Сәтқалиев: Қазақстан бірыңғай уақыт белдеуіне ауысқаннан кейін Ресейден электр энергиясын көп сатып алмады
Уақыт белдеуң өзгергеннен кейін Қазақстан Ресейден артық электр энергиясын сатып алған жоқ. Қазақстанда жаңа қуаттардың іске қосылуы, керісінше, Ресейден сатып алынатын көлемнің төмендеуіне ықпал етіп жатыр, деп мәлімдеді энергетика министрі Алмасадам Сәтқалиев Алматы тұрғындарымен кездесу барысында.
Бұл туралы "Власть" басылымы жазды.
"Жоқ, біз уақыт белдеуінің өзгеруіне байланысты үлкен көлемдегі электр энергиясын сатып алудың ешқандай байланысын көрмейміз. Тұтыну көлемі энергетика нысандарын жөндеу есебінен ғана өсті. Қазір біз Ресейден электр қуатын сатып алудың, соның ішінде жаңа қуаттарды іске қосу есебінен азайып отырғанын көріп отырмыз", - деді Сәтқалиев.
Алматыдағы жағдай туралы айта келе, Энергетика министрлігінің басшысы бүгінде шамамен 2 гигаватт болатын электр қуатының тапшылығы барын мәлімдеді. Дегенмен, тұтынушылар оны сезінбейді, себебі ол импорт есебінен және жақында 770 мегаватт электр энергиясын өндіретін жаңа қуаттардың енгізілуімен қамтылған.
Сәтқалиев Алматыдағы электр энергиясының мәслелерін электр желілерінің 90 пайызы тозғанымен байланыстырады.
"Тиісті жоспар бар, кабельдерді кең көлемде ауыстыру және қосалқы станцияларды орнату жұмыстары жүргізіледі. Биыл 200 шақырым электр желісі қайта жаңғыртылды, келесі жылы тағы 230 шақырымды қайта жаңғырту жоспарланған", - деді министр.
Айта кетейік, Тоқаев 23 желтоқсанда Энергеика министрін қабылдап Қазақстандағы атом электр станциясының құрылысын жеделдетуді тапсырған.