Жобалар
Редакциямен байланыс
Жарнама
10:20, 14 Желтоқсан 2021

Сенеміз бе?! Цой коронавирусқа қатысты оптимистик сценаримен келе жатқанымызды айтты

None
None

Денсаулық сақтау министрі Алексей Цой Қазақстанда коронавирусқа қатысты жағдай оптимистік сценарий бойынша келе жатқанын айтты, — деп хабарлайды 

"Әлемде 270 миллионнан аса COVID-19 жағдайы тіркелген, тәулігіне 400 мыңнан аса жағдай.

5 миллионнан аса адам қайтыс болды. ДДСҰ Еуропалық аймағының мәліметтері бойынша, соңғы екі аптада 54 елдің ішінде 19 елде ауру деңгейі өскені байқалады. Екі апта ішінде аурушаңдық Францияда едәуір байқалды, онда ауру 100 пайыздан аса, Португалияда – 50 пайыздан аса, Швецияда – 60 пайыздан аса, Италияда – 50 пайызға жуық өсті. Қазақстанда соңғы екі аптада аурушаңдық 31 пайызға төмендеді. Оптимистік сценариймен келе жатырмыз", — деді Цой Үкімет отырысында.

Оның айтуынша, соңғы екі аптада Қазақстанда аурушаңдық 31 пайызға төмендеген. Бір миллион халыққа шаққандағы дүниежүзілік рейтингте Қазақстан аурушаңдық бойынша 110-шы орында, өлім-жітім бойынша 222-нің ішінде 102-ші орында тұр. Республикада ПТР-сынамасы оң нәтиже берген 980 372 коронавирус инфекциясы жағдайы және ПТР-сынамасы теріс нәтиже көрсеткен 83 437 жағдай тіркелген. Науқастардың 96 пайыздан астамы сауығып кетті.

Тегтер: