Жобалар
Редакциямен байланыс
Жарнама
17:07, 14 Мамыр 2021

Сатпаевтағы бұзақылыққа қатысқандар сотталды

None
None

Былтырғы жылы 24 шілдеде Сатпаев қаласында болған  жаппай бұзақылыққа қатысқандарға байланысты сот үкімі шықты.

Бұл іс  Қарағанды қаласындағы кәмелеттік жасқа толмағандар ісі жөніндегі сотта қаралған болатын.   Айып тағылған 55  күдіктінің арасында 6 әйел адам бар. Оның ішінде он адам  ешқайда кетпеу туралы қолхат жазып беріп, үй қамақта отырған еді. Қалғандары тоғыз айдан бері қамауда. Олардың барлығына Қылмыстық кодексінің  " Жаппай тәртіпсіздік " және " Билік өкілдеріне қысым көрсету " бабы бойынша айып тағылған. Айыптаушылардың барлығы сол түні қыз баланы іздеуге шыққандарын, бұзақылыққа қатысуға ниеттерінің болмағанын мәлімдеген.  Күдіктілер  ішінде Сатпаев қаласы тұрғындары мен қоса студенттер мен волонтерлер де  бар. Күдіктілер кінәларын мойындауға қатысты процессуалдық келісімге қол қойған, яғни олардың кейбірі қылмысын толық мойындаса, енді бірі  жартылай мойындаған. Сот үкімімен бұзақылық жасаған 9 айыпталушы үш жылға бас бостандығынан айрылды. 44 адамға  4 жыл шартты түрде жаза кесілді. Сондай — ақ тағы екі күдіктіге бір жарым жыл шартты жаза берілді.Еске сала кетсек, былтырғы жылы 23 шілдеде Сатпаев тұрғыны кішкентай бүлдіршінді ұрлап әкетіп зорлық көрсеткен соң, топтасқан бірнеше адам түнде жаппай бұзақылық көрсеткен. Бұл түнде бірнеше полицияның және жергілікті тұрғындардың көлігін бұзақылар қиратып,  жағып жіберген. Полиция қызметкерлерінің арасында соққыға жығылғандары да бар. Ал балаға зорлық көрсетті деп айыпталған ер адам бірнеше ай өткен соң түрмеде өз өзіне қол жұмсап көз жұмған. Бала ұрлауға және зорлыққа  қатысы  бар деген басқа  екі күдіктіге қатысты сот өтіп жатыр.

Тегтер: