Сенаттың отырысы күн тәртібінен ЛГБТ насихатына тыйым салу туралы заң жобасы алынып тасталды
Сенат отырысының күн тәртібінен «ЛГБТ насихатына тыйым салу» нормасы енгізілген заң жобасы алынып тасталды
Бұл туралы ҚазТАГ хабарлады.
Агенттіктің жазуынша, 3 желтоқсанда сағат 17:48-де сенат ақпарат құралдарына күн тәртібін жіберген. Онда «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне мұрағат ісі және заңсыз контентті шектеу мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» заң жобасы да болған. Алайда 2,5 сағаттан кейін журналистерге жаңартылған хабарлама жолданып, даулы норма енгізілген заң тізімнен түсіп қалған.
Сонымен бірге мәдениет және ақпарат вице-министрі Евгений Кочетов пен Айбек Сыдықовтың брифингке қатысатындар тізімінен де алынып тасталғаны айтылды.
ЕО президентінің Қазақстанға сапары қарсаңында ЛГБТ «насихатына» байланысты нормалар қамтылған заң жобасының талқылауы кейінге шегерілген.