Сейсебай

Сенбіболатын. Жай сенбі емес, сенбілік еді. Бұған дейін Алматының әр бұрышында көшіпқонып жүрген бүкіл баспалар жаңадан салынған, Абай даңғылының бойындағы 143-үйгежақында көшкен.
Содан бері апта сайын сенбілік. Сенбілік сайын түс ауа Баспаларүйінің жанындағы “Салют” кафесіне жиналамыз. Біздің бүгінгі айтпақ хикаямыз осыдәмханадан басталады.
…Қаспен көздің арасында бір екі мес толардай сыраны сарқып тастап, табанымыз қызғансоң қойын қалтаға тығып әкелген бір екі жарты арақты кафе “ханшайымы” “төтЗинаның” көзін ала бере кім үшінші, кім төртінші саптыаяғына қосыңқырап жіберіп,мұртымыз өрге шаншылып, жоқ олай емес, мұртты енді мала берген сәт бастығымызяки редакция меңгерушісі Молдажан Тұрсынғазин ағамыз да жетті, бұл жолы жалғыз келмейжанына бір кісіні ерте келіпті. Ығысып төрді босаттық. Жүзі таныс. Орта жастағы,мол пішілген, қазан бас қара қазақ екен, алып денесін оп оңай ойнатып әбжілқимылдайды. Дереу Молдағаңның алдындағы күлсалғышты шетке алып, осы сыраханаашылғалы бері, бәлкім одан да арғы кезеңдерден осында тұрған, бәлкім “төт”Зинаның өзімен жасты жағал-жағал жасанды гүлді бір иіскеді де көрші столға апарыпқойып келді. Сөйтіп біздің астан-кестен дастарханымыздыжылан жалағандай жылтырап шыға келді. Мұнысы бізге ерсі көрінді.
–Жігіттер, танысыңдар, бұл Сейсебай Сәрезов деген ағаларың, бұйырса біздіңредакцияның аға редакторы болады. Бұйрық дүйсенбіде шықпақ. Қаресекте тұрадыекен. Пропискасы қалалық болмаса да бастық аламын деп шешті. Бізге осы Сейсекеңсекілді тәжірибелі редактор керек екенін білесіңдер ғой, әйтпесе таяқ лақтырсаңжас ақынға тиеді. Бұрыннан да естулерің бар шығар, Сейсекең прозаик. Былтыр“Атамекен” деген повесі жабық бәйгеде екінші орын алды. Молдағаң көзініңастымен баршамызды бір шолып өтті.
–Арғы беттен қарғып өткен қу болдың ғой, ә? – деді әп-сәтте қызып қалған ақынағамыз Жұмамұрат Құбағұлов Сейсекеңе тігіліп,- Наймансың ба, Албансың ба?
Аттыңсыры иесіне мәлім, дастархан басында міндетті түрде біреуге тиісіп отыру прозаиктердеАсқар Сүлейменов, ақындарда біздің Жұмекеңнің қашаннан қанына сіңген әдеті. Оғанетіміз үйренген, елемейміз. Біз дегеніміз баспаның жас қызметкерлері. Ақарыспоэзия бөлімінің редакторы, Жанарыс кіші редактор, мен сын бөліміндемін. Асылы,Жанарыстың шын аты Жаңабек. Жұмағаң “Бектің ескісі не, жаңасы не, мына Ақарысқаұйқассын, сенің атың енді Жанарыс болады”деп шешті. Айтты бітті. Ол содан беріЖанарыс. Шетімізден шерлі ақындармыз, шемен толы жүректер ұлт деп соғады. Әттеңдүние, кітабымыз әлі шықпаған, шықса болды дүние төңкеріліп сала берер едідеген ой қай қайсымызда да бар. Жұмағаңа ұқсап билеп төстеп сөйлегіміз келеді.Атақты болсақ, маңайымызды бірден ықтырып алсақ дейміз. Ешкімді менсінбейміз.Қазақстанның болашағы біздің қолда. Оны ешкімге бергіміз жоқ. Өзімізденбасқаның бәрі Отанды сатуға дайын тұрғандай көрінеді. Билікке күдіктенеміз, шүбәбасым. Қазақстан жат ішіндегі жалғыздай қымбат та аяулы. Оны біздей сүйетін кімбар бұл әлемде?! Ол тек біздікі ғана. Хо-о-ош,жерге түселік, “Салютке” қайта кіріп Сейсекең туралы айтсақ, о жылдарышығармашылық ортада Қытайдан келген қазақтарды әрісі қиын кезде Қазақстандытастап кеткендер деп жек көріп, берісі қылжаққа айналдыра кекете, мұқатасөйлесе оны көп ешкім әбес көрмейтін. Жіптің ұшы әріде жатқанын байқаған кімбар? “Divide et impera” дейтұғын латын мақалы бізге көне Рим сенатынан емес Мәскеуден келгенін және оның қазақшаға “Бөліп ал дабилей бер”деп аударылатынын білсек те білмеген болдық қой. Олар сондықтан ба екен, шынында да көбінесетопқа қосылмай оқшауланып тұрушы еді. Абайлап сөйлеп, анық басатын. Жасқаншақтаукелетін. Сейсекең түсінбей қалды не түсінбей қалған сыңай танытты.
–Ондайым жоқ, – деді.
–Қандайың жоқ? – деді Жұмағаң қайта тақымдап.
–Мен қазақты бөлмеймін. Чын айтам, маған бәрі туыс.
–Чын емес, шын айтам дегін, – деді ақын ағамыз оны түзетіп.
Сейсекеңтілін түзей қойды, шын айтам деді.
–Мен сендерді бес километрден танимын, – деді ақын аға. – Мысалы, сен арғыбеттен қарғып өткенде атыңның бір әрпін сол Қытайға тастай қашқансың. Рас қой?
–Как это? – деді орыс редакциясында жұмыс істейтін Александр БұзаубаевичДуанабаев деген қазақ енді ала берген сырасын столға қайта қойып. Көзі жыпылық-жыпылықетеді. Бұған не керек екен, құдай-ау. Суреттерінің астына Buzau Do деп лақапатын жазатын. Жұмағаң орысшаға ауысты. Қазақшамен тұздықтап. А то как же, Buzau қазақша білмейді, третоепоколение алматинец, понимаешь ли. Біз сияқта ауылбай емес. Баршаға ұғынықтыболуы үшін мәдениетті адам орысша сөйлеуге керек. Сыраханада болса да.
–Очень даже просто. Бұлардың аттары зашифированный текст секілді. Нормальныйқазақтың аты Сейсенбай болуға керек, ал бұл Сейсебай, неге? Потому что китайоза.Мұның інісі, құдай біледі Бейсебай. Бейсенбай емес. Сәрез деген не? Черт егознает. Тәпей Жүкел деген біреуі бар, КәкейҚұрайра дегені тағы бар. Мүптеке дейтұғын шалды білесіңдер. “Текесі” текеболсын, ал “мүпі” несі? Екіншіден “ш”әрпін айта алмайды, “ч” дейді. Ұйғыр ма, қырғызба-білмеймін. Впрочем өз басым ұйғыр, қырғыз, лағман, есек дегендерді Алматығакеліп көрдім.
Бұлбізге жаңалық емес. Бұрын да талай рет айтыла-айтыла жауыр болған әжуалар.Жұмекең Сашаны таңғалдырып тұр. Саптыаяқтағы сыра ортая түскен сайын көңілкүйіміз де орта түсіп барады. Кім алар екен кезекті сыраны? Міне сізге мәселе.Ал ол китайозалар дейді...
–Прямо Шерлок Холмс, – деді Александр қазақ таңғалып. Бейсекең құдай ұрғандатағы шатасты.
–Ол енді делекті шығар, кейде өстіп кетіп қалады. Ал жалпы қазақ әдеби тілібәрімізге ортақ емес пе, мысалы өзіңіздің өлеңдеріңіз бен Молдекеңнің руманынқай қазақ та сүйіп оқиды ғой, – деп Сейсекең Жұмағаңның ығына жығылғысы кеп, майысқақтықтаныта түсіп, Молдекеңе қараған.
–Руман емес, роман. Оқымай көрсін. Бізді оқымағанда кімді оқиды, Әбулақапты оқима? Сен мені қой, жақауратпа өйтіп, одан да делектің не, соны айтшы. Айтаалмайды екенсің, жалпақ қазақшаға ақ салмайсың ба, сенің айтпағың диалект қой.Ол қазақта жоқ,- деп ақын ағамыз алысқа сілтей бастаған еді, Молдекең:
–Әй, Жұмамұрат, қой енді, не, ұрынарға қара таппағандай Сейсебайға тиісе бердің,– деп тыйып тастады.
Солсәтті пайдаланып Сейсекең төбеден түсіп тұрған жарыққа көзін сығырайта қарап “туу,мына сует көзді қарықтырып барады, былайырақ тұрайыншы” деп саптыаяғын алыпкөрші столға кетпекші болған, ақын ағамыз “сует” емес, “свет”, ол қиын болсалампочка, оны да айта алмайсыңдар ғой сендер, “жарық” дей салшы садағаң кетейіндеп күлді. Сосын “Бұлардың бір ақыны, ал бұлардың ақын емесі жоқ, “Советке негекелдім артым қышып, Қытайда жүре бермей жүн-жүн ішіп” деген өлеңді осындайдашығарса керек, ә?” деді қатырған жоқпын ба бәлемді дегендей бізге қарап көзінқысып. Ду күлдік. Сейсекең қып-қызыл боп кетті, шамданатын болды-ау дегенбіз.“Төбелес неден басталады, әкеңнің аузынан басталады” деген бар ғой, әліптіңартын бағып тұрмыз. Сақ қарға сағағына ілдіреді, байқап сөйлеймін деп тұрып-ақ,осымен үшінші рет “омақасқан” Сейсекең кенет… мойнын кері бұрып, бізге қосылакүлді. Екі қолында екі саптыаяқ сыра. Басын шайқаған күйі қайтып келді де ақынағамыздың иығынан құшақтады. “Жеңілдім. Қайда қашсам да құтқарар емессізғой, тегі” деген кең адамның керемет күлкісі. Бәріміз жадырап сала бердік. Менылғи Лев Толстоймен “ауырып” жүрем ғой, балаға ұқсап сақылдап күліп тұрған Сейсекеңеқарап ұлы қаламгердің Қажымұраттың күлкісін суреттейтін тұсы ойыма оралды. Солсәттен бастап біз оны жақсы көріп кеттік. Жақсы көретін себебіміз кезектіпартия сыраны ол бәрімізге өз есебінен алдырды. Екі арада Молдағаң кетіп қалдыда арқа басымыз жазыла түсті. Қолтығымыз сөгіле сілтей бастадық. Одан соңғы сыраларда қаздай тізіліп, жоқ тізіліп емес, қалықтап келіп біздің алыс та жақынжағалауға қонып жатты. Жиі жиі. Сейсекеңнің семьялық бюджетінің қабырғасын майыстырып,қайыстырып дегендей… Тізбек те тізбек-тізбек-ай, үзіліп қалмай арасы тізіліпжетті осылай… Ілекең, Ілияс Жансүгіров айтпақшы “тағы, тағы, тағы да таласыптұрған бағына” буылтық-буылтық саптыаяқтар көші қайда, қашан, немен және қалайтоқтағаны ешкімнің есінде жоқ, көзімді ашсам бір бейтаныс үйде жатырмын.Қасымда Ақарыс пысылдайды, жөргектегі сәбидей қаннен қаперсіз бейкүнә қалпы, Микеленджоланың “Сикси моддоннасын”безендірген суреттерінгі қанатты бала секілді тура. Костюмі, көйлегі, тіпті оныайтасыз галстугын да (сенбілікке неге галстук тағып келген?) шешпеген қалпысұлаған, есесіне бұтында шалбары жоқ. Сыпырып үлгерсе керек. Оның аяғын иіскепетбетімен құлаған Жанарысты таныдым, суда баттерфляй әдісімен жүзуге дайындалғанадамдай екі қолды екі қапталға жая созған қалпы “шәһит кетіпті”. Ал анау терісқарап, әкесін ұйқы өлтіргендей қорылдаған қызыл майкалы семіз қазақты танымадым.Дудар шашы бұрқырап теріс қарап жатыр. Қорылы жаныма тиген соң танымасам да“бір қырындап жатсаңызшы” деп түрткем, анау дереу жұлып алғандай “менде қыр жоққой” деді. Ап анық айтты. Тіпті, ұйықтамақ түгілі, кірпік ілдірмеген ояуадамның сергек дауысы. Іле қорылға қайта басты. Енді таныдым, “Қайнар” баспасындағышоң мұрын, дудар бас ағай екен. Экономист пе, бухгалтер ме әйтеуір есеп уәқисап жағында. Түйенің жарты етіндей. Лақап аты Адам Ата. Дударай десең де бәрітүсінеді. Бұл мұнда қайдан жүр? “Иттің де ғана баласы-ай” деді төрдегікереуеттен төренің дауысындай боп естілген қоңыр үн. Жұмамұрат ағамыз. Аяғынтөмен салбыратып, басын қысып ұстап Адам Атаны боқтап отыр. “Салаумаләйкүм, Жұмаға”.Ағам айтты: “Ана албастыны құйрықтан бір тепсең сыраны өзім алып берем”. Бұлсәлемге әлік алғаны. Күлдім. “Мен тептіріп қояды екем, ә?” деп аунап түсті АдамАта. Жан жағыма бажайлап қарай бастадым, бөлме жап жарық, жайрап біз жатырмыз, кезектіжорықтан кеш оралған жаралы жауынгерлер секілді. Нешеуміз өзі, құдай-ау? Кешеағайынды алтау едік қой, қалай жетеу боп кеткенбіз? Қабырғадағы кілемдесуреттер ілулі тұр екен, Сейсекеңді бірден таныдым. Адамның күлкісі ешқашанөзгермейді ғой. Жанындағы төгілтіп ақ шәйі орамал тартқан әдемі келіншек әйеліболса керек, жаңа үйленген кездері ме екен, ерінін жымқырып қысылып тұр, ағамызарқа-жарқа, төрт құбыласы түгел, тамағы тоқ, қайғысы жоқ кісінің бейғам да кеңпейіл қалпы, шамасы Қытайда жүргенде түскен портрет болса керек, суреттің етегінәдемі гүлдермен әдіптеп, өзендермен өрнектеп, көк майсамен көмкеріп тастапты, солақ екен “оу, батырлар, ұйқы қанса тұрыңдар, қайнатпа сорпа дайын” деп самбырлайсөйлеп Сейсекең кірді. Енді түсіндім, кеше сыраханадан шыққан соң бұл кісібізді үйіне алып келген болды ғой, арақ ішіп алса үйге үймелетіп кісі ертіпкелу жазушылардың көбінде бар әдет. БіріншіСаша тұрды, “какой сорпа, ты че, мне на дачу надо, супруга ждет” деп атып тұрыпапыл-ғұпыл жиналып, шыға жөнелді. Қалғандарымыз кешегі ызы-қиқы, қым-қуыт ұлы сүргіндеәр жерде шашылып қала жаздаған сүйектерімізді (асыл сүйектерімізді) сүйретекеліп дастарханға отырдық. Жеңгей сырлы аяқтың сырына қоса, сыны да кетебастаған жастағы кісі екен, бірақ қабағы ашық, жүзі жарқын әйел сыңайлы, қайқайсымызды да оқып жүретінін, сырттай танитынын айтып жатыр. Жаңағы суреттегікісі екенін жарқыраған кең маңдайын көріп жазбай таныр едіңіз. Ақарыс, Жанарысүшеумізге ерек ықылас танытып “шаршап қалыпсыңдар ғой, қазір шәй ішеміз, әп-әйбатбоп шыға келесіңдер” деді туған әпкеміздей мейірленіп. Әсте, үстімізден құйынжүріп өткендей әлем-тапырақ жүзімізді көріп аяп тұр. “Жұрттың баласы жақсыәйелді қайдан тауып алады екен осы?” дейміз іштей қазір үйімізге ораларымызеске түсіп. Қонақ бөлме тап-тұйнақтай, әр нәрсе өз орынында, дастархан көл-көсір.Екі иінінен демала келген самаурынға ілесе сыңғыр сыңғыр-сыңғыр, ішті өртейдіқұрғыр дейтін шынылар да жетті-ау. “Мынауың не, жүн-жүн бе-ей?” деді Жұмамұратағамыз. “Ия, жүн-жүн ғой десе” ішпей қоятын секілді. Жүн-жүн түгілі, заһарболса да тартынайын деп тұрған жоқ. Бірінші тосты, әдеттегідей ешкім сөзбермесе де өзі сөйледі, не сөйлейтінін білеміз, қазір Алматыда жалғыз ғанақазақ мектебі барын айтып бастап, қазақтың саны қалада он екі бүтін жүзден елужеті процент қана деп жалғастырып, одан әрі республикада соңғы отыз жылда жетіжүз отыз бір (кейде сегіз жүз деп те айтады) қазақ тілді мектептер жабылғанынайтып қынжылады, біз де қосыла қынжыламыз. Арқада соңғы қазақ мектебі бір мыңдағы тоғыз жүз алпыс екінші жылдың қаңтар айының он жетісі күні таңғы сағаттоғыздан жиырма жеті минут, он жеті секунд өткенде Целиноградтан алпыс жетішақырымдағы Қосмола бекетінде жабылды дейді. Қосмоланың орысша аты Сидоровка көрінеді.Кейде ағамыз Феодоровка деп те айта салады. Сол мектептердің бәрін Ақарыс,Жанарыс үшеуміз жаптырған секілді бізге шүйіле қарап біраз отырады да, қазақ радиосында түс кезінде жарты сағат татаршаконцерт берілетінін (неге?), Алматыға Қазаннан татар академиялық драма театры гастрольгекелгенде ашылуына Қонаев әйелімен барғанын, ал алдында ғана өткен “Қарагөздің” премьерасынакелмегенін айтады, сөйтіп сөзін 2000-жылы Қазақстандағы қазақтың саны он бес миллион жеті жүз отыз жетіадамға, қой басы саны алпыс миллионға жетедідей келіп (бұл цифрларды оның қайдан алғанын өз басым әлі күнге білмеймін), “Ура,жолдастар!” деп аяқтайды, сосын жылайды кемсеңдеп, біз жұбатамыз, ішемізсосын… Бұл жолы сөз түйіні сәл өзгерді, ол айтты, былай деді “Қазақстаннантысқары бес миллион бес жүз жиырма екі мың отыз жеті қазақ бар” деді. Меніңше, әдеттегідейқосып айтып тұр, тағы айтты “солар үшін тост көтерелік” деді. Жылады. Сырттағықандастарымызды ойлап біз де босадық аздап, былай енді, көп болмаса да. Осыныңбәріне басқа ешкім емес, тек өзі ғана кінәлідей Сейсекең тұр төлежіп. Жұмағаң сол ортадажеңгейдің бетінен сүйді. “Алты перзентің бар екен, алғашқы үшемнің үшеуі де деұл екен, нағыз алтын құрсақ әйелсің” деді. Екінші рет сүйгелі төне түскен, жеңгемізақырын ғана жылыстап шығып кетті. Мынау шынында алтын әйел екен деп отырмызіштей. Сейсекең дауыстап баласын шақырды, бес алты жастағы көзі от шашып тұрғанұл бала келіп, Абайдың өлеңін жатқа оқыды. Жұмекең баланың маңдайынан иіскептөмен қарап отырып қалды. Шамасы өзінің үш қызы да орыс мектебінде оқыпқазақшадан мақрұм қалғаны есіне түссе керек. Әлде мен қателесіп отырмын ба? Екіншітосты ірк-ірк етіп орнынан әрең тұрған Адам Ата, сосын аударма редакциясындағыәне бір тісі жоқ опырық ағамыз, сосын ылғи боқтап сөйлейтін анау бір кассир кісі,сосын… арғы жағы есімде жоқ… Қалай кеткеніміз де есімде жоқ. Есімде бірқалғаны мына жалпақ дүниеде Сейсекеңдей кең қазақ, Сейсекеңдей бақытты адам, Сейсекеңдейталантты жазушы, Сейсекеңнің үйіндей берекелі де мерекелі үй, Сейсекеңніңдастарқанындай дастархан, Сейсекеңнің әйеліндей әйел, Сейсекеңнің баласындайбала жоқ деп, оны айтасыз екі миллион жеті жүз жиырма бес мыңнан артық шаршышақырымды алып жатқан байтақ Қазақстанда Қараесектей ауыл жоқ деп отырғаным.Отырғаным емес, отырғанымыз.
* * *
Жетікүннің желкесін қиып Дүйсенбі де жетті ау.
Келдіксол дүйсенбі күні Кербаланың шөліндей боп кеуіп тұрған кеңсемізге. Сүйретіліп.Бұл баспа емес, домна пеші ғой жалын атқан! Дем алу мүмкін емес, тегі. Адамдарнеге бір біріне соншалықты қайырымсыз осы? Мысалы біздің баспада. Сосын сағаттілі неге қозғалмайды, жылжиды аққу айдында, жылжымайды. Бір орынында тастабандап қатып қалған секілді, қатып ғана қалғыр. Қашан үзіліс болар екен?Сіркем су көтермей отырсам қарсыдағы кадр бөлімінің темір (неге темір ол?) есігітарс-тұрс ашылып сарт-сұрт жабылады, ол аздай кадровичка Дәмеш бүгін елден ерекбіз өкше туфлиін киіп келген бе, еденді тесіп жіберердей екілене жүреді әрліберлі. Әкімшілік жаққа екі барып, үш келді. Таң атпай не жамандық бастағалы жүрекен мына қар дегенімше Молдекең Тұрсынғазин келді қабағы кіндігіне түсіп. ЖанындаДәмеш. “Алла-ай, осы қызды кім алар екен, маңдайының соры арылмаған біреуге тапкелгелі жүр ғой” дейтінбіз сыртынан. Бүгін де қашанғы әдетімен сұлыға баққансұлу байталдай бір орынында ойнақшып, “аһйт” десең ала қашатындай ытырылыптұр. Жұмағаң ылғи “сұлу әйелде ми, талантты адамда адамгершілік болмайды”дейді. Ал біздің Дәмеште мидан басқа ештеңе жоқ сықылды ғой, тегі. Аңдығаныкімнің қашан не үшін кешіккені, кімнің үйінде қашан не үшін жанжал болғаны, кімніңпрописка мерзімі қашан бітеді, кім жарна төлемеді… тізе берсең созыла береді.Құдай біледі, кім қай жерден мүлт кетер екен деген мысықтілеуден басқа ой дажоқ осы қызда. Бұған кім жоласын?! Күлгені жылаған секілді. Бетінің жартысыналып жататын нән көзілдірігін ұйықтағанда да шешпейтін шығар. “Жексенбі күніқайда болдыңдар?”деп сұрады. “Жексенбі күні қалада сұмдық қылмыс болыптығой”деген секілді естілді мұнысы. Үндемедік. “Кімдер болды?”. Үндемедік.“Қысқасы былай, анау Сейсебайдың бұйрығына директор қол қоймай қойды. Кім нежеткізгенін қайдам, “ішкіш” дей ме, мыналар әйтеуір бейшараны келмей жатып қараесекке теріс мінгізіп, Қараесегіне қайтарып жіберді”, деді Молдекең. “Біз” демейді,“мыналар” дейді. “Біз бәріміз баралық директорға” дедім мен. “Еще чего?!” дедіДәмеш. Тамағым құрғап тұрғаны-ай. Кеңсірігім удай ашиды. Жұмыршақта бір зілбар. Жұмағаң үнсіз. Сол жақ қалтасынан темекі алып тұтата бере қайта сөндірдіде, оң қалтасынан шақшасын суырып насыбай атты. Мұнысы “ауызым занят, әйтпесебірдеңе айтар едім” дегені. Ақарыс тау боп үйілген қолжазбалардың тасасынанкөрінбейді. Әй десең қаша жөнелетіндей, Жанарыс отыр мойнын екі иығына тығып.Осы неге көзін сығырайта береді ылғи, адамныңжынына тиіп? Дүйсенбек Қанатбаевқа еліктей ме, немене? Молдағаң “тыныш отыр, араласпа”дегендіүнсіз ұқтырып маған жаман көзімен қарады. Жаны ашығаны. Қанша айтқанмен жерлесемеспіз бе?! Қосақ ара бос кетпесін дейдіғой есіл ағам. “Жарайды, жұмыстарыңды істей беріңдер, бір амалы болар” депкүрсінді. “Ищите”, деді Дәмеш Молдекеңе,- ищите другого. Но только не алкаша-китайца.Нормального найдите, скоро квартальный отчет, я не хочу из за вашего китайцакраснеть на коллеге комитета”. “Яри” деді Молдекең татаршалап. Биыл “Достық” сериясыбойынша шығатын татар әдебиеті классиктерінің бірінің кітабын аударуға алды депестігенбіз. Кемі жиырма бес-отыз баспа табақтай. Кемі он бес не он алты мың сомақша алады деген гәп қой бұл. Қайқайтып қара “Волганы” мініп шыға келмекші ғой. Мына “яри” соның желі. Босағадағы босстол “ием қашан келер екен?” дегендей үңірейіп ол қалды. “Кім қандай хабар айтады?”деп жан-жаққа жалтаңдаумен күнді батырдық. “Жақсы ит өлігін көрсетпейді” Сейсекең соқпай кетті. Шабан сағаттың қырсау тілібеске еңкейе бере есік тықылдады. Әуелі мұрын көрінді. Қыстан жартылай үсіпшыққан картоп сықылды қожыр-қожыр шоң мұрын. “Мұрын мынадай болғанда бас қандайекен” дегенімізше жабағының шала түтілген бір дағара жүніндей ұйысқан шаштыкөтере-мөтере Бастың өзі де көрінді. Кешегі Адам Ата. Дударай яки. Кешеден беріоның ныспы шарифін Қорылдақ Ата деп өзгертіп қойғанбыз. Ақырын басып келді деМолдағаңның құлағына әлденелерді сыбырлады, сосын екеуі шығып кетті. Ілесе менде шықтым. “Бұларды, арғы беттен келгендерді әдетте КГБ көп пайдаланады. Сокантордан біреу директорларыңа бір ауыз звондаса, жұмысқа қайтып алады. Басқажолы жоқ. Ұят болды ғой. Кім сатқанын кейін білерміз. Қазір “үш әріптен” кісітабу керек” дейді Қорылдақ Ата күмбірлей сыбырлап. Оның сыбыры Ақарыстың айқайысекілді. Сыбырлағанда құдай естімей ме деген, құдай түгел мен де естіп тұрмын.Әлбетте, Сейсекеңді айтып тұр. Аяп тұр. Адам Ата Адам екен ғой. Сол жерде тұрыпүш бірдей шешім шығардық. Біріншіден, “бір күн дәмдеске қырық күн сәлем” дегенсөзді ұстанған кісі бүгіннен бастап алты миллион қазақтың (жоқ, бес жарыммиллион ба?) ең тәуірі деп бағалануға тиіс. Бұл бір. Екіншіден, “семізде сезімболмайды” деген мақал бүгіннен бастап біздің актив лексиконымыздан жойылады. Біржола.Үшіншіден, бүгіннен бастап Қорылдақ Ата, Дударай секілді аттары жойылып, АдамАта аты қайта қалпына келтірілсін. “Ізде, адам ізде. Мен де іздейін” дейді олтақымдап. “Дұрыс қой, бірақ...” дейді Молдекең шешінуін шешінгенмен суға қойыпкетуге батылы жетпей тұрған дүдәмал оймен. Сол екі ортада “Құпия болмаса, бізде естілік” деп Жұмағаң келді ата қаздай қаздаңдап. Адам Ата оған жақтырмайқарап біраз тұрды да баспалдақ қуалап өзбаспасына қарай кетті. “Осы да қытайдан келген болуға керек, сұры жаман” дедіЖұмағаң. Молдекең үндеген жоқ.
* * *
Тәуекел.“Не бел кетеді, не белбеу кетеді” дедім бір-екі күннен соң. Бұл кезде МолдекеңеАдам Ата екі-үш рет келіп кеткен. Келген сайын оны Жұмағаң “баспақ, тана жиылыппада болған заман-ай” деп Бұхар жыраушылап шығарып салады. Менсінбейді дә. Дедімде телефонды бұрадым бергі бетте тұрып. Арғы бетте “Алло!” деді Дәмеш өтіріксыңғырлап. “Комитет национальной безопасности. Майор Лерх Мойсей Абрамович” дедім.Жоқ, олай емес “Майоғ Лееғ Мойсей Абғамович” дедім тілімді шайнай сөйлеп. “Я поповоду Сисибая Сағизова. Как он там у вас, надеюсь освоился. Человекталантливый, ведь. Алло!” дедім. “Алло!” дедім тағы өтірік естімеген боп. “Алло,что у вас с телефоном, алло?!”. Дәмеш трубканың арғы жағында суға кетіп тал да қармайалмай жанталасқан кісідей то есть қыздай қылғынып жатыр “слушаю, товарищ майор,да, да, товарищ майор. Талантливый, безсомненно. Вам виднее, конечно, товарищмайор”. “Алло деймін” астынан алты қырдың шыққан даусым жаңғырығып, не слышу вас”. Трубканы қойдым.Осы да жетеді саған, Дәмеш. Ол қазір директорға жүгіреді. “Молдаға, директорменбір ауыз сөйлессеңізші. Көріп отырсыз ғой қолжазбалар көбейіп кетті, жартысынанкөбі проза, игертпей барады” дедік жабыла жалынып. Мысалы, көрші “Жазушыдағы”ағаларымыз екі күннің бірінде милицияға түседі, онда тұрған не бар, жиырма бессом айыппұлын төлейді де жұмысына жалғастыра береді. Мұны іштей айттық, әлбетте.Ал естіртіп айтқанымыз, “ер өліп, Ертіс бұзылған ештеңе жоқ қой, тәйірі, кімішпейді?” деген Кэмп Дэвидтегідей келелі кеңес. “Мен ішпеймін, мысалы” дедіМолдекең жұлып алғандай, неменеге жамырай қалдыңдар, түге? Кедейдің етегінеталқан салып берсең көңілі көтеріліп төгіп алады деген”. “Басталды зіркілбастықтан” деген осы. Қуанып отырмыз. Ұрыса бастаса ұнағанамыз. Іс бітедідегені. Ал майда қадамдай жөнелсе құдайдың ұрғаны. Шығып кетті. Коридордыбойлап әкімшілік жаққа бара жатқанын көрмей, біліп отырмыз. “У вас телефонработает?” деп алқын-жұлқын Дәмеш кірді, а у меня нет. Плохая связь”. Тентектентез хабар демекші, Дәмеш Молдекеңнің директорға кеткенін естіп, ізінен тұрашапты. “Аға, дейді айқайлап, подаждите”. Аяқ астынан қалай “аға” бола қалғанын түсінбейМолдекең тұр, “а ведь, у вас ваканция. На старшего давно претендует ЖумамуратЖумагулович. Пусть он и будеть старшим редактором. На его место можно было быпродивигать Жанарыс. Мальчик хороший. Засиделься он. Так вот, я думаю намладшего нужно пригласить Сейсебай аға. Он согласиться. На большое он непотянить. Орысшасы жоқ. С директором я сама переговарю или давайте вместе зайдем.Вы, ведь к нему шли, не правда ли? О, боже мой, ну денек!”.
Арадасүт пісірім уақыт өтер өтпесте қол ұстасқан қос ғашықтай Молдекең мен Дәмеш қайтаоралды. “Сен, деді Молдекең маған, сен!”, сосын сәл ойланып тұрды да, “жоқ, сенемес, Ақарыс барады. Ақа, (бұл көңілденгені) Сейсебай ағаңның үйіне барып, ертеңжұмысқа шықсын деп айтып келші, айналайын”. “Мен барайыншы, аға” дедім мен.Молдекең естімеді не естімеген болды. “Пусть трудовую захватить… книжку!” дедіДәмеш Ақарыстың соңынан жаралы қудай сұңқылдап, жоқ сары ала қаздай ысылдапдеген дұрыс болар, әсте.
* * *
Қазақаңқаудың да аңқауын қалай деуші еді, “түйеден түйе туды десең де сенеді”демеуші ме еді, Бейсекең тура соның өзі сияқты көрінді.
Қаламақыалып, қалмақ олжалағандай боп тасып отырғанбыз. “Давай”, деді Молдекең, ертең түскішәйға Дәмешті шақыралық. Жуған болайық”. “Давай болса давай” дедік бірауыздан. Анығындабіздің редакцияға оң көзбен қарай жүрер ме екен деген жарамсақтығымыз. Оныңүстіне өткендегі “айып уә күнәһымыз” бар дегендей… Бастықтан біріміз шампан, бірімізторт, енді біріміз конфет әкелуге тапсырма алдық. “Сен гүл әкел” деді МолдекеңСейсекеңе. Жақындасын, жақсы көрінсін деген қамқорлығы бұл өзінше. Әкелді Сейсекең.Шошып кеттік. Ақарыс есікке қарай жүгірді, Жанарыс мойнын ішіне тығып алды.Тасбақа секілді. “Мұның не, жазған ау?” деді Молдекең. “Өзіңіз гүл әкел дегенсоң не де болса мол болсын деп алғаным ғой”. “Қайдан алдың?”. “Үйге қайтардаТәшкентскийдегі аялдамадан автобус ауыстырамын емес пе, сол жерде орыскемпірлер сатып тұратынын ылғи көретінмін. Қабырстанның дарбасында. Бір жолыМұхаңның бейітіне өзім де апарғам”. “Көзін құрт!” деді Молдекең шаршау үнмен. Сейсекеңқап қара ленталары жер сыза салбыраған салақұлаш дәу азагүлін мойнына қамыт қыпкиіп алып төмен қарай жүгіріп бара жатты. Бұл бір. Сол күні ол екінші рет тағы“бүлдірді”. Отырыстың соңында жұрт кофе ішеді. Сейсекең “Мен шәй ішем, көпе-пөпелеріңөздеріңе ” деді есінеп. “Шәй ана бұрышта, алыңыз” деді Дәмеш қасын керіп.Ағамыз барып алып келді. Алуын алғанмен пакеттегі шәйді әрі айналдырып, беріайналдырып көріп, біресе умаждап, біресе қысып, біресе екі алақанының ортасынасалып ұрғылап көп отырды. “Ішсейші, суып қалатын болды ғой”деді Молдекең. Ағамызсоны күтіп отырғандай кенет пакетті қақ айырып жыртты да, стакандағы суға салыпбылғалай бастады. Шәй су бетінде қалқып жүр. Жұмағаң “мына надан қайтеді-ей?” деді.Ду күлдік. “Барып басқа пакет әкел, сосын қалай ішуді көрсет ағаңа” дедіМолдағаң маған зекіп. Мұнысы “осы күнге дейін Сейсекеңе пакеттегі шәйді қалайішу керегін неге үйретпегенсің” дегендей естілді. “Бақсам, бақа екен ғойдемекші, мұны солай ішуші ме еді, тәйірі” деп күлді Сейсекең. Түк қысылған жоқ.
Бірдемаған “әке” деді сыбырлап Жұмағаң шығып кеткен кезде. “Әкесі несі, дегем, сөйтсемжасы кішілерге інім демей әкем деп еркелете сөйлеу әдеті екен. Мұны Жұмағаңұйғырдың “әкә” яғни “аға” дегенінен алған деп топшылайды. Тақырыбымызғаоралайық, “Әке, сенен бір нәрсе сұрасам бола ма?”. “Болады, әрине”. “Әке, осы “бсыпысы”деген не нәрсе? Ақарыстан сұрасам, ол да білмеді”. “Қай тілде?”. “Орысша да”. “Орыста ондай сөзжоқ, қате естіген шығарсыз”. “Бар. Телеөзірден күнде естиміз ғой ішіңдіұрайынды”. Сасайын дедім. Түстен кейін “Известия” газетін алып келіп астысызылған сөзді шұқып тұрып көрсетті. “ВЦСПС”. Всесоюзный центральный советпрофессиональных союзов, яғни кәсіподақтардың құдайы дедім қысқа қайырып, онынеге сұрадыңыз? “Жеңгеңнің шопан інісіне жақсы мехнаты үшін соның мақтау қағазын беретін көрінеді жақында.Маған “бүйткен жазушылығыңды ұрайын, ең болмаса “бсыпысың” да жоқ деп қажапжатыр да. Сосын сұрағаным ғой”. “Құтты болсын, балдызыңыздың табысын жумайсызба?”. “Бұяқта не алсаң да жу дейді екен, Жумасаң қытайский қу дейді екен” депәндетті Бейсекең.
Сөйткенағам біраздан соң өзгерді, өзгергенін көз көрд-і-і-і… Шыққыр көз, не көрмеді.Әлқисса, қиссамыздың келесі қысымы сол өзгерістер хақында болмақ.
“Аузыкүйген үрлеп ішеді”, алғашқы жуудың ақыры анадай болған соң, оның үстінеМолдекеңнің аса пәрменділікпен интенсивті түрде жүргізген үгіт және насихатжұмыстарының нәтижесінде Сейсекең қытайдың хунвейвиндері секілді (Жұмағаңныңтеңеуі) бір адым оңға, не бір адым солға баспай кеңсеге тура келіп, үйіне, қайранқоныс Қараесекке тіке қайтып жүрді. Өте сақ. Артық сөйлемейді. Қашанға дейінтартар екен деп біз жүрміз. Жоқ, бұл біз күткендей емес, “ұзаққа созылған ауырнауқасқа” айналды. Сенбі, жексенбіге үйіне қолжазба алып кетіп оқып, дүйсенбідетап тұйнақтай дайындап әкелетін жалғыз редактор Сейсекең болды. “Мынауың ырымғажаман екен” деп Жұмағаң тиісіп көріп еді, Сейсекең естімеген болды.
Молдекең“айлығың аз ғой, шиеттей бала-шағаң бар, жал- жаяңды жаба жүр” деп көрші“Жазушы” баспасынан жабық рецензиялар алып береді, Сейсекең қаламақысыншытырлатып тұрып санап алады да ешқайда бұрылмай үйіне қайқаяды. Жумайды.Әдетте, баспа редакторы айлығын үйіне апарса, бұнысын дұрыс деуге болады, алқаламақы деген нәрсе кафеге не сыраханаға барып жұртқа, мысалы таланттыінілеріне жуып беру үшін беріледі емеспе? Отырмыз ғой осында.
АдамАтаның баспасынан да тапсырыстар алып жүр. Оны бізге айтпайды. Біз сұрамаймыз.Жумаған соң.
Алғашқытоқсанның қорытындысы бойынша ақшалай сыйлық иеленді. Жарты айлық көлемінде. Жуғанжоқ.
Келесіжолы Мақтау қағазы берілді. Заттай сыйлығы тағы бар. Будильник сағаты “Весна” деген.Жуған жоқ.
Кітабышықты. 24 баспа табақ. Жоспардан тыс. Жуған жоқ.Байбота Серікбаев “Гүлдерайым”, СейтқұлОспанов “Ащы қауын, тәтті қауын”, Мәди Қайыңбаев “Қырық бірінші қақпа”дегенжинақтарын жуғанда келмеді. Жұматай Жақыпбаев маңдайындағы жалғыз кітап“Саратанын” көңілі түссе әлі күнге жуады. Бұл бармайды. Қарыз боп қаламын депқорқады.
“Үздікредактор” ретінде жеңгей екеуі Таллин мен Ригаға кәсіподақтың жолдамасыментегін барып келді. Жеті ата, жетпіс жеті бабасында ешкім бармаған. “Бсыпысы” дегенніңне екенін енді білдіңіз бе? дедім. Ағамыз күлді. Бірақ, жуған жоқ. Кетералдында мені оңашалап алып шығып “жеңгең екеумізге бір көрпе жете ме?” депсұраған. “Оны қайтесіздер?”. “Мына Жұмағаң айтты ғой “самолет он мың метрбиіктікте ұшады. Суық. Сондықтан үйден шығарда ақаңнан бір жарты ішіп алғын.Жамылғы береді, бірақ сендерге жетпей қалуы мүмкін, Қытайдан келгендеріңдібілсе бермейді, абзалы алдын өздерің сатып алыңдар” деді ғой. Ол жолы дақұтқарғам. Жуған жоқ.
Кеңсайдансаяжайға жер бере бастағанда өндіріс озаты ретінде бірінші телім Сейсекеңе тиді.Тегіс жерден. Аялдамаға жақын. Жуған жоқ.
Сөйтіпжүргенде Ақарыс түсті қақпанға, жортып келе жатқанда. Ол уақиға бір мың дағытоғыз жүз дағы сексен бірінші жылдың күз маусымының қараша деп аталатынқарабасқыр айында болды. “Көнеден келген көркем сөз” деген ныспымен шығуға тиісхалық ақындарының жинағына Ақарыс редакторлықты өзі сұрап алған. Кітапдайындалып болып қалғанда Қаз ССР Ғылым академиясының көне қолжазбалар қорынанбұрын жарияланбаған бір дастан табыла кетпесі бар ма?! Жабыла кірісіп, жұмылажұмыстанып бір айдың ішінде дастанды екі мәрте тасқа бастырып, түзеп, күзеп, өңдеп,жөндеп, қайта қарап, тіпті ит жылы марқұм боп кеткен авторының Маңғыстаудатұратын немересін тауып шарт жасасып та үлгердік. Сейсекең араб әліпбиінкеремет біледі емес пе, ертең өндіріске өткіземіз деп отырғанда түпнұсқаны“бадырақ көзбен” қайта бір оқып “Молдеке, бұл болмайды” деді басын шайқады. “Неге?”деп өре түрегелдік. “Молдеке, лито өткізбейді, босқа арамтер боламыз. “Сізгепартбилет қымбат, маған жан керек, бала шаға әлі жас ” деді ол аздай көгеріп. Бұлқалай батыл сөйлейтін боп алды, тоба?! Жұмағаңның “кеше келген тоқалдар шөмішалып қоқаңдар”деп әндетуінде бір гәп бар ау, осы. Дастанда “Шалмалы пірден батаалып, Тітіренттік жер көкті. Шақша басты түркпенді, Шашырата қуып түбектен, Шаңқанбоз үй көрнекті, Көлденең тігіп айбарға, Шалқыған дәурен, ол да өтті” дегенжолдар бар екен. “Халықтар достығы қайда қалады сонда? Үш әріп аңдып отыр емеспе?” деп сұрайды Сейсекең. Ақарыс Маңғыстаудағы мұрагерге телефон шалып “түркпендеген сөзді шүршіт деп өзгертелік” десе анау бір қыңыр шал екен, “біздіңшүршітте шатағымыз жоқ, біздің ата жауымыз шақша бастар” деп шатқаяқтаған.Біреулер “бұл дауды бір шешсе Фариза Оңғарсынова ғана шешіп бере алады” деген соңжаңағы айтқан шалмалы пірден бата сұрайтын шала сауат мүриттердей сүріне қабына,шұбыра, қысыла апайға бардық. Фариза апам әуелі күліп қарсы алып, жадырапжайнап, хал-жайымызды сұрады, тіпті хатшы қызына “Күлімжан, мына ағаларыңа шәйбер”деп ерекше меймандостық көрсеткен соң жағамыз жайлау, шалқайыңқырапотырдық. Апам сәлден соң өзінен өзі нілдей бұзылды, баспаны қолдаудың орынына “шалдұрыс айтады” деп ағасын мақұлдап, бәрімізді тырқыратып қуып шықты. “Шашырайқашқан шақшабастар” біз болдық. Уақыт өте берді, уақыт өткен сайын өндіріскекетуге тиіс қолжазба кейінге ығыса-ығыса келіп, ақыры тоқсандық тақырыптық жоспарорындалмай қалды. Әрине, ешкім ескі әндегідей “айтшы, жаным, кім кінәлі?” депбас қатырмады, құрбандыққа шалынар еркек тоқты Ақарыс дайын тұрғасын. Сөгіспенқұтылатын шығар деп едік, Дәмеш бастық “оның бұрын сөгісі болған, мұның алдындамилициядан қағаз келгенде сыйақысын қысқартқанбыз, енді қызметінен төмендетіпкіші редакторлыққа түсіру керек” деп шешті. Біздің баспада Дәмеш не айтса солболады. Орынына жүз отыз бес сом айлықпен Сейсекең тағайындалды әлде бекітілді,қайсысы дұрыс осының, тегі. Бәрібір емес пе? Жұмағаң қарап отырмай “ӨлтіріпТөлегеннің атын алдым” деп әндетті Бекежаншылап. Сейсекең қыстырмады бір жерінеде… Жуған жоқ.
“Ия!”дедік біз сонда ойлана келіп. Солай ма?
Досымсейіт ҚОЖА
Жалғасы бар.