Жобалар
Редакциямен байланыс
Жарнама
15:45, 06 Желтоқсан 2024

Сауалнамаға қатысқан әрбір бесінші қазақстандық шетелге көшуді ойлайды

1
Фото: pixabay.com

 Сауалнамаға қатысқан әрбір бесінші қазақстандық шетелге көшу туралы ойлайды, деп хабарлайды DEMOSCOPE қоғамдық пікірге экспресс-мониторинг бюросы.

 

«2024 жылдың 13 қарашасы мен 24 қарашасы аралығында DEMOSCOPE қоғамдық пікірді экспресс-мониторинг бюросы қазақстандық азаматтар арасында сауалнама жүргізді», - деп хабарлады авторлар.

Осы уақыт ішінде Астана, Алматы, Шымкент қалалары мен Қазақстанның 17 облысында 1100 адам сауалнама жүргізілген. Сауалнамаға 18 жастан асқан 47,4% ер адамдар және 52,6% әйелдер қатысқан.

Әрбір бесінші азамат (21%) елден кетуді ойлайды. Олардың ішінде: алдағы 2-3 жылда 6,9 пайызы елден кетуге ниетті, 5,6 пайызы жоспары барын, бірақ әлі көшуге мүмкіндігі жоғын айтса, 8,4 пайызы белгілі бір жағдайларға байланысты көшуді жоспарлап жатқанын айтқан.

Қазақстаннан басқа елге қоныс аударудың басты себебі – табыстың төмендігі мен болашаққа сенімсіздік екені белгілі болған.

Сарапшылар көшуге деген ұмтылыс респонденттердің жасына байланысты екенін айтады. 18 бен 29 жас аралығындағы адамдардың 25%-ға жуығы көшу туралы ойлайды, ал 30 жастағылар арасында бұл көрсеткіш 30%-ға жетеді. 

Қоныс аударудың себептері жоғары жалақы (24,5%), өзінің және балаларының болашағының болмауы (23,9%) жақсы жұмыс табу ниеті (14%).


«Жастар көбінесе сапалы білім алуға және өзін-өзі дамытуға жағдай жасауға талпынады, ал орта және одан жоғары жастағы топтар өздерінің және балаларының болашағының жоқтығына алаңдауды», - делінген зерттеуде.

Қазақстандықтардың басым бөлігі АҚШ (7,7%), Ресей (6,2%), Еуропа елдері (5,1%), Түркия (4,6%) және Канада (2,6%) сияқты елдерге қоныс аударуды ойлайды. 

Ресми деректерге сүйенсек, кейінгі екі жылда Қазақстанда сыртқы көші-қонның  динамикасы байқалды – елге келгендер кеткендерге қарағанда көбірек. Ұлттық статистика бюросының мәліметі бойынша, 2024 жылдың алғашқы үш тоқсанында Қазақстанға тұрақты тұру үшін 20 мыңнан астам адам келсе, елден  – 10,2 мың адам кеткен. 

Шетелге кеткендердің арасында сұранысқа ие техникалық мамандықтары бар мамандар (1,2 мың адам), экономистер (589 адам), мұғалімдер (385 адам), сәулетшілер мен құрылысшылар (261 адам), заңгерлер (170 адам) бар.

Тегтер: