Жобалар
Редакциямен байланыс
Жарнама
09:52, 17 Қазан 2019

Сәуле ЖАНПЕЙІСОВА: Ешкімнің жаманатты болғысы келмейді

– Сәуле апай, сізді іздесек, бұрын консерваториядан табатын едік. Соңғыжылдары «ұстатпай» кеттіңіз.

Жеке мектебіңізді аштыңыз, фестиваль ұйымдастырдыңыз.Осы іс-шаралар жөнінде, бәлкім, таратып айта кетерсіз?

– Шынымен де, соңғы бірнеше жыл қауырт шаруаларға толы жәнеең бастысы, жемісті болды. Биыл жыл басынан бері бүкіл Қазақстанды аралап шықтым,барлық облыс орталықтарында болдым. Балалардың «Аманат-muzic» деген фестивалін өткіздім.Бұдан бірнеше жыл бұрын алғаш рет өткізгенде төрт аталым бойынша болған, биылалты аталым болды, бес жас пен 21 жас аралығындағы балалар қатысты. Үш кезеңнентұратын фестиваль. Бірінші кезеңінде облыстар бойынша Гран-при мен 1-орын алғанбалаларды іріктеп, Алматыда маусымда республикалық деңгейде ұйымдастырдым. Үшіншікезеңді халықаралық деңгейде өткізуді ойлағанмын. Сол үшін Еуропаның біразелдеріне барып келдім. Бұйыртса, алдағы жылдың көктеміне жоспарлап отырмын. Соғандемеуші тауып, біраз жұмыстар істеуім керек.

– Ол үшін шетелдердегі қазақтар арасында байқау ұйымдастырып, үздіктердііріктеп шақырасыз, солай ма?

– Иә. «Өнерлі балалар бар ма екен, жалпы, қандай күйдеекен» деп, соны көріп қайттым ғой. Бұрын гастрольмен барамыз, үлкендерді көремізде қайтамыз, ал жастарды білмейтінбіз. Түркияның қазақтар ең көп шоғырланған,Стамбулдағы Зейтін-бұрын ауданында болдым. «Қазақ» қоғамы және оның бесқабатты үлкенкеңсесі бар екен. Бүкіл мәдени, тұрмыстық, қоғамдық-көпшілік шараларын сонда өткізетінкөрінеді. Өздерінің сұрауы бойынша, аудандық әкімшіліктің үлкен акт залындажеке концерт бердім. Құрбан айт кезі еді. Ол жан-жаққа шашылып кеткен, бүкілЕуропадағы қазақтар қайтқандарына құран оқытып, үлкендеріне сәлем беріп, Стамбулғажиналатын уақыт екен. Ал Парижде көп адам таппадым. Бірақ біздің елден балаасырап алған француздар қай жерде қазақтардың бірдеңесі өтіп жатыр деп естісе,балаларын сонда алып жүгіреді екен. Менің домбырамен ән айтуды он күнде үйрететінқысқа курсым бар, сол бойынша шақырған. Бірақ мен он күнге емес, бір аптағабардым. Одан кейін Германияда Кельнде болдым. Ол жерде Болат Атабаев тұрғылықтықазақтардан біраз адам жинап берді. Үш күн сабақ өткіздім. Қазақтың балаларыкеремет алғыр ғой, домбыра тартуды үш күннің ішінде тәп-тәуір үйреніп алды. Бірқиыны, қазақтың тілін білмейді, немісше сөйлейді екен. Германия мен Францияданкейін, Түркия өз ауылың сияқты болып қалады екен. Түріктердің тілі де, түрі де өзімізгежақын. Жан-жағың толған қазақ. Небір жақсы-жайсаңды көріп, көңілім өсіп қайтты.

– Бірнеше жыл бұрын «Аманат» дәстүрлі өнер орталығын ашып едіңіз. Оның жайықалай?

– Биыл онда-мұнда сапарлап жүріп, мектебіме көп көңіл бөлеалмадым. Бірақ мұғалімдерім бар. Келген балаларды дайындап жатыр, біразбалаларымыз конкурстарға қатысып, лауреат болды, Гран-при алғандары дажетерлік. Домбыра, жетіген, фортепьяно, вокал сыныптары жұмыс істейді, биылактерлік өнер мен ұлттық би класын аштық. Негізінен, мектеп оқушылары қатысады,ал Астанадағы мектебімізге орта жастағы кісілер, тіпті 60-тан асқан апалар дакеліп, домбыраны, ән айтуды үйреніп жүр.

– «Алатау» театрының ашылуы осы сала өкілдерінің талай жылғы арманыныңжемісіндей болып еді. Сол үміттеріңіз қаншалықты ақталды?

– Өзіммен-өзім болайын деп, Астанадан мектеп ашуғадайындалып жатқанда Алматыда «Алатау» театры ашылатын болып, соған шақырды. Бұлөзі әуел бастан менің идеям болатын. «Бізге бір орталық керек, дәстүрлі өнердіңөзінің бір шаңырағы болуы тиіс» деп қанша жылдан бергі айтып келе жатқанбыз. Сөйтіп,2016 жылы қыркүйекте осы театр ашылды. Ол кезде қаланың әкімі – БауыржанБайбек. Алғысымызды жаудырып, қуанышымыз қойнымызға сыймай мәз болдық. Ашылусалтанатына орай, үлкен концерт өтті. Ол өзі Алатау ауданының бұрынғы мәдениет үйіболатын. Содан «Ары қарай не болады, қалай болады?» деп директор қызға барсақ,«Мен ештеңе білмеймін. Арызыма қол қойып берсе болды, кетемін» деп отыр. Елдіңбәрі не болады деп менен сұрайды, мен дым да білмеймін, мені тек шақырды, өлеңайттық, бітті. Сосын, қалалық мәдениет басқармасына барып жолығып едім, «өзіміздіңжоспарларымыз бар» деді. «Е, онда жарайды. Жоспарларың болса жақсы екен. Еңбастысы, әйтеуір, ашылды ғой. Маған қызметтің керегі жоқ. Ішінен бір кабинетберіңдер, класымды ашайын» дедім. Сөйтіп, кабинет берді және үйірме ұйымдастырудытапсырды.

     Ол кездеайналада түк жоқ, ештеңе салына қоймаған. Қаланы аралап жүріп жан-жақтанбалалар тарттым. Жұмыс жайлап жүре бастады. Директордың міндетін уақытша біржас жігіт атқарып жүрді. Артынша директорлыққа Берік Жүсіпов келгенде «дәстүрліөнердің өз өкілі ғой» деп қуандық. Сөйткен Берігіміз бірден театрды тазалауғакірісіп, қызды-қыздымен бір жылдың ішінде 80 адамды жұмыстан шығарды. Ол, әрине,көпшіліктің наразылығын тудырды. Арыздан арыз, тексеруден тексеру. Әбден шаршапкеттік. Жиналыс болады дейді, барам. Әлгілерге айтам: «Айналайындар-ау, кішкенешыдасаңдаршы. Қанша жылдан бергі арманымызға енді қол жеткізіп жатырмыз ғой,сабырлы болыңдар», – деп. Аяғында бір күні «мұнда үйірме жұмысын жүргізугеболмайды, бұл біздің жарғымызға қайшы» деп, мені де шығарып жіберді. «Театрдыайқайлап жүріп аштырып едік, ешқандай жұмыс жоқ, іші қаңырап тұрған тұрысыанау, ал менің кішкентай балалармен қаңғырып жүрген жүрісім мынау. Бұл қалай?»деп шу көтерсем болар еді, бірақ өзді-өзіміз бет жыртысып жатуға ұятымжібермеді. Сол маңайдан бір кабинетті жалға алып, жұмысымызды қайта жандандырдық.

– Ал «Алатау» не болды?

– «Алатаудың» жанынан күнде өтемін. Сол баяғы қалпы, өзгерісатымен жоқ. Берікті басшылықтан кетірген. Өткенде Берік, Рамазан, Нұржан төртеуіміздібір бағдарламаға шақырды. Аталған театрдың жай-күйі туралы әңгіме қозғалып еді,«өйттік», «бүйттік» деп, Берік сол жердің директоры сияқты сөйлеп отыр. Тағысол: «Бізге мемлекет қарамайды, көңіл бөлмейді» деген әңгіме. Сосын, мен киіпкетіп: «Айналайын-ау, қашанғы осы сөзді айта береміз? Қарады деген сол емес пе,театрды қолымызға берді ғой. Сен соны не істедің? Бір орталық бола ма деп едік,болды. Бірақ, міне, әлі күнге басымыз қосылмай жүрген жоқпыз ба? Енді кімге өкпеартамыз?» – дедім. Сөйтсем, «Біз мектебін шығарып жібергенбіз. Бұл кісі соған өкпелі»дейді. «Ол жерде менің мектебім бола ма, болмай ма, оған қарап тұрған ештеңе жоқ.Дәстүрлі өнердің ханбазары іспетті болуға тиісті ғимарат неге қаңырап тұр, соныайтшы» десем, «ел дәстүрлі өнерді керек етпейді, халық келмейді, жастарбілмейді», әлен-пәлен деген әңгіме айтады. Ал жастарды сол жерден қуып шықса,олар оны қайдан біледі, қалай барады?! Менің ғана мектебім емес, неге бәрініңмектебін ашпайды? Байбосынованың, Шүкімановтың, Стамғазиевтің мектебін ашса, оғанкім «қой!» деді?! «Сені жырау дейді. Ал баяғыда жыраулар алқа-қотан отырыпжырламаушы ма еді, сосын, оны балалар маңайында жүріп тыңдап, құлақтарына құйыпалмаушы ма еді?! Содан талабы бар баланы ортаға шығарып айтқызып, тәрбиелемеушіме еді дәстүрге? Ал сен тәрбиелеймін деп отырған адамды «тәрбиеленемін», «дәстүрліөнерді үйренгім келеді» деп келген баламен қосып сыртқа тептің. Сонда бұл қалай?!»дедім. Мардымды жауабы жоқ, не десін енді?!

Осы театрдың жағдайын айтып, қалалық мәдениет басқармасыныңбастығымен тілдесейін десем, алдына кіре алмай-ақ қойдым. Аталған театр ашылғалыбергі үш жылда қалалық мәдениет басқармасында төрт басшы ауысты. Мен соның алдыңғыүшеуіне де барғам. Олар жағдайды түсінеді, «айтып отырғаныңыздың бәрі дұрыс»дейді. Бірақ, айналып келгенде, сөздері өтпей ме, неге нәтиже шықпайтынын түсінбедім.

– «Алатауда», жалпы, неше адам бар? Кімдер жұмыс істейді?

– Әнші, күйші, биші, актер, режиссер, редактор,сценарист, пиар-менеджерлер, жалпы, шамамен 200-дей адам бар. Театр қалалық әкімшілікесебінен қаржыландырылады. Директордың міндеті бір жігітке уақытша жүктелген.Ол да, көркемдік жетекшісі де дәстүрлі өнердің иісі мұрнына бармайтын адамдар.Режиссерлердің бірі кетеді, бірі келеді. Театр ашылғалы бергі үш жылда қойылғаны– «Жамбыл» деген жалғыз спектакль. Сонда бұл қандай театр?! Театр емес бұл,одан да дәстүрлі өнер орталығы деп қоя салу керек еді. Қаншама рет барыпайттым, «Репертуарлық жоспар деген қайда? Әртүрлі даталы мерекелерге арналғаншаралар неге жоқ?» деп. Ара-тұра кештер, әлдебір концерттер болып жатады. Бірақоны «Алатау» театры ұйымдастырмайды. Басқа біреулер келіп өткізеді, «Алатау»залын тек жалға береді, бағасы удай.

– Сізден басқа да дәстүрлі өнер өкілдері, белгілі өнерпаздар бар ғой. Бұлжағдайды олар неге айтпайды? 

– Оларға бұл керек емес. Бәрінің жұмысы бар. Әр жерде мұғалімболып істеп жатыр. Концерттерге барып келеді. Ортақ бір чат бар. Мен соған өткендежаздым: «Мына театрымыз не болып кетті? Аштық та, сол бойы тастадық па? Елден ұятболды ғой» деп. «А-а, солай ма, біз білмейді екенбіз, араласпаймыз» деді де, қойдыбәрі. Ешкім жаманатты болғысы келмейді. «Сен тимесең, мен тимен».

     Мен жүргенкезде соның ішінде Жүрсін Ерман да болған. Бірақ театр бір рет айтыс өткізгенемес. Сонда айтыскерлерді не үшін, кім үшін ұстап отыр?! Мен сонда болғанда бірконцертке бардық. «Біздің әртістерімізді ешкім танымайды ғой, сіз халыққабелгілі адамсыз, бізбен бірге концертке барып келіңізші» деді. «Қай жер?»десем, «Іргелі» дейді. Алматының түбі ғой. Отыз әртіс бардық. Залда 15 адамотыр. Сонымен тынды, ары қарай гастроль болмады. Ал енді не дейсің осыған?!

– Біз әдетте өнерді де, өнер адамын да пендешіліктен ада, таза әлем ретіндекөреміз. Бірақ майда тірліктер, дау-дамайлар сол ортада неге көп болады?

– Сананы тұрмыс билеген заман қазір. «Отырған орнымызданайырылып қаламыз», «жеп жүрген нанымыздан қағыламыз» дейді де, кез келгенжауырды жаба тоқиды. «Жаны ашымастың қасында басың ауырмасын» демекші, бізде қазір«өзіме жақсы болса болды» деген түсінік басым. Шүкір, қазір, мысалы, менің өзімежақсы. Ешкімге бағынышты емеспін, «жұмыстан кешігіп қалдым» немесе «мына есебімдұрыс болмай қалды» дегендей қарбалас жоқ менде. Әнімді айтып, халқыммен жүздесіп,бәлен айда алатын жалақымды  бір-екіконцертімнен шығарып жүре беремін. Бірақ бұл өзіме жақсы болғанымен, өнерге, өнердіңболашағына қиянат қой.

     Кезінде, яғнисонау өткен ғасырда дәстүрлі өнерпаздарды ел-елден, жер-жерден шақырып, театрашты. Бара-бара ол опера театрына айналды да кетті. Ал біз, дәстүрлі өнер, солбейшара қалпымызда қалдық, «театр» дегеніміз Алматының шет жағындағы Алатаудейтін ауданда, «айдалада ақ отау, аузы-мұрны жоқ отау» болып қаңқиып тұр. Рас,ішінде талантты қыз-жігіттер жүр. Соларға жұмыс істетіп, театрды гүлдендіретін,жанын жалдап, «әй, мен осыны көркейтейінші» дейтін адам бар ма?! «Енді кімкелейін деп жатыр?» деп сыр суыртпақтасақ, дәстүрлі өнерге үш қайнаса сорпасы қосылмайтынбіреулерді атайды.

    Үш жылда менсоның сахнасына үш-ақ рет шығыппын. Осы енді ақылға сыя ма? Ол деген қыз-қыз қайнап,әнші, күйші, оркестрлер думандатып жататын берекелі, мерекелі орталық болуғатиіс емес пе?!

– Соңғы жылдары республикалық деңгейдегі дәстүрлі өнер байқаулары да сирепбара жатқан сияқты, әлде жарнамасы аз ба?

– Өтіп-ақ жатады. Әміре Қашаубаев, Жүсіпбек Елебеков, Ғарифолла,Мұхит, Кенен, құдай-ау, кім өтпей жатыр! Конкурс дегеннен көп нәрсе жоқ қазір.Мәселе сонда, көпшілігі – бір реттік шаралар. Жер-жерден барып қатысады, бәленбайлауреат болады, ары қарай не істейді? Ана жақта бір конкурс болады екен десе,соған барып қатысады, тағы біреуі өтсе, оған да барады, сонымен болды, жүреді. Алмен «осы театр басымызды қосатын, жақсы идеялар туындайтын, ішіміздегі дүниелеріміздісыртқа шығаратын, халықты дәстүрлі өнермен сусындататын іргелі орталық болады ғой»деп ойлағанмын. Ал енді осыны кімге барып айтамыз, кімнен көмек сұраймыз?!Білмеймін.

Мен ауыл-ауылға барғанда «әншілерден кім келді?» деп сұраймын.Баратындар: Заттыбек, Роза Әлқожа, Роза Әлқожаның інісі. Ал мемлекеттік өнер ұжымдары– филармониялар, «Қазақконцерт» қайда?! Бақсам, бұлар шетінен шетелге шығуға құмар.Яғни өз еліміздің рухани сұранысын қанағаттандыра алмай жатып шетелді жарылқағымызкеледі. Оған, мысалы, қаншама қаржы кетеді?!

– Ал ірі өнер ұжымдарының барғанына, өнер көрсеткеніне ауыл халқы қазір зәруме?

– Жоқ, зәру емес. Халыққа қазір ештеңе қажет емес. Өйткенірухы өліп қалған. Бірақ солай екен деп, мейлі, ұйықтап жата берсін деуімізкерек пе? Оятуымыз керек қой. Мысалы, мен барғанда, шыны керек, халықтыконцертке әкімшілік күштеп алып келеді. Ал келгеннен кейін ана халықтың ханкөбелекойнағанын көрсең ғой! «Айналайын-ай!» дейді. Мен ән айтқан сайын әрқайсысы тұрыпсөйлейді. «Сен сияқты өнер адамдары неге келмейді біздің ауылға?» дейді. Кейдеадам жинауға әкімшілік көмектеспейтін ауылдарға да барамын. Іле ауданындағысондай бір концертке 30 адам келді. Әлгі 30 адамға мен тікемнен тік тұрып екісағат концерт бердім. Сонда жаңағы халық орнынан тұрып: «Айналайын, Сәуле,кешір. Біздің ауылымыз ұйықтап жатыр», – деп кешірім сұрады. Ал енді сол жақсыма? Мен сол ауылға халық менен кешірім сұрасын деп барамын ба?! Жоқ. Мен халықтырухани байытып, көңілдерін көтерейінші деп барамын. Ал олар ондайды көптен берікөрмеген ғой. Сонда «сіздердің ауылға соңғы рет кім келді?» деп сұрадым. Кімкелгені тіпті естерінде жоқ. Тағы бір ауылда елдің өзі айтты, алпысыншы жылдарыдеді ме, «Роза Бағланова келген, тірі әртісті содан кейін көріп тұрғанымыз осы»деп.

Роза Бағланова демекші, сол кісілер кезінде «Қазақконцертпен»бүкіл Қазақстанды аралады. Өзіміз де бала күнімізде соларды көріп өстік, біздіңауылымызға да келді солар. Ал қазір ауылға кім барып жатыр?! Елдің бәрінің қарайтыны– тек теледидар. Ал теледидарда Тұрсынбек Қабатовтан басқа кім бар?! Міне, бізосылайша халықтың деңгейін тым төмендетіп жібердік. Осыған байланысты шынайы өнермен кәсіби өнерпаздың да жолы байланып тұр.

– Әңгімеңізге рақмет.

Сұхбаттасқан Роза РАҚЫМҚЫЗЫ

Тегтер: