«Саяси партиялар туралы» заңға енгізілген өзгерістер туралы

Партия құру үшін «төменгі шектің» 40 мыңнан 20 мыңға қысқаруы
Турасын айтар болсақ, бұл өзгеріс тіркелмеген партиялардың тіркелумүмкіндігіне еш әсер етпейді.
Яғни, «төменгішектің» 40 мыңнан 20мыңға азаюы айтарлықтай маңызды емес. Егербұл санды 5 000-ға немесе Қазақстан енді ғана егемендігіналып, тәуелсіз ел болып қалыптасып жатқан 1993 жылдардағы заңға сай 3000 адамғадейін қысқартқан болса, онда либералдық қадам жасалды деуге болар еді. 180миллиондық халқы бар Ресейді мысал ретінде алар болсақ, ол жақта партиянытіркеу үшін 500 мүшесінің ғана болуыжеткілікті. Ал құрылтайшылардың съезін өткізу үшін небәрі 100 адам ғанажеткілікті. Бізде съез өткізу үшін 1000 адам болуы шарт. Сондықтан азаматтық қауымның пікірі бойынша, еліміздепартия құруға қатысты ешқандай өзгеріс жасалмады деуге болады. Сол баяғытіркеуден өту қаншалықты қиын болса, сол күйі қиын болып қалды.
1. Партия құружүйесін либералдау үшін төменде көрсетілген өзгерістер жасалуы керек:
1. Тіркеуді бастау үшін өтінім беру процедурасы. Біздің ойымызша, тіркеубастамасын көтеру үшін, 2019 жылдың 20 маусымына дейінгі заңға сай, бастамашылтопта 10 адамның болуы жеткілікті. Әріқарай: а) Әділет Министрлігіне онлайн хабарлама жіберу. б) 100 адам қатысатынсъез өткізу, жарғыны, бағдарламаны және басқарманы бекіту, тіркеуге өтінімберу. Содан кейін кем дегенде 3000 адамның қолын жинау туралы міндеттену.
2. Аймақтардағы өкілеттік бойынша шарттарды жеңілдету. Қазіргі таңдағыақпараттандыру дәуірінде бұл шарт аса маңызды рөлге ие емес. Тіпті корпоративтікбизнесті жүргізу тәжірибесі көрсеткендей, бүгінгі таңда адамдармен көзбе-көз сөйлесіп, бүкіл Қазақстанды шарлаудың керегі шамалы. Оның үстіне аймақтарда филиал ашу жәнеоны жүргізіп отыру үлкен қаржылай шығынды қажет етеді. Біздің есебіміз бойынша,Заңның талаптарын орындау үшін, белсенді қызмет көрсетпегеннің өзінде партияныңбүкіл филиалдарын ұстап отыру үшін кем дегенде айына 20 млн теңге керек. Бұл сомакез келген коммерциялық емес қоғамдық ұйым үшін өте үлкен қаржы.
3. Партияны қаржыландыру мүмкіндін есепке ала отырып заңды қайта қарауқажет. Қазіргі күні заңда партияны тек қана партия мүшелерінің жарнасы менмемлекеттік гранттардан басқа көздер арқылы қаржыландыру қарастырылмаған. Бұлдегеніміз, партиялар априори билікке деген оң көзқарасына тәуелді жағдайғадушар болып отырғанын көрсетеді. Демек бұл шарттар аясында партиялардың биліккеқарсы ұстанымын білдіруі мүмкін емес.
Қорытындыласақ:
1. Тіркеуге өтінім берген партияның «төменгішегін» 5мыңға дейін азайту
2. Партияны тіркеу процедурасын қайта қарау
3. Филиалдары болу шартын жеңілдету
4. Партияны қаржыландыру шартын либералдау
5. Партияны тарату шартын либералдау
Сайлау турыл заң
Әйелдер мен жастарға квота бөлу туралы бастаманы қолдаймыз. Сеьебі бұлжағдай олардың Мәжіліс пен мәслихатта орын алуына оңынан әсер етеді. Алайда бұлжерде айта кетер маңызды жайт, сайлау тізімі 100%, осы сайлаудан соңэлекторалды кезеңде тек жарнама үшін қатысқан емес, мәжіліс пен мәслихатта нақты жұмыс жасайтынүміткерлерден құралуы тиіс. Өткен сайлауда мұндай мысалдар өте көп болғаныбарлығымызға аян.
Бұған қоса сайлау жүйесін өзгерту үшін қайта қарау керек деп санаймыз:
1. Мәслихатқа тек партия тізімібойынша сайлау жүйесінен бас тарту. Мәслихатта бір мандатты және өзін ұсынғанөкілдердің болуы өте маңызды. Сондықтан бұл кезеңде 5050 жүйесінің болуыкерек: партиялық тізім бойынша және мажоритарлық жүйе бойынша.
2. Мәжіліс пен мәслихаттанорын алу үшін көрсетілген төменгі сайлау шегін азайту. Бұл көрсеткіш 3%-дан аспауы тиіс. Ал қазіргі таңда бұл 7%болып тұр. Ресейде — 5%.
3. Президентлауазымына үміткер болған кісілердің сайлауға қатысу шарттарын қайта қарау: Ең жоғарғы жас шамасын төмендету (70 жасқадейін), ҚР-да соңғы қанша жыл тұрғандығы мен мемлекеттік құрылымдарда жұмы