Жобалар
Редакциямен байланыс
Жарнама
12:38, 31 Наурыз 2022

Саяси қуғын сүргін құрбандарын еске алу әр өңірде жалғасып келеді

None
None

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев саяси қуғын сүргін құрбандарын ақтауға қатысты 2020 жылы 24 қарашада «Саяси қуғын-сүргін құрбандарын толық ақтау жөніндегі мемлекеттік комиссия туралы» Жарлық шығарған болатын.

Осыған сәйкес 11 өңірлік комиссия құрылып, жұмыс жүргізуді бастап кетті. Бұл мәселеден мектеп оқушылары мен ұстаздар да қалыс қалмады. Атап айтсақ, Кентау қаласындағы 10 орта мектептің 6,7,9,10 сынып оқушылары С.Қожанов ескерткіш тақтасы алдында жиын өткізіп, оқушылар өлең шумақтарын оқыған еді. Артынша 1 минут үнсіздік жариялап, аруақтарға арнап Құран бағыштады. Дәл осындай шаралар Шығыс Қазақстан, Оңтүстік Қазақстан, Батыс Қазақстан мектептерінде де өткізілді. Бұл бастамадан еліміздің әр өңіріндегі университеттерінің ұстаздары мен стаденттері де қалыс қалмады. Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев айтқандай саяси қуғын сүргін құрбандарын толық ақтау жөнінде ақпарат бере келіп, «Қазақ халқына – мың алғыс»монументтерінің орнатылғанын, тарихи әділдікті қалпына келтіру мақсатында саяси қуғын сүргін құрбандарын ақтауға қатысты арнайы комиссия құруды тапсырған еді. енді құрылған комиссиялар қандай жұмыстар атқарып жатыр дегенге келсек, жыл басында дін өкілдері де атсалысып, арнайы шара өткізіп келеді.

Қазақ тарихының қаралы күніне жататын 1931-1933 жылдар Қазақстанның аймағын толық шарлаған қуғынға, аштыққа ұшыратып қана қоймай, қазақ шаруашылықтарын жаппай күштеп отырықшыландырғаны біз үшін ұмытылмас кезең. Әрине, өзіміз көзбен көрмей, бастан кешпесек те, арғы ата-бабамыздың естен кетпес зұлматты жылдарды бастан кешуі кімге де болсын оңайға түспейді. Ал қазақ өлкелік комитетінің 706 мыңдай көшпелі шаруа қожалықтарын отырықшыландыруды көздеген жоспары Кеңес одағы бойынша 80 пайызды ғана құраған. Ал оны шамадан тыс белгіленген жоспарды іске асыру үшін үкімет тарапынан 60 миллионнан астам қаржы жұмсау белгіленген болатын. мұндай қомақты қаржы ауыл шаруашылығы несиесінен, қаржы мемлекет бюджетінен және жергілікті халық қаражаты есебінен қаржыландыруды көздеп, Қазақстанды әкімшіл-әміршіл тәсілмен  большевиктік басшылық саясаты көшпелі және жартылай көшпелі қазақ ауылдарын күштеп, отырықшыландыруға жаппай көшірді. Осылайша, еліміздің әлеуметтік-экономикалық, ұлттық ерекшеліктерін ескермей жасалған отырықшыландыру қазақ халқын ашаршылыққа ұрындырды. Сол себепті, қуғынға ұшырағандар ата-қаныстарын тастап, елден ауа жаппай көшуге мәжбүр болды. Алғашқы кезеңдерде отырықшыландырылған аудандарды дайындау мәселесінде округтік комитеттен бастап, республикалық комитеттер назар аудармай, тек қағаз жүзінде ғана жоспарланған жұмыстарды жүргізген көрінеді. Ал қазақ үкіметі белгіленген мөлшердегі шаруашылықтарды орналастыру мақсатында Гурьев округінде 1 мың, Ақтөбе округінде тоғыз мың сегіз жүз шаруа қожалығынотырықшыландыруды жоспарлаған. Сондай-ақ 1930-1931 жылдары Егіншілік халық комиссариатының ұсынысымен Гурьев округіндегі атқарылмаған істерге қайта жоспар жасап, Атырау округі бойынша 1 мың, Ақтөбе округі бойынша 5,3 мың, Орал округібойынша 11,1 мың шаруа қожалықтарын отырықшыландыруды көздеген. Атап айтар болсақ,  батыс аймақтардағы жерге орналастыру жұмысы бойынша  атқарылған жұмыстардың барлығы 1930 жылы жарамсыз саналып, қанағаттанарлықсыз деген баға берілді. Соның ішінде Гурьев округінің Бақсай ауданында мелиорациялауға қатысты болар-болмас шаралар жүргізілсе, Ақтөбе округінің Ырғыз, Ойыл, аудандарында іске кіріскен мелиорациялау экспедициаларының жұмыстары ешқандай сынға шыдамайтын сапасыз еді. Сондай-ақ Мұғаджар, Ақтөбе аудандарында жерге орналастыруға қатысты жұмыстарға алғашқы қадамдар жасалса, Қобда ауданында ешқандай іс-қимылдар тіптен қолға алынбаған. Мелиорация экспедициясы өз міндеттеріне немқұрайды қарағандығы соншалық, ол отырықшыланатын жерлердегі су көздерінің бар-жоқтығына да көңіл аудармаған болып шықты. Ал кей жағдайда экспедиция жоспарланбаған жерлерде су қорларын жасаған болды. Жаллы жерге орналастырумен айналысқан басқарма қызметкерлері міндеттерін орындауға атүсті қарап, тек жалаң бұйрық деп түсінген. Ал мелиорация жұмыстарын жүргізу арнаулы мамандарға тікелей байланысты болғандықтан,  жергілікті oргандар олардың келуін Алматыдан не Москвадан күтті. Халық комиссарларының кеңесі болса, аталған шешімге Ақтөбе округтік комитеті бюджетінен 10 мың сом, Гурьев округтік комитетінен 3 мың сом бөлінген. Үкіметтің жоғры кеңесіне сәйкес, ауылколхозбанктің өлкелік кеңесіне қоныстанушы адайларға жаңа егін орағына дейін азық-түлік көмегі үшін 10 мың, қоныстандыру басқармасына өз бюджетінен қайтарымсыз 16 мың сом белу міндеттелді. Әрі осы қоныстандыруды нақты жоспарлы түрде іске асыру үшін маман кадрларды тарту мәселесі де қозғалған. Жалпы республика ішілік қоныс аударуда шaрyашылықтарды тасымалдау үшін үкімет осы жылға 115 мың сомдай қаржы бөлуді жоспарлап, көшпелі шаруа қожалықтарын қоныс аударy ici округ iшінде де жүргген. Мәселен, Торғайдан Қарабалыққа көшірілген шаруашылықтарға басшылық еткен Торғай аудандық комитеті халыққа алдын ала ескертпестен, колхозға жазып, қоныс aуларатындарын ертесіне ғана айтқан. Бірақ мұндай күштеп отырықшыландыру сәтсіз аяқталып, 200 шаруашылықтың 56-сы көшіп, қалғаны кері қайтып кеткен. аудандардың отырықшыланатын матреиалдық-техникалық базасы жасалмай, күштеп отырықшыландыру сол кездегі қандай буындағы болмасын басшылықтың жұмыс жасау тәсілі болатын. Жоғарыдағыдай сәтсіз фактілер тек Гурьевта ғана емес, әр округта кездесiп отырған. Мәселен,  Ақтөбе округіндегі жағдайға келсек, үкімет мүшесi Шалыхманов ерекше бір көріністің куәсі болған. Ол Ақтөбе ауданындағы Херсен ауылынан шыққан көшпелі шаруашылықтардың 34 шаруашылығының жиырмасы еріктілер, ал қалғаны күштеп отырықшыландырған халық екеніне көзі жеткен. Сол күштепкелгенг отырықшылар бәрібір шыдамай, соңында орнығуға қолайсыз жерлерден қашып кеткені мәлім болған. Дәл осы секілді жағдайлар басқа да округтерде кездесіп отырған. Жүйесіз, сәтсіз отырықшыландыру мәселесінің сәтсіздігінің барлығы бұл мәселеге жауапты адамдар мен өлке басшылықтарының жауапсыздығынан, өз міндеттеріне немқұрайлы қарағандығынан айналып келгенде, қарапайым халық жапа шекті. Шындығында отырықшыландыру мәселесімен айналысқан басшылардың арасында қабілетсіз, өз ісіне жауапты қарамайтын мамандар айналысқан. Ал олардың салғырттығынан, өз жұмыстарын міндеп деп санамағандықтан, кәсіби емес кадрлардың кесірінен халық қолындағы малынан, баспаналарынан айырылып,  ашаршылыққа ұшырап, халықтың жағдайымүшкіл тартып, жағдай қиындай бастады.  Соның салдарынан, елімізде жаппай көшу болып, халық босқынға ұшырап, шетелдерге ауа көше бастады. Босқыншылап, бас сауғалап кеткен халық елімізге іргелес бірқатар мемлекетке көшкен. Бұл жөнінде тарихшы ғалым Т. Омарбеков босқыншылап, қоныс аударғандардың көбісі Самаға шоғырланғанын айтады. Оның ішінде екі мың отбасы Большеглущинскийге, бір мыңы Соль Илицкіге, сегіз жүзі Илексіге, алты жүзі Оренбургқа, бір мыңы Орынборға, төрт жүзі Каширинскийге, төрт жүзі Петровскийге босып кетіп, сол жақтарда шоғырланған.  Өз міндеттеріне салғырт қараған олқылықтарынан басқа мемлекетке, жерге босып кеткен халықтың ішінде қырылып кеткендері де қаншама. Бүгінде сол ашаршылықтың құрбандары мен қуғын-сүргін құрбандарын толық ақтау мақсатында биыл Ел Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев бастама көтеріп, арнайы комиссия құру арқылы көптеген шараларды жүзеге асырып келеді.

Тегтер: