Жобалар
Редакциямен байланыс
Жарнама
12:30, 20 Мамыр 2023

Сейдахмет Бердіқұловтың 90 жылдығына арналған бильярд турнирінің жеңімпаздары анықталды

None
None

Алматы қаласында қазақ спорт журналистикасының негізін қалаушы, журналист, жазушы Сейдахмет Бердіқұловтың 90 жылдығына арналған БАҚ өкілдері арасындағы бильярд турнирінің жеңімпаздары анықталды.

64 адам бақ сынаған турнирге жоғары ұлттық дәрежедегі төреші Несіп Жүнісбайұлы қазылық етті. Жарыстың ашылу салтанатында ол Сейдахмет Бердіқұловтың 90 жылдығы биыл күзде Республика көлемінде аталып өтетінін айтты.«Мен Сейдахмет Бердіқұловты Қазақстандағы №1 журналист деп санаймын. Ол табиғи жазушы, керемет редактор болды. Оның идеялары кабинетіне сыймай, сыртқа шығып жататын. Ағамыз 61 жыл ғұмырында артына өшпес дүниелер қалдырды. Мен Ақпарат министрі Дархан Қыдырәліге хат жазған едім, ол кісіден «биыл күзде Сейдахмет Бердіқұловтың 90 жылдығы республика көлемінде атап өтіледі» деген жауап келді», — деді Несіп Жүнісбай.

Сейдахмет Бердіқұловтың 90 жылдығына арналған бильярд турнирінің жеңімпаздары анықталды

Жарыс қорытындысына келер болсақ: Бас жүлде (500 мың теңге) – «Шу өңірі» газетінің бас редакторы Ерғали Қартайған,І орын (300 мың теңге) – «КТК» телеарнасының тілшісі Ерланби Сенкебаев,II орын (200 мың теңге) — Жазушылар одағының мүшесі Нұртас Тұрғанбек,III орын (100 мың теңге) — Коллаж жасаушы Ильяс Сарсеевке бұйырды.Жақсы ойын көрсеткен ардагер журналистер Аян Нысаналин, Қайнар Олжай, Несіп Жүсіпбай, Тұрмағанбет Кенжебаев, Жақыпжан Нұрғожаевтар алғыс хат және 50 мың теңге көлемінде ақшалай сыйлықтармен марапатталды.

Айта кетейік, іс-шараны «Жас Алаш» республикалық газеті ұйымдастырды.

inform.kz

Тегтер: