Жобалар
Редакциямен байланыс
Жарнама
09:42, 14 Қыркүйек 2019

Сейсебай (соңы)

 

–Молдеке, біршал үш күннен бері мазамды алып жүр,- деді Сейсекең шағымданып.

–Автор ма?

–Жоқ, автор емес. Зейнеткермін дейді. Дербес.

–Не дейді зейнеткер? Дербес.

–Недегенде былай ғой, ол кісінің әйелі осында істейтін көрінеді.

–Ну и что?

–Соны қызғанатын секілді.

–Не дейді, антұрған? Жас па екен әйелі?

–Жас көрінеді. Атын айтпайды, өзің білесің дейді жұмбақтап.

–Әдемі ме екен?

–Әдемі дейді. Мен көрген жоқпын ғой, Молдаға. (Жаңа ғана “Молдекең” еді ғой, қалайшадереу “Молдаға” боп кетті, тоба?!)

–Көрмесең неге саған звондайды?

–Білмеймін, Молдаға.

–Бірдеңе болып па еді араларыңда? Шыныңды айт, жігітшілік итшілік деген.

–Құдай сақтасын, нан ұрсын. Ант етейін. Әруақ бар ғой. Төбемді көрмейін. Бүгінкешке жетсем де, ертең таңға жетпейін. Құтқарыңызшы, Молдаға.

–Ол қайсы келіншек екен, а?

Екеуітөбеде төбе де билер кеңесін құрып, баспадағы осы қалай деген беті қызыл төменетектілерді түгендеп шықты. Соңғы бесжылдықта жас әйел алғандардың тізіміжасалды. Ала жаздап жүргендерге қоса осы тиеді-ау дегендер де ұмыт қалмады. Сейсекеңніңзәре құты жоқ. Сасқанда иегі дірілдеп, көзі жыпылықтап, жақ жүні үрпиіп шығакеледі екен. Оның үстіне Жұмағаң “тақауда моральный азғындардың мүлкітәркіленіп,өздері итжекккенге айдалсын деген заң шығады”деп отқа май құятүседі. Бұдан он бес жылдай бұрын университетте осындай бір шал болған деседі.Кемпірін студенттерден қызғанып деканға, қала берді ректорға хат жазып елдің шатшәлекейін шығарады екен. Кейін комиссия құрылып үйіне барса кемпірі төсектартып жатқанына талай жыл болған. Шалдың “алжығанский” екені анықталған соң еларасы тынышталған. “Бұ да сондай бірдеңе болар, әліптің артын бағалық” дейдіМолдекең. “Ойбай, Молдаға, мынау басқа шал. Беті жаман. Орысша қазақша араластырыпбоқтайды. Қазақшасын ғой түсінем, ал анау “он екі взвод” орысшаға төтеп беруге менбайғұстың шамам қайдан келсін”.

Молдекеңмаған қарады. Мен “мал құлағы саңырау” деп иығымды қиқаңдаттым. Естісем құлағымкерең болсын. Әлгі шал күнде Сейсекеңді “Жұмыстан кейін қал, сағат жетіде звондаймын.Трубканы өзің алмасаң бастығыңа айтам” деп қорқытады екен. Мұның ел жатса даенекем жатпайдының керімен жұрт аяғы басылғанша кеңседен шықпай омалып отыраберетіні енді түсінікті болды. Түскі тамақтан соң Жұмағаңа Қонаевты жамандатыпқойып, ”осы шал кетпей қазақ тілі оңалмайды” дегізіп,  тісімізді шұқып өсек айтып отырғанбыз, коридордантаяғы аяғын демеп бір шал өтті. “Мына шал нағып жүр екен?” дедім. Сейсекең “Қайшал? Ойбай, мені жоқ деңдер” деп атып тұрды. “Қайда кетті дейік?”. “Білмеймін, білмеймін”.“Қытайына қайтып кетті десек қалай болады?” деп қарпып қалды Жұмағаң. Сасқанүйрек артымен сүңгиді, Сейсекең әуелі шал кеткен бағытқа жүгіріп, одан шалтбұрылып “Өнер” баспасы жаққа тапырақтай жөнеліп, жолай қарсы кездескен Дәмештіиығымен қаға-маға құйын-перен, ізім-қайым жоғалды. Онда бір саңырау суретшіістеуші еді. Қуыстағы қуықтай бөлмеде жалғыз отырады. Ретушер. Баспалар үйініңбүкіл ғашықтары мен фарцовщиктері әлгінің телефонын пайдаланатын. Аздаптиын-тебен не темекі алып берсең болды, телефонымен қанша сөйлессең де сөйлесебер. Тас керең. “Ассалаумағаләкум” десең “астау жамап отырмын” дейтіннің нағызөзі. Қытайдан келген. Үйсіз күйсіз. Кейде баспада қонып жүреді. “Ағайын бірөліде, бір тіріде” ағамыз соны сағалап барады, әсте. Қайтсін, у жесең руыңмендемеуші ме еді қазақ. “Идиот!” деп шап ете қалуға да шамасы келмей сұқ саусағыменшекесін бұрай шұқып қайран Дәмеш сұлу қала берді соңында. Шал қаламақы алуғакелген ақын Сәду Машақов ақсақал екен. Бізге бас сұққан да жоқ, бухгалтерияданшыға салып лифтке қарай емпеңдеп бара жатты. Емпеңдемесе бүкіл қызықтан кешқалатындай. “Кетті ме?” деп ентіге кірді Сейсекең бие сауым уақыттан соң.“Қорыққанға қос көрінеді, ол Сәкең ғой Машақов, шошаңдай бермей отыр, жұмысыңдыісте” деді Молдекең қабағын шытып.

Күндерөте берді Сейсекеңді жегідей жеп. Соңғы кезде жұмысқа көзінің асты көгілтімтартып, бет ауыз домбығып келетін болды. “Ішіп кетпе-ей!” деп қояды Жұмағаң,ішсек бірге ішейік. Жалғыз шапқан ат жүйрік. “Жоқ, ішпеймін ғой, жәй, ұйқышала” дейді Сейсекең есінеп. Ұйқы ғой шала болсын, ал мына иіс ше? Төрт-бесметрден ұратын бұл иісті одақтас он бес республиканың бәрінде  де “перегар” дейді, немене, соны біз білмейдідеп ойлай ма?

Шалайтыпты бірде, былай депті Сейсекеңе: “Түскі үзілісте Гагарин мен Виноградовтыңқиылысындағы саябаққа кел, құбыладан тартып санағанда тасадағы төртіншіорындықта күтіп отырамын. Оңаша сөйлеселік” депті. Кетті Сейсекең. Біреу қызалып қашады, біреу қызығына қашады, соңынан біз де кеттік “қыз көрелік, қызықкөрелік” деп. Барды Сейсекең. Құбыладан тартып санағанда тасадағы төртіншіорындықта бұл уақта ылғи да Дәмеш темекі шегіп отыратын. Көлденең көзден қашып.Көрсе қай имиджі бүлінеді екен, қайсы репутейшініне нұқсан келеді дейді екен, тоба.Алыстан қарап тұрмын. Асқар Сүлейменовке ұқсап темекісінің күлін біресе оң, біресесол жақ иығынан асыра шерте қағып отырған Дәмеш бұған бірдеңе айтты.Естілмейді. Бұл да бірдеңе айтты. Әсте, ұрысып қалды. Екеуі екі жаққа кетті.Сәлден соң Сейсекең қайтып келді. Күтіп отыр. Елеңдеп. Ағам қашан келер деп.Келмеді ағасы. Дәмештің бұл кезде қарасы батқан. Мен кеңсеге келдім. Дұре-е-е-с…

Ертеңінетүскі үзілісте Сейсекең әлгі баққа тағы барды. Шал тағы келмеді. Дәмеш отыр.Тағы ұрысты екеуі. Шамада Дәмеш “китаец, сен мені аңдып жүрсің бе?”деп дүрсеқоя берген секілді. Қара басайын десе қаламағаның алдыңнан шығар деген осы.Қайтып кетті.

Антұрғаншал үшінші, төртінші рет, тіпті жұма күні де келмеді. Өліп қалған шығар деп шештібұл. Қашан барса да құбыладан тартып санағанда тасадағы төртінші орындықтаДәмеш отырады шылымын шиырып тартып. Екеуі орындықтың екі басында, үнсіз. Міне,Сейсекең қызға жамбас қалтасынан суырып мыжық-тыжық “Медео” шылымын ұсынды. Еңболмаса қыртыс тыртысын жазып берсе қайтер еді-ей?! Анау қолын қайтарып тастап,шетелдік “ВТ” сигаретінің қорабын ашты. Сейсекең дереу сіріңкесін ала ұмтылды.Қыз тіксініп барып, кекжиген басын ие түсіп шылымын тұтатты. Бірдеңе деді.Ағамыз жауап берген секілді.  Қыз тағыбірдеңе айтты. Ағамыз күлді. Екі иығы селкілдеп барып басылды. Жоқ, басылатынемес. Арсаңдап әлі күліп отыр.

* * * 

Сейсекеңқұтырғаннан құтылған демекші, келесі жұмада көңілді жүрді, жұрттың соңын алажарықты сөндіріп бөлмеден шыға бергені сол, қызыл телефон безектеп қоя берсін.Ақ пен қызылдың арасында қызыл шайтан жүреді деген. “Алло” деді қорқасоқтап.Ағасы екен. “Сен иттің де ғана баласы, контра, менің әйеліме қырындауды әліқоймай жүрген көрінесің, міне жылап келіп отыр. “Келесі жолы Таллинге біргекетелігің не сенің, а? Көрсетем мен саған Таллинді. Такла Маканға кетесің, түсіндіңбе?! Директорыңа барам, түрмеде шірітем” деп бастады маңқылдақ шал. “Ойбай, аға,айттым ғой, бала-шағамның атымен ант етейін, мен сіздің әйеліңізді білмеймін, тіптікөрсем көзім шықсын”. “Шығарамын мен сенің көзіңді Казанова несчастный”. “Кімдейсіз?”. “Казанова деймін. Джакомо Джироламо шевалье де Сенгальт”. “Ол кім еді,ағатай?”. “Түк білмегенсіп мүләйімсу қалуын қарашы мұның. Мен бәрін білем, тіптіжұмысқа кіру үшін анау Тұрсынғазин деген тройболиске бір жылқы бергеніңді дебілем”. “Жылқы бергем жоқ”. “Енді не бердің?”. “Тана ғой кішкентай. Ақшасынберем деген. Пара емес қой ол”. “Аларсың ақшасын атаңның қақ басын. Ана татаршакітапты сен аударып жатқаныңды да білеміз. Қаламақысын Тұрсынғазин директорменбөліседі, солай ғой?! Аяқтарыңды аспаннан келтіруге осы да жетпей ме, сволочь”.“Менікі жәрдем ғана ғой, аға-ау. Кінәм не? Шәуешекте Ярулла әбзидің медресесінеекі жыл қатынағам, содан қалған татаршам бар, ал ақшада шаруам жоқ”. “Қытайыңдыаңсап жүрсің ғой, ә? Туған жер деп ”. “Құдай сақтасын, ақсақал. Әрең келдікемес пе ол жақтан? Онда да әйелімнің паспортына тіркеліп. Қазақстаннан қуса дакетпеймін енді. Осында өлем. “Сендер Маужишиге ант бергенде де осылайдегенсіңдер. Сенбеймін сендерге. Анау “Қайнардағы” дудар басың кім, ол да қытайма? Семіз”. “Жоқ, ә. Ол қа-ш-а-н, бұдан отыз қанша жыл бұрын елуінші жылдардыңбасында өткен ғой, тарбағатайлық Қызай, Итемген оның ішінде. Біз ғой Меңіспіз.Қытай жақты білмейді де”. “Екеуің де КГБ-ның сексотысыңдар, оны да білеміз”. “Меніңоған қатысым жоқ, ағатай. Бір-екі рет материал аударып бергенім бар, оны да жаңағыитемген ағатайым өтінген соң”. “Сен слушай, былай байқап тұрсам, асылы жаман балаемес секілдісің, ертең әлгі айтқан скамейкаға келші түсте, дұрыстап жүзбе жүзотырып әңгімелесейік”. “Күнде барам ғой, аға. Сіз келмейсіз, келем дейсіз де. “Слушай,а ну  кончай, подлец, я не собираюсьотчитоваться перед тобой. Ты кто такой? Келмедім, значить занят болдым. Анашылымшы қатын кім? Ойнасың что ли?” “Жоқ, ойбай. Дәмеш қой. Кадр бөліміндегі.Бастық қыз ол”. “Не айтасыңдар-ей күн сайын бір сағат бойы?” “Жәй, анау-мынау. Жалғызбасты кісі болғасын, жаным ашып, көңілін аулап… Қарындасымнан да кіші балағой, жаман ойламаңыз. Мен, міне қырық сегіз жастамын, әлі күнге келініңіздіңкөзіне шөп салып көрген жоқпын, аға”. “Ну и дурак!”. “Не дейсіз?” “Ертең күтемдеймін”. “Келем, аға, келем”. Келмеді. Телефон да шалмады. Дұрысы келмедім, телефонда шалмадым. Шалмағаным, сағат жетіге таман әдеттегідей “Өнердегі” саңырау суретшініңтелефонынан звондасам, трубканы… құдай сақтай гөр, Дәмеш алды. “Ты, черт старый,– деді бірден айқайлап, – знаешь что будеть за шантаж и вымогательство. 163cтатья (әлде 136, жоқ 156 деді ме?) Уголовного кодекса. Трактуется как угрозараспространения сведений, способных причинить вред законным правам… сограничением свободы на срок до четырех лет…” Басталды дейсіз махаббатың бірәні. Пәледен машайық қашады, құрысын дедім, қайтып звондамаспын. “Я тебядостану хоть из под земли” деп айқайлап Дәмеш қалды. Бұдан екі жүз жылдай бұрынөткен Тәтіқара ақын “Жау жағадан алғанда, Ит етектен алғанда, Ер Абылай қорықққанжоқ, әншейін еңкейе бере жылысты” деп кетті емес пе, мен де …былай қорыққам жоқ,тек әншейін еңкейе бере жылыстым. Сол “жылысқаннан” жылыстап үйде екі күнжаттым. Жәй жата бермей, түс әлетінде “не қызық боп жатыр екен?”деп үйреншіктіорындықты алыстан  бақылап кетіп жүргемін.“Боларын бір сұмдықтың сезіп едім”дегендей ғой баяғы. “Ажал ғайып, несібеғайып, қонақ ғайып” демей ме, меніңше осының бәрінен де қызық ғайып.

Қуырдақтыңкөкесі түйе сойғанда болса, қызықтың көкесі жаңбыр жауғанда деген мәтел шығардымсол жолы.  Әдеттегідей әдеттегі жердеәдеттегі мезгілде кездескен әдеттегі екеуінің не сөйлескені туралы қарт тарихештеңе айтпайды. Сол күні көне жырауша айтсақ “аспанды қара бұлт басты,найзағай ойнап от шашты”. Бұл кезде Сейсекең қырсық Дәмешпен қырық жылдан бері таныс адамдай күліпамандасатын болған. Жылы жылы сөйлесең жылан інінен шығады. Емін еркін.  Қыдырыстаған болып  қарсы беттегі тротуармен әрі бір, бері екіөтіп жүрген бізді көзіне де ілмейді. Айылын жияр  емес. Емен жарқын. Кенет нөсер құйып берсін.Кенет балапан басына, тұрымтай тұсына тым тырақай қаша жөнелді. Мен қосамжаржатқан Әуезов көшесіндегі дәріханада сатушы қызға махаббат туралы әңгіме айтқанболып алыстан шолып тұрмын. Кенет Сейсекең… жоқ, қадырлі ханымдар менмырзалар, мұны көру керек, айтып жеткізу мүмкін емес, жә, кенет Сейсекең Дәмештіқапсыра құшақтап орынынан тік көтеріп, иығына салып алды да  қарсы беттегі телефон будкасына қарай жүгірежөнелді. Дұрысы тапырақтай жөнелді. Жұрт күліп барады. Қыз жылан шағып алғандайшыңғырып “ты че, китаец, сдурел что ли… отпусти… люди смотрит...”дегенсекілді бірдеңелерді  айтып барады, олаздай  кішкентай жұдырықтарыменСейсекеңді төмпіштеп ұрып барады, тыңдайтын Сейсекең жоқ. Жаңбыр төпеп тұр.  Жөңкіген күйі телефон будкасына жетті деқызды кіргізіп есікті сарт еткізіп сыртынан жауып тастады. Басқа біреу кірмесіндегендей. Ал өзі шелектеген жаңбырға маңдайын төсеп әлденелерді айтып қызғасөйлеп тұр. “Біттің, Сейсеке, ертең директордың алдында бұйрық жатады.Қараесекке қарай қайқай деген”.

Үшінші күні тың тыңдамақ боп Ақарысқа звондасам“құрысын, мында қырғын болып жатыр” деді. “Не болды? Айтсайшы зарықтырмай, ит-ау”.“Ой, мына Дәмеш Сейсекеңнің үстінен бастыққа арыз айтқан ба, ағаны жұмыстаншығарғалы жатыр!”. “Не бопты?”. “Білмеймін. Біз “кешірім сұрай салыңыз” десек, ағамызотыр “басымды кесіп алса да бармаймын” деп”. Түстен кейін тойға баратындай жуыныпшайынып, таранып, жұмысқа келсем редакция құлаққа ұрған танадай тып тыныш. Өлітыныштық. Амандастым. Бәрі тұрмыс салт ертегілеріндегі қайын жұртына алғашкелген күйеудей бет моншақтары үзіліп, көздерімен жер шұқып қапты. Молдекеңиегін көтерді, “қайда жүрсің?” дегені. Төс қалтамнан қағаз алдым, “ауырыпқалдым, анықтамам бар” дегенім. Ол басын шайқады, “қойшының қызы қой келгендежіп иіреді, осы сендер-ақ ауырмайтын кезде ауырасыңдар” дегені. Мен стол суырмасындағықолжазбаларды мина көтерген сапердай ақырын алып шетке қойдым. “Менде бәрідайын” дегенім. Молдекең мұрынын уқалады. Сырбай Мәуленовке ұқсап. “Болмасаң даұқсап бақ”. Бұл “бәрібір сенің мұның дұрыс емес” дегені. Мен төмен қарадым.“Кешіріңіз” дегенім. Алдында ғана ауылда тұратын ардагер ақынның қолжазбасыныңжарамайтыны айтып, жамбасын жерге тигізбей дереу кері қайтарамын деп сөзестігем. Оған бастықтың уәде беріп қойғанын қайдан білейін. Жарасхан Әбдірәшевкеп жұбаттып кетті: “Ештеңе етпейді, өзіміз талай автордың қойын жеп қойып ташығармағанбыз” деп. Молдекеңе естіртіп айтты. Молдекең қалыптағы әдетіменестімеген болады. Осы жерге келгенде Жарасхан туралы жарқын ой кілт үзілді. Есіксарт етіп ашылып күтпеген жерден Дәмеш кіріп келсін. Көз алды ісіңкі. Көзәйнексізалғаш көруіміз. Былай, ничеголау секілді ғой өзі. “Вот что, деді Сейсекеңеқарап,- я долго думала. Всю ночь не спала. И пришла к выводу что я была неправа. Прошу меня простить. Я заявлению обратно забрала”. Көктен Ғайса түссе де,оны аз десеңіз жерден Мәди шықса да бұлай таңданбайтын шығармыз. Сейсекең бырс-бырсжылады. Түкке түсінбей біз тұрмыз. Жылап Дәмештің қолын сүйді. Анау да жылады.Басқа ештеңе айтқан жоқ. Екеуі де. “Араларыңда не болып еді? деп сұрады Жұмағаң,-әкесінен түсіп, шешесінен қайырып боқтағансың ғой, шамасы”. “Жоқ, ә!”. “Ашуүстінде май құйрықтан былай… неғып …нетіп шапалақпен салып кеп қалдың ба?”, “Құдайсақтасын, өмірімде әйелге қол көтеріп көрмегем”. “Ну и дурак” дедім мен.Ішімнен айттым. Молдекең столды салып қалды: “Қуатить, жұмыстарыңды істеңдер”.Жұмыстан соң әдеттегідей “Салютке” кірдік. Шөл басарға. Әдеттегідей сыраданбастадық. Сосын қай қайсымыз да араққа ауысатынымызды біліп отырмыз. Бәріәдеттегідей. Әдеттегідей болмай тұрғаны бұл сапар бізге ілесіп, жоқ біздібастап Сейсекең келген, келгені бар болсын, дереу мас боп қалды да кафенібасына көтеріп “Елім Құлжада-ай, көңілім сізді болжады-айға” бассын. “Төт” Зина“ай да, китаец, ай да сукин сын” деп қол соғып тұр.  “Туу, кәпір, дауысың неткен жаман еді, қойшыәрі, жоқтау айтқан қатындай зарламай” деді Жұмағаң. Ағамыз құлағына ілмеді, бұләнін аяқтамай жатып орта жолда үзді де, “Гүлдариғаға” ауысты. Біз сыраныаяқтамай, араққа ауыстық. Сол мезет кафеге бір топ қыз келіншек кіріп келсін.Араларында Дәмеш бар. Бұларға не жоқ-әй?! “Келіңдер, қыздар, бірге отыралық” дедіЖұмағаң келмеске кеткен керемет күндері еске түсіп. Қазір Дәмеш “Еще чего!” дейді.Демеді. Бірақ, отырмады да. Бөлек жайғасты. “Өтірік айтқан жеріңде көп тұрма”деген өзімнен өзім қуыстанып ерте кетіп қалдым. Ертеңіне ертерек келсем, телефоншырылдап жатыр екен. Алдым. “Амансың да, айналайын” деген әйел дауысын бірдентаныдым. Музыкальный слух, понимаешь. Бейсекеңнің үйіндегі жеңгей. “Ағаңжұмыста ма?” деді ақырын ғана, кеше қайда болып едіңдер?” Түсінікті. Сейсекең,  үйге қонбаған. “Ия, кеше аздап неғып… не боп…ал Сейсекең осында, Ақарыс, әй, Жанарыс, Сейсекеңді шақыршы, жеңгей ғой. Недейсің? Жиналыста ма?”. Жеңгей “жоқ, шақырмай-ақ қойыңдар, аман жүрсе болды” дептрубканы қойды. Күн ұлы сәске ұрына Сейсекең келді. Судан шыққан суырдайсүмірейіп біз отырмыз, бұл болса таң асқан тарлан боздай сергек, ойқастап тұрәшейін. “Ой, кеше сіздерден соң, қайда кеткенімді білмеймін. Бір есімді жисам, Еңлікханныңүйіндеміз. Тағы бір есімде жисам, кухняда оның орыс қатынын сүйіп тұр екенмін”деп күлді. Күлкісі жарқын жарқын. Еңлікханды танимыз, “Мектеп” баспасында жұмысістейді, бірақ, оның құдай қосқан һалалы тап біздің Сейсекеңе сүйдіре қоятындайәйел емес. Шу асаудың өзі.

Тағыбір жаңалық, бұған дейін бір де бір рет болмаған, болуы мүмкін емес жаңалық, айтсаңмына әлемде ешкім сенбейтін жаңалық – сол күні Дәмеш жұмысқа келмей қалды. 

* * * 

ҰзамайМолдекең Қазақстан Компартиясы Орталық Комитетіне нұсқаушы болып өсіп кетті де,орынына Жұмағаң …емес, Сейсекең тағайындалды. Келесі көктемде Молдекең Н.облысына  қызметке ауысып, мені өзіменбірге ала кетті. Нұсқаушылыққа. Содан Алматыға көп жылдан соң оралдық.

Баспаорнында. Сол Алматы. Жұмағаңнан басқасының бәрі дін аман. Есіл ақын жүректалмасынан қайтыс бопты. Жедел жәрдеммен ауруханаға апарса дәрігерлер “бұл кісіарақ ішуші ме еді, ішсе басқа ем жасаймыз, ішпейтін болса басқа укол саламыз” депсұраған көрінеді. Үш қызы үш жақтан дәрігерге “не айтып тұрсыз, арағыңыз не, бұлсөз үшін жауап бересіз, алдыңыздағы атақты ақын екенін білесіз бе?” деп өретүрегелген. Уколдан соң ұзамай жүріп кетіпті. Ішетінін айтқанда басқа ем жасап аманалып алуға болатын еді деп өкініпті әйелі кейін. Ақарыс бес кітап, алты баланыңавторы атанып барып пәтер алған. Жанарыс “Білім және еңбек” журналына жауаптыхатшы боп жұмысқа  ауысып кетіпті. Сейсекең Бас редактор. Солай. “Біреу өлмей біреукүн көрмейді” деген осы.

А,айтпақшы Дәмешті ұмытып барады екем ғой. Дәмеш аман көрінеді. Тұрмыс құрмаған. Солжылы қыста үшем босаныпты. Аттары Ақарыс, Жанарыс, ал үшіншісінің аты басқа, есімдеқалмапты. Бодаухан ба, Дәлелхан ба — қытай қазақтарында  кездесетін ат. Менің есімімді неге қоймады екен?Үшемнің әкесі кім деп ешкім сұрамайды деседі. Сұраса Дәмеш “Еще чего?!” депқарсы шабары хақ.

Досымсейіт ҚОЖА. 

 

 

 

Тегтер: