Жобалар
Редакциямен байланыс
Жарнама
Бүгін, 09:02

Семей маңындағы 8 млн теңгеге салынған қоқыс полигоны бір жылда апатты күйге түскен

Семей
Фото: Илья Бароховский / «Орда»

Семейге қарасты Жаңасемей ауданындағы Өзеркі ауылында 2023 жылы пайдалануға берілген уақытша қоқыс полигоны бүгінде апатты күйге түскен. 

"Орда" басылымының жазуынша, 8 миллион теңгеге салынған нысанның қоршауы құлап, тұрмыстық қалдықтар белден асып, аумақтан тысқары тарап кеткен. Жергілікті тұрғындар мұны құрылыс сапасының төмендігімен және бақылаудың жоқтығымен байланыстырады.

Ауыл тұрғындары бұл полигон бойынша бірнеше рет жоғары органдарға шағым жазған. Олардың айтуынша, құрылыс кезінде де, кейін пайдалануда да көптеген рәсімдік және техникалық талаптар сақталмаған.

Дәл осы шағымдар негізінде жүргізілген ішкі мемлекеттік аудит департаментінің тексерісі 13 миллион теңгеден астам қаржылық және рәсімдік заңбұзушылықты анықтаған. Оның ішінде мердігерге негізсіз аударылған қаражаттар да бар.

Қоғамдық кеңес мүшесі жағдайды көзбен көрді

Қоқыс полигоны орнына барған облыстық қоғамдық кеңес мүшесі Роллан Машпиев полигонның шын мәнінде толып кеткенін және қоқыс мүлде шығарылмайтынын растады. Оның айтуынша, нысан тек уақытша сақтау үшін салынғанымен, нақты жағдай бұл талапқа мүлде сәйкес келмейді.

 «Бұл жердегі уақытша қоқыс алаңының жағдайы таңғалдырды. Қолымда жаңа ғана қабылданып алынған жұмыстардың актісі бар. Бірақ жазда бәрі қирап қалған. Осындай жұмысты қалай қабылдайды? Бұған Антикор назар аударуы керек», — дейді белбелсенді.

 Әкімдік не деді?

Жаңасемей ауданы әкімдігі жауап беріп, қоршауды қалпына келтіру жұмыстары келесі аптада басталатынын хабарлады. Сондай-ақ, анықталған кемшіліктерді жою бойынша шаралар жүргізіліп жатқанын мәлімдеді.

Алайда жергілікті тұрғындар қоршаудың жаз ортасында-ақ бүлінгенін айтады. Тек әлеуметтік желідегі резонанстан кейін ғана мәселе бойынша ресми түсіндірме берілген. Шенеуніктер мемлекеттік аудит қорытындылары туралы ештеңе айтпаған.

Тегтер: