12:19, 27 Қаңтар 2021
Сегіз өңір қызыл аймаққа енді
Қазақстанда коронавирустың таралу көрсеткіші бойынша сегіз өңір "қызыл" аймақта.
Денсаулық сақтау министрлігі елдегі "қызыл", «сары» және «жасыл» аймақтар туралы жаңартылған ақпарат жариялады.
"Қызыл" аймақта бұрынғысынша Нұр-Сұлтан, Алматы, Ақмола, Атырау, Батыс Қазақстан, Қостанай, Павлодар, Солтүстік Қазақстан облыстары орналасқан.
«Сары» аймақта — Қарағанды облысы.
Қалған барлық өңір «жасыл» аймақта.
COVID-19 бойынша эпидемиологиялық жағдайды бағалау матрицасына сәйкес, Қазақстан да "қызыл" аймақта орналасқан.
Еске салайық, кейінгі тәулікте 1397 адам коронавирус жұқтырғаны анықталды.
