Жобалар
Редакциямен байланыс
Жарнама
Бүгін, 15:10

Семейде қоқыс контейнерінен жаңа туған сәбидің мәйіті табылды

сәби
Фото: из открытых источников

Семей қаласында қоқыс контейнерінен жаңа туған нәрестенің мәйіті табылуына байланысты полиция сотқа дейінгі тергеу бастады.

Алдын ала мәліметке сәйкес, сәбидің денесі контейнерлердің бірінен табылған, ол орамалға оралған күйде болған. Оқиға орнына жедел-тергеу тобы жіберілді.

Тексеру барысында полиция ауылда тұратын 20 жастағы қызды анықтаған. Ол жұмыссыз, тұрмыста болмаған. Өзінің айтуынша, үйде босанған, ал сәби дүниеге тіршілік белгілерінсіз келген.

Сонымен қатар, тергеу барысында нәрестенің мәйітін қоқыс контейнеріне апарып тастаған ер адам да анықталған. Оның аты-жөні жария етілмейді.

Сәбидің денесі сот-медициналық сараптамаға жіберілді. Сараптама қорытындысы істің әрі қарайғы процессуалдық шешіміне негіз болады.

Тегтер: