Сарыөзекте 169 әскери бомж бар

22.01.2019, 23:49

340

Жемқорлыққа белшеден батқан Қорғаныс министрлігінің шенділері отставкаға кетсін! Алматы облысындағы Сарыөзек әскери гарнизонының бұрынғы қызметкерлері генералдарға осылай деп үндеу жасады. Талай жылдарын еліміздің қорғанысына арнаған зейнеткерлер қазір басыбайлы баспанаға жете алмай отырғандарын айтады. Жауаптылар пәтер бермек түгілі талай жылғы еңбектің өтемақысын да төлегісі келмейді деп ашынып отыр. Бұл туралы Алматы облысындағы Жас Алаш тілшісі Ербол ІЛИЯС хабарлайды.«Құрметті Қорғаныс министрі, генералдар, депутаттар! Соңғы мерзім1-майға дейін. Біз сіздер сияқты алдамаймыз, егер әскерилер сөз берсе айтқандарында тұрады. Жұмысқа бірде -бір адам шықпайды.Өздері әскер қатарына келесіздер.Содан кейін анау «бездельник» балаларыңыз әскери киім киіп, отанды қорғайтын болады»,- дейді Қайрат ЖҮНДІБАЕВ. Шенділерге шарт қойған Сарыөзек гарнизонының бұрынғы әскери қызметкерлері  баспанадан тарығып отырғандарын айтады. Базынасын жауаптыларға жеткізгісі келгендердің еңбек өтілі 20 жылға толмаған екен.  Сол себепті қызметтік пәтерлерін жекешелендіре алмай отыр.  Мұндай зейнеткерлердің саны елімізде 700-ге жуықтаса, соның 169-ы Сарыөзек әскери гарнизонында қызмет еткен.«Мен өзім 50 ден асып кеттім қазір. 50 ден асып, ертең өле қалсам 2 балам далада қалады ғой. Менің еткен еңбегімді өкімет неге төлемейді? Жекеменшік үй қажет біздің басымызға. Үйді 2 балама тастап кетпесем олар далада қалады ғой»,- дейді әскери зейнеткер Қарлығаш СЫДЫҚОВА. «Қазір квартира беріп жатыр бізге обмен жилья деген. Ол «остаточный» сома. «Остаточный» сома емес министрлік бізге оны сатып жатыр. Маған Алматыдан пәтер ұсынып отыр,  29 миллион. Оны мен қашан төлеп бітем. Менің ондай шамам жоқ. Өтемақы берсін оданда. 10 миллион бере ма, 7 миллион бере ма, берсін, біз үйді босатып береміз. Бізге де бала-шағаға бірдеңе қалдыру керек. Біз өкіметке сонша жыл өмірімізді бердік, денсаулығымыздан айрылдық», — дейді әскери зейнеткер Серік НҰРҒАЙЫПОВ.Заң бойынша үкімет зейнеткерлерге 90 шаршы метрден кем болмайтын пәтер беруі тиіс болған екен. Алайда, әскерилер  тұрып жатқан қызметтік баспанамыздың көлемі 52 шаршы метрден аспайды, деп отыр. Қызметтік пәтер болған соң, оны да ертелі-кеш қайтаруы тиіс. Талай жылғы еңбегімізді елеусіз қалдырып,  құр алақан шығарып салғаны әскери сала басшыларына сын  дейді ашуға булыққандар.«15 миллиардты қорғаныс министрлігі жеп қойды. Сәкен ЖАСҰЗАҚОВ МИНИСТР болған кезде үндемедік. Жақында Отарда 400 миллион теңгені жеп қойды коррупциямен.  7 офицер ұсталды. Сол ақшаларға пәтел алып беруге болар еді ғой», — дейді  Қайрат ЖҮНДІБАЕВ. Бұл мәселеге орай Қорғаныс Министрлігінен арнайы өкіл келген екен. Жауапты маманның сөзінше, еңбек өтілі 20 жылға жетпей жұмыстан шығып қалған зейнеткерлерге өтемақы төлеу мәселесі заңда қарастырылмаған. Олар үшін тек баспананы ауыстыру мүмкіндігі бар екен.«Осы уақытқа дейін зейнеткерлердің мәселесі қаралмаған. Парламентте өзгерістер енгізіліп жатқан кезде зейнеткерлерді қорғайын деп пәтер алмастыруды енгізгеміз. Бұл мәселені біз қараймыз. Бұл қазір ғана басталып жатқан нәрсе. Әр зейнеткердің өз сауалдары бар ғой солардың бәрін жұмыс тобын құрып қарастырамыз», — дейді ҚР Қорғаныс министрлігі әскерилерді баспанамен қамту басқармасының бөлім басшысы Бауыржан ЗЕКЕНОВ.Зейнеткерлердің сөзінше, әскери салада баспанадан бөлек өзекті мәселелердің қатары жетіп артылады. Алайда, барлық проблемаға көз жұмып қарайтын жауаптылар оны шешуге асығатын емес. Сол себепті, елдегі әскерилер ортақ келісімге келіпті. Қабылданған шешім бойынша қордаланған мәселелерге қатысты ешқандай жауап болмаса әскерилер мамыр айынан бастап жұмысқа шығуын тоқтатпақ.Фотолар автордікі.
Тегтер:

ҰҚСАС ЖАҢАЛЫҚТАР

Сайт әкімшілігі 20.08.2020, 12:13
Су тазарту қондырғыларын жасап шығарады
Сайт әкімшілігі 13.08.2020, 13:15
"Доғарыңдар, ұрмаңдар!". Беларусьте сәрсенбі күні де наразылық акциялары жалғасты
Сайт әкімшілігі 13.08.2020, 10:40
Қазақстанда бір күнде 517 адамнан коронавирус инфекциясы анықталды
Сайт әкімшілігі 12.08.2020, 20:00
Қазақстан ресейлік коронавирус вакцинасын толық сынақтан өтпейінше сатып алмайды
12.08.2020, 11:29
Қазақстан Ресейдің вакцинасын әзірге алмайды – ҚР ДСМ
Сайт әкімшілігі 12.08.2020, 10:48
Орталық клиникалық госпиталь соңғы науқасты шығарып салды

Аңдатпа


  • Ораловтың барында...
    06.06.2023, 10:17
  • Ұстағанның қолындағы, тістегеннің аузындағы қазақ ураны
    06.06.2023, 09:46
  • Жалған кәсіпкерлер, алаяқ аналар
    06.06.2023, 09:00
  • Өзбекстан қай жолды таңдады?
    02.06.2023, 10:15
  • Жұманғариннің жиналыстары. Бас шұлғитын әкімдер, орындалмайтын тапсырмалар
    01.06.2023, 10:11