Жобалар
Редакциямен байланыс
Жарнама
10:28, 14 Ақпан 2024

Сәтбаев қаласының әкімі ірі көлемде пара алғаны үшін ұсталды - БАҚ

Ұлытау облысы
Фото: из открытых источников

Әлеуметтік желілерде Ұлытау облысында жоғары лауазымды басшылардың бірі ұсталғаны жөнінде ақпарат тарады. 

Алдын ала мәлімет бойынша, Шапағат Әубәкіров мердігерден 10 миллион теңге алған.

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі 10 млн теңге көлемінде пара алған кезде Сәтбаев қаласының әкімі ұсталғанын растамайды да, жоққа да шығармайды.

Әкім Әубәкір Шапағат 1983 жылы дүниеге келген, 2006 жылы әкімдікте жұмыс істей бастаған – экономика және бюджеттік жоспарлау бөлімінің бас маманы.

2021 жылдың қарашасынан бастап Сәтбаев қаласы әкімінің орынбасары қызметін атқарды. 2023 жылдың 23 қаңтарында қала әкімі қызметін атқарды.