Кеше, 10:42
SCAT әуе компаниясының Ақтөбе–Алматы рейсінде жолаушы қайтыс болды
SCAT әуе компаниясының Ақтөбе–Алматы бағыты бойынша ұшқан рейс кезінде бір жолаушының жағдайы кенет нашарлап, қайтыс болды. Компания хабарлауынша, оқиға ұшақ көтерілгеннен кейін біраз уақыт өткен соң орын алған.
Бортсеріктер дереу алғашқы медициналық көмекті көрсетті. Ұшақта кардиолог болған, ол да реанимациялық шараларға қатысқан. Алайда жолаушының жағдайы тез нашарлап кеткен. Экипаж командирінің шешімімен ұшақ шұғыл түрде кері бағытқа бұрылып, Ақтөбе әуежайына қонды. Ұшақ жерге қонған соң, әйел жедел-жәрдем бригадасына тапсырылды.
Медициналық мекемеде дәрігерлер оның қайтыс болғанын растады. Қазіргі уақытта марқұмның жеке басы мен жағдайының кенет нашарлау себебі анықталып жатыр.