Сауд Арабиясы мен БАӘ-ден 800-ден астам қазақстандық елге жеткізіледі
Таяу Шығыстағы жағдайдың шиеленісуіне байланысты Қазақстанның Көлік министрлігі Азаматтық авиация комитеті арқылы отандастарды елге қайтару және эвакуациялау жұмыстарын жалғастырып жатыр.
Бүгінгі ресми мәліметке сәйкес, негізгі жүктеме ұлттық әуе тасымалдаушы Air Astana мен Fly Dubai әуе компанияларына түсіп отыр.
Сауд Арабиясынан Қазақстанның батыс өңірлері арқылы екі арнайы рейс ұйымдастырылды:
Жидда – Ақтау – Алматы бағыты бойынша A320 ұшағы,
Жидда – Атырау – Алматы бағыты бойынша сыйымдылығы үлкен A321 ұшағы.
Бұл екі рейстің жалпы жолаушы сыйымдылығы 332 орын.
Сонымен қатар Біріккен Араб Әмірліктерінен де эвакуациялық рейстер жүзеге асырылады. Fly Dubai компаниясы үш рейс жоспарлаған:
екі рейс Алматыға,
бір рейс Астанаға.
Бүгін Дубайдан барлығы 506 адамды жеткізу жоспарланып отыр.