Сарыағашта алтын ұрлаған қойшы ұсталды
Түркістан полицейлері алтын бұйымдарды ұрлаған қойшыны ұстады. Бұл туралы Түркістан облыстық Полиция департаментінің баспасөз қызметі хабарлады.
Сарыағаш аудандық Полиция басқармасына жергілікті тұрғын әйел арызданған. Оның айтуынша өзінің тұрғын үйіне белгісіз біреулер кіріп, жатын бөлмеде тұрған алтын бұйым әшекейлерін жымқырып кеткенін айтқан. Жәбірленушіге келтірілген шығынның көлемі 400 000 теңгені құрады.
Аталған жайтты полиция қызметкерлері «ұрлық» бабы бойынша тіркеп, іздестіру жұмыстарын бастап кетті. Нәтижесінде сарыағаштық полицейлер тәулік ішінде күдікті ер азаматты анықтап полиция бөліміне жеткізді.
Белгілі болғандай, күдікті ер азамат жәбірленушінің қойшысы болып шықты. Әйелдің үйінен шығып кеткенін көрген қойшы өз арам ойын жүзеге асырған. Қазіргі таңда қолды болған әшекейлер толықтай заңды иесіне қайтарылды. Сондай-ақ тәртіп сақшылары күдікті ер адамға қатысты тергеу амалдарын жалғастыруда. Әшекей бұйымдарының табылғанына қуанған тұрғын полицейлерге алғысын айтып, жұмыстарына сәттілік тіледі.