Кеше, 17:51
Семейде апатты үйдегі бес отбасы Берік Уәлиге үндеу жолдады
Семей қаласының тұрғыны Ержан Амарқанов Абай облысының әкімі Берік Уәлиге бейнеүндеу жолдады.
Оның айтуынша, Кожкомбинат көшесіндегі 13 «а» үйінде 2023 жылға дейін 17 отбасы тұрған. Кейін олардың бір бөлігі қауіпсіз баспаналарға көшірілгенімен, бес отбасы әлі күнге дейін осы апатты жағдайда өмір сүріп келеді. Кейбір тұрғындар бұл үйде 30 жылдан астам уақыт бойы тұрып жатыр. Амарқановтың сөзінше, бұл жағдайды «өмір сүру» деуге келмейді, олар тек «амалсыз күн көріп отыр».
Видео авторы облыс әкіміне осы отбасыларға жаңа пәтерлер бөлуге көмектесуді сұрады. Тұрғын үйдің қазіргі жағдайын бейнежазбаның соңынан көруге болады.