламасында 240 келілікзілтемірді тік көтеріп жүрген-ді. Қазіргі көрсеткіші содан 55 келі аз…
Азия сыны Қазақстан ауыр атлетикасының шалажансар күйдеекенін растады. Олимпиада чемпионы Нижат Рахимов жарақатына байланысты мүлдеөнер көрсеткен жоқ.Рио олимпиадасының қола жүлдегері Фархад Харки (62 келі)тіпті тоғызыншы орында қалды. Айзада Мүптілдәнің (87 келі) – бесінші, СелімханӘбубәкіровтің (109 келі) жетінші көрсеткіші ешкімді қанағаттындырмасы белгілі. Арли Чонтей (55 келі), Денис Уланов (81 келі), Раушан Мешітханова (81 келі) қоладанолжа салып, көңілді сәл демеді.
Токио олимпиадасында зілтеміршілерімізге үлкен сенімартудың жөні бар ма? Спортшылары допинг қолданған ел ретінде бізге небары екіорын берілуі мүмкін. Тіпті өткен жылғы тағы бір допинг дауынан кейін Қазақстанауыр атлетика федерациясының басына үйірілген бұлт қайта қоюлана түсті. Әлемчемпионатының қола жүлдегері Надежда Лихачеваның (71 келі) допинг-сынамасы оңнәтиже бергені туралы ақпарат болды. Халықаралық ауыр атлетика федерациясыныңталабы бойынша, құрама мүшелерінің бірі допингпен қайта ұсталса, бүкіл құрамаолимпиададан шеттетіледі. Лихачеваның күмәнді сынамасы осы талап қабылданғансоң белгілі болды. Демек, сұрақ көп, жауап аз…
Балуандардасерпіліс бар ма?
Күрес түрлерінен Азия чемпионатын бұл жолы Сиан (Қытай)қаласы қабылдады. Бірден айтайық, еркін күрес балуандарының жүлдесі қомақты.
70 келі салмақта НұрқожаҚайпанов ешкімді шақ келтірмеді. Іріктеу кезеңі мен жарытай финалдаайтпағанда, Қайпанов финалдағы қарсыласы Кожиро Шиганы (Жапония) соқыр ұпайұстатпай жеңді – 9:0.
Ал өткен жылы Бішкекте өткен құрлық біріншілігінде қола жүлдеалған Данияр Қайсанов бұл жолы жеңістұғырынан көрінді. Ол төрт белдесуде қарсыластарына бір ғана ұпай берді,финалда үнді балуаны Амит Кумарды 5:0 есебімен жеңді.
СаятбекОқасовтың (57 келі) күміс жүлдесін, Ғалымжан Өсербаев (79 келі) мен Әлішер Ерғалидың (97 келі) қола медальдарын да азырқанбақ емеспіз.
Грек-рим балуандары құрлық сынын бір күміс, алты қолажүлдемен қорытындылады. Әлем чемпионатының қола жүлдегері Мейіржан Шермаханбет (67 келі) финалда екі дүркін әлем чемпионы РюХан Сюге (Оңтүстік Корея) жол берді. Қорлан Жақанша (55 келі), Демеу Жадыраев(72 келі), Тамерлан Шадукаев (77 келі), Мақсат Ережепов (82 келі), АзаматҚұстыбаев (87) және Дамир Күзембаев (130 келі) үшінші орынға ие болды. Бір жылбұрынғы Азия чемпионатында қазақ балуандары екі алтын, екі күміс, үш қола алғанеді. Бұл жолғы нәтиже одан әлдеқайда төмен.
Әйелдер арасында да ешбір отандасымыз топ жара алған жоқ.50 келіде Валентина Исламова, 55келіде Мария Седнева қола тұғырғакөтерілді.
Жеңілатлеттер бір алтынды қанағат тұта ма?
Қатар астанасы Доһада өткен Сары құрлық сынындаотандастарымыз бірнеше ел рекордын жаңартты, жақсы нәтиже көрсетті. Бір алтын,төрт күміс, үш қола жаман нәтиже емес. Бірақ командалық есепте көш бастағанБахрейнмен (11 алтын) шендесу әзірше мүмкін емес.
100 метрге жүгіруде ОльгаСафронова маусымның үзік көрсеткішін, өзінің жеке рекордын жаңартып (11.17секунд), чемпион атанды. 200 метрлік сында ол тағы да жеке көрсеткішінжақсартқанмен, бахрейндік Салуа Ейд Нәсерді алға жіберіп алды. 400 метрлікжарыста да осы Нәсер біздің ЕлинаМихинаның алдын орады.
Михаил Литвин400 метргежүгіруде қола жүлде еншіледі. Ол көрсеткен 42.25 секунд – Қазақстанның жаңарекорды.
Маргарита Мұқашева800 метрлік қашықтықты үшінші орынмен түйіндеді. Ал ядро серпуші Иван Иванов 19.09 метркөрсеткішпен қола жүлдегер атанды. Аделина Ахметова (400 метрге кедергілерменжүгіру) жеке көрсеткішін жылдамдатқанмен, бесінші орында қалды – 57.92 сек.
Қазақстан әйелдер құрамасы (Рима Кашафутдинова, Елина Михина, ОлтгаСафронова және Светлана Голендова) 4х100 метрлік эстафетада мәре сызығынҚытайдан кейін кесіп, күміс иеленді.
2017 жылы Үндістанда өткен Азия біріншілігінде жеңілатлеттерміз төрт алтын алған еді. Бұл жолғысы төрт есе аз…
Есалы Өстемір