Жобалар
Редакциямен байланыс
Жарнама
08:09, 04 Тамыз 2020

Сарысулықтар асарлатып үй салуда

Сарысулықазаматтар аз қамтылған отбасыларға асарлатып баспана салып беруде. Мұндайбелсенділік ауданның бірнеше ауылдық округтерінде қолдау тауып отыр.

Қазірдіңөзінде аудандағы кәсіпкерлердің демеушілігімен бірнеше үйдің іргетасы қаланып,қабырғалары тұрғызыла бастады. Бұл бастамаға кәсіпкерлермен қатар ауылтұрғындары да өз үлестерін қосуда.

«Қайырымдыіс-шарадан тыс қалғысы келмеген кейбір ауыл азаматтары өздерінің қолынан келгенкөмектерін ұсынуда. Атап айтсақ, бірі есігінің алдына тасын әкелсе, келесісіқұмы мен топырағын түсіріп берген. Ал енді бірі цементін әперіпті.Есік-терезесі мен тақтайын да әкеліп беріп жатқандар бар. Тұрғын үйдіңқабырғасын көтеру үшін ауыл тұрғындары кезектесіп келіп, асарлатып кірпіш қаласуда.Бүгінгі таңда Жаңатас қаласындағы коммуналдық меншіктегі тұрғын үйлерден пәтералуға 1807 азамат кезекке тұр. Оның 4-еуі жетім, 164-і көпбалалы ана, 918-іәлеуметтік жағынан әлсіз топтағылар, 720-сы бюджеттік мекеме қызметкерлері. Біразаматтың үйі апатты жағдайда деп танылған. Ал биылдың өзінде пәтер кезегіне206 адам тіркелсе, түгендеу жұмыстары барысында 523 азамат кезектен шығарылды.Үстіміздегі жылдың 22 маусымында облыс әкімі Бердібек Сапарбаевтың төрағалығыменөткен аппараттық кеңесте халық саны мыңнан асатын елді мекендерде тұратынбаспанасы жоқ отбасылар анықталып, оларға асар тәсілімен тұрғын үй салу қолғаалынған еді. Осыған сәйкес аудандағы Түркістан, Жаңаталап, Тоғызкент жәнеЖайылма ауылдық округтерінде баспанасы жоқ отбасыларға асарлатып тұрғын үйсалып берілуде»,- дейді аудан әкімдігінің баспасөзге жауапты маманы ДарихаҮмбетиярова.Оның айтуынша, Жаңаталап ауылдық округінің тұрғындары тарапынан бір жалғызбастыанаға тұрғын үй салып беру үшін біраз қаржы жиналған. Қазіргі таңда ол үйдіңқабырғасы қалануда. Ал Тоғызкент ауылдық округінде көпбалалы анаға ауылақсақалдары мен кәсіпкерлер өздерінің көмек қолдарын созып, көмектесудіұйғарған. Қазіргі таңда ауыл жастарынан құрылған бригада ол үйдің ішкіқабырғаларын сылап, еденіне бетон құйып, жылу жүйесін жасау үстінде. Түркістанауылдық округіндегі көпбалалы анаға жаңа үйдің іргетасы қалануда. Жайылмаауылдық округінде де осындай жұмыс таяу күндері қолға алынбақ. Осылайша ауылазаматтарының күшімен аз қамтылған, көпбалалы 4 отбасыға үй салып берілмек екен.

 

Тегтер: