Жобалар
Редакциямен байланыс
Жарнама
12:49, 01 Ақпан 2022

Сауатсыздық па, әлде жауапсыздық па?

None
None

Қазақта Абай жалғыз! Дүниежүзінде ондай ғұламалар сирек. Күні кеше ғана  175 жасқа толғанын ел болып атап өттік.

Бұрындары Абай тындағы педагогикалық университетінің қас бетінде үлкен әріптермен анықтап тұрып жазылып тұрушы еді. Қазақтың тұңғыш жоғары оқу орны. Қазақтың Абай атындағы ұлттық педагогикалық университеті кейінгі кездері осы сөздер алынып тасталған. Жерде:  абай университеті,(кіші латын әріптермен жазылған) баспалдақпен көтерілгенде қолтоқпақтай Абай мүсіні қарсы алады. Неге біз егемен ел бола тұра, өз асылымызды ардақтай алмаймыз?

Жоғарыдағы текстегі сөздерді орындарына қойып, университет алдына Абай данамызға еңселі еркерткіш қойылуын талап етеміз.

Абай атындағы университеттің 60-шы жылдардағы түлегі 55 жылдық еңбек өтілі бар, еңбек ардагері, Ы.Алтынсарин медальдарының иегері, Алматы облысы Сарқан ауданының  Құрметті азаматы

Мырзахан Қабасов

Тегтер: