Жобалар
Редакциямен байланыс
Жарнама
17:00, 22 Қаңтар 2021

Семейді қыстан сақтауға қолы қойылмаған Сақтағанов келді

None
None

Бұған дейін Шығыс Қазақстан облысы әкімінің орынбасары, Ұлан ауданының әкімі қызметін атқарған Нұрымбет Сақтағанов Семей қаласының әкімі болып тағайындалды.

Жаңа жылдың алғашқы айымен жеткен жаңалықтың «көкесін» семейліктер бүгін әлеуметтік желілерде қуана бөлісіп жатыр. Тіпті, уатсапп желісі арқылы Нұрымбет Аманұлының тағайындалуына қатысты Президент Әкімшілігінің келісімі негізінде қабылданған облыс әкімі Даниал Ахметовтің өкімі де жарқырап шыға келді. Бірақ та, бір қызығы онда Д. Ахметовтің фамилиясы мен мөр басылып тұрғанымен, қолы қойылмағаны анық көрініп тұр.

Дегенмен, соған қарамастан семейліктер қыстың көзі қырауда проблемасы шаш етектен үйіліп, шенеуніктердің оған қатысты не шешіп отырғанын анықтай алмай сабылған жұртқа бұл ақжолтай хабар іспетті әсер еткеніне күмән жоқ.

Тегтер: