Жобалар
Редакциямен байланыс
Жарнама
07:17, 16 Маусым 2020

Сенат қажет пе, өзі?

    Биыл  қазан айында 17 сенатордың «дәм-тұзы,ай-күні» таусылады екен  деп,жамандық  төндірмей-ақ қоялық.

Бірақақиқаты  сол – олардың сенаттағы өкілетініңмерзімі бітіп,  өзгелерге  жол бермек екен.  Соған  сай, мемлекет басшысы жарлық  шығарып, сенат депутаттарын сайлау 12 тамызда өтетін болып белгіленді. Оған 254,5миллион теңге бөлініп  қойыпты. Еске  сала кететін бір жайт,  елімізде қос палаталы  парламент 1995 жылғыКонститутцияға сәйкес,  дүниеге келген. Сенат  депутаттары 47  адамнан тұрады. Оның   32-сін мәслихат сайласа, 15-ін президент тағайындамақ. Яғни сенаторлардың   үштен  бірі мемлекет басшысының  сенімді  өкілдері десек,  қателеспейміз.

Жалпы, сенат президент пен төменгі палата – мәжілісарасындағы жалғастырушы құрылым міндетін атқаратыны  хақ. Алайда қоғамда сенатты басы артық құрылым  ретінде  санайтындар көп.  «Сенат депутаттарын  ұстау артық  шығын, бізфедералды   мемлекет емеспіз, унитарлымемлекетпіз. Демек,  бізге  парламенттің қос палаталы  болуы міндет емес»  деп жосиды  олар. Ақиқатын айтар  болсақ, солай. Сенаттың  бар миссиясы мәжілістенкелген  заңдарды сүзгіден өткізу,  безбенге салу, жарамсызын  кері  қайтару, мемлекет басшысының оң жамбасынакелетін заңдарды мақұлдап, қол  қоюғаәзірлеу т.б. секілді тірліктер.

 Дегенмен қоғамда  биыл күзге  салым кезектен тыс мәжіліс сайлауы  өтеді деп күтіліп  еді. Оған енді  жол жоқ сияқты.  Оның орнын  сенат сайлауы  басты. Бұл сайлау   биыл сәл өзгеше болмақ. Өйткені  бұл жолы  сенатқа енетіндер бұрынғытұңғыш  президенттің,  яғни қазіргі  Қауіпсіздік  кеңесі төрағасының  емес,  президент Тоқаевтың жүргізіп отырған  саясатынқолдаушылар  болуы  шарт. Осының өзі-ақ Тоқаевтың   биліктегі позициясын  нығайта түспек. Әлбетте, айтқымыз келгені  Тоқаевтың  айналасына өз мүдделестерін  топтастыруыемес,  сенаттың  ахуалы.  Бір қарасаң сенат биліктің  оқшантайынан   «түсіп қалғандардың»   ат басын тіреп, күнкөрісін жалғайтын  «жұмақ мекеніне»  ұқсап барады.  Яғни  сенат депутаттығына жоғары лауазымды қызметіненбосаған шенеуніктер тағайындалып келеді. Содан  болар, сенатты таратып, керісінше,  мәжілістің құзыретін күшейткенді жөн  көретіндер көп.  Тіпті  «ақырыүштен бірін  президент тағайындайды екен,ақша  шашып,  шоу ұйымдастырып,  спектакль  жасамай-ақ бәрін  неге президенттағайындай  салмайды»  дейтіндер де жоқ емес. Бәлкім, ол да  дұрысшығар. Қалай  десек  те, әзірге біз  бір палаталы парламентке айнала  қоймасымыз  шығар күннің көзіндей  шындық.

ДосКӨШІМ,  саясаттанушы:

– Қазақстан парламентінің жоғарғы палатасы – сенаттың  саяси қажеттілігі, қызметі мен жұмысыныңтиімділігі жайлы әңгіме мәңгілік тақырыптардың қатарына кіретін сияқты. Әрине,бұл құрылым билікке, оның ішінде президентке керек екеніне талас жоқ.Біріншіден, қызметтен уақытша кеткен ірі лауазымды қызметкерлер кенеттенбиліктің сыншысына айналмау үшін жоғарғы деңгейдегі «уақытша қамау изоляторы»жасақталды. Екіншіден, мәжілістен түскен заңдардың ішінде шектен шығып баражатқан баптар болса, оны тоқтатып, қажет болғанда кері қайтаратын, сол арқылы президенттіңатын былғамай, тамаша сүзгі қызметін атқаратын құрылым өмірге келді. Сенатқұрамының үштен бірін президенттің тағайындауы да осыны көрсетеді. Үшіншіден,жаңа бір қызмет орындары ашылғанда керек адамдарды маңдайларынан шертіп алатын«қосалқы құрам» отыратын жылы орынға айналды т.с.с.

Сенаттың классикалық рөлі – парламентте белгілі біраймақтардан өкілдердің болуы Қазақстанның бүгінгі сенатына қатысы жоқ сияқты.Әрине, сенатта әр облыстың мәслихаты сайлаған депутаттар бар. Бірақ унитарлымемлекет үшін аймақтық өкілдердің пәлендей қажеттілігі бар деп айта алмаймыз. Екіншіден, оларды солаймақтың сайлаушылары тікелей сайлаған жоқ, сондықтан оларда аймақтық деңгейдежауапкершілік бар деп айта алмаймыз. Сондықтан қазіргі қазақ сенатының қызметімәжілістің дайындаған заңдарын қайта бір қарап шығумен және сол заңдардыпрезидент пен үкіметтің (бізде атқарушы билік заңдардың жобасын дайындаушыболып табылады) талабына сай болуын бақылаумен шектеледі деп айтуға болады.Қысқасы, сенат – билікке ғана керек құрылым.

   Меніңше, сенаттыңаймақтық өкіл есебіндегі рөлі мәжіліс депутаттарын бір мандатты округтенсайлағанда күн тәртібінен түсіп қалады. Сондықтан да бізге аралас сайлау  жүйесі (пропорциялы және мажоритарлы) қажет.90-жылдардағы бір палаталы Жоғарғы Кеңес қазіргі екі палаталы парламенттен  тиімді де нақты жұмыс жасады деп ойлаймын.Екіншіден, халықтың тікелей сайлауынан өткен палата (мәжіліс) дайындаған заң жобаларынжанама сайлаудан өткен палатаның (сенат) тексеруі ешқандай сын көтермейтінжағдай.

КүлтегінБЕК,

«ЖасАлаш»

Тегтер: