15:24, 25 Маусым 2024
Сәтқалиев энергетика кәсіпорындарының қарызға батқанын айтты
Үкімет отырысында ҚР Энергетика министрі Алмасадам Сәтқалиев қазақстандық энергия өндіруші ұйымдардың қарызға батқанын айтты.
Энергия өндіруші ұйымдардың "ҚазТрансГаз-Аймақ" АҚ алдындағы қарызы 24,6 млрд теңгені құрайды. Сондай-ақ энергия өндіруші ұйымдардың "Богатырь-Көмір" ЖШС алдында 6 миллиард теңгеден астам қарызы бар. Энергетика кәсіпорындары қарызды өтеуді жеделдету керек, - деді Сатқалиев.
Сонымен қатар ол электр желілерінде жалпы ұзындығы шамамен 20,8 мың км электр жеткізу желілерін, 423 жоғары вольтты қосалқы станцияларды күрделі жөндеу керектігін айтты.
Айта кетейік, бұған дейін Индустрия және құрылыс министрі Қанат Шарлапаев жылу электр станцияларының (ЖЭО) әбден тозығы жеткенін айтқан болатын.
Оқи отырыңыз