Бүгін, 13:54
Семейде жаңа туған нәрестесін қоқысқа тастаған ана елден шықпау туралы қолхатпен босатылды
Семейде қоқыс жәшігінен нәрестенің денесі табылған іс бойынша анасы мен оның танысы тергеу кезінде елден шықпау туралы қолхатпен босатылды.
Бұл ақпаратты Абай облыстық полиция департаменті растады.
Неліктен олар уақытша ұстау изоляторына (ИВС) қамалмады деген сұраққа полиция қызметкерлері қазіргі уақытта қосымша тергеу әрекеттері жүргізіліп жатқанын, соның ішінде баланың өлім себебі анықталуы қажет екенін түсіндірді.
"Қазір оқиғаның барлық мән-жайы анықталып жатыр. Осыдан кейін тиісті процессуалдық шешімдер қабылданады", – деп хабарлады департамент.
Сондай-ақ полиция өкілдері кінәлі адамдар жауапкершіліктен құтылмайтынын, кінәсі дәлелденген әр адам заң бойынша тиісті жазасын алатынын атап өтті.