Сені де өмір ғашық етіп қинасын

КҮҢІРЕНБЕ,МОЛАЛАР
Күңіренбе,молалар, күңіренбе,
Сұм жалғанопалы кімдерге?!
Сізден деқалған бұл дүние,
Өтеді бізденде.
Тағдырын Тәңірге тапсырған,
О, қайран,бөрілер, ақшулан.
Ақиқатедіңдер кешегі,
Сақалын сантарам жас жуған.
Күрсініп өткенніңтілінде,
Ештеңе айтпаңдар бүгінге.
Табатын төріғой пенденің,
Баратын жеріғой түбінде.
Бүк түсіп баладай өкпелеп,
Жата бер,
Кектенбей текке бек.
Біздер де дәл сендей баһадүр,
Бұл заман шақырған жекпе-жек.
Кеудеңнен сан тарау сел ағар,
Күрсінбе, саңырау бола қал!
Келешек келеді іңгалап,
Күңіренбе, молалар, молалар!!!
АҢСАР
Хат жазам мен де сағыныш, аңсар пейліммен,
Хат жазады ол да кеудесі байтақ ой-мұңмен.
«Мыңжылқы дейтін жайлауым қалды» дейді атам,
«Қарт Іле дейтін қаймағым қалды» деймін мен.
Мұңына қарттың абайсыз айтқан әзілім,
Шынға айналар деп ойладым ба екен –
Жазығым!
Сағынып жүрді көктемде келген құстарды,
Сарала күзде санаға құйып қаз үнін,
Тұманға батып жанары,
Ойда мұң кілкіп,
Туған жер, әттең –
Ол да бір ойдың қылқұрты.
Боз ала таңда булығып барып,
кісінеп
Оянады екен түсіне кіріп Мыңжылқы.
Мен дағы бүгін көзімнің алды тұмандап,
Боза ала таңым атар бір тұста қылаулап.
Тағдыры талай талқыға түсіп, тартылған
Іледей болып жатамын сосын мың аунап,
Біріне бірін ынтызар қылған!
О, тоба-ай!
Желіге келіп, жәудіреп тұрам ботадай.
Туған елінде туған жері жоқ, басым-ай,
Өлген елінде туған жері жоқ, Атам-ай!
БҮЛДІРГЕН ЖАЙЛЫ ЕРТЕГІ
Жәудір жанары мұң тұна қалған меңлімдей
Немесе соның бұртия қалған ерніндей.
Бүлдірген самсап тұратын еді күнгейде,
Қып-қызыл нұрдан тамып бір кеткен мөлдірдей.
«Алпысқа келіп, ассақ та талай мың белден,
Қарғам-ау, мұндай қасіретіңді кім көрген.
Қазақтар ауып, өзгежұрт көшіп келгелі,
Бүлдірген дағы жерініпкеткен бұл жерден».
Топырақ иіскеп,еңсесін жерден көтермей,
Күрсінді көкем,көкірегі ұшып кетердей,
«Арына тисе ажалғағана жар болған,
Жарықтық бұл да арудайадал екен ғой»
Түңіле сөйлепбүлдірген жайлы баянын,
Толқып бір тұрдыбәйтерек сынды саялым.
«Сәби де сенбес мұныңыз енді ертегі», –
деп айтқым келген,
Айтпадым.
Мүмкін, аядым.
Сағынышы елдің жүргенсоң болар көп өртеп.
Ұйытты мені имандайболып сол «ертек».
***
Бұл ауылда оқылмайды құран да,
Желге ұшқан жоқ жер ошақтың түтіні.
Шығыстағы жеті басты жыланға,
Бара жатқан секілді енді жұтылып.
Естілмейді азанның да дауысы,
Қазанның да жылынған жоқ бауыры.
Үнсіз ғана қасіретпен қауышып,
Тілсіз қалған кейуанадай ауырып,
Жатыр, әне, өз жүрегінтүтіп жеп,
Әлде кімді күтетіндейелеңдеп.
Қайран ауыл, бауырыңдыбүтіндеп,
Қалай ғана алсам екенсені емдеп?!
Найзағайдай үмітімдібұлт ішіп,
Сол далаға сағыныш бопбайландық.
Құбылаға арманы менрухы ұшып,
Құр сүлдері қалыпқойған қайран жұрт.
***
Өзекте ауыл.
Өрттей жанған кешқұрым,
Өзегімдітырнайды кеп ескі мұң.
Құбылағажинады күн сәулесін,
Құйрығындайқанжирен кіл бестінің.
Бурабұлтты есіп өткен сарбауыр,
Мынакөк шың – қанға малған қандауыр.
Аулақбарып ыңыранып шөкті де,
Ауырсыныпауық-ауық аунады.
Саяқкеткен жылқы үні де үрейлі,
Сапырадыбір ой қуып, бір ойды.
Жортуылданжеткен Жетіқарақшы,
Құбақырдың желкесінде түнейді.
Жезкиіктің сауырындай мұңлық ай,
Көкжиектенқашады ұзап құлдырай.
Жүрегімдейжүдеп қалған ауылдың,
Жетімсірепжатқан осы тірлігі-ай!
***
Саған мүлде апаратын жол болмай, Және соған баруға еш қамданбай, Құдай кешсін дәл осынау күнімді. Саған да өмір бір махаббат сыйласын, Бал ғұмырдың жақсылығы — сол болғай! Сенсіз, тіпті, ғұмырымда мән болмай, Және соны айтуға еш арланбай, Құдай кессін дәл осынау тілімді, Сені де өмір ғашық етіп қинасын, Тағдырыңның тапшылығы — сол болғай!
***
Бұл ғұмырдасыр айтамын деп жүріп,
Тағдырымдыталай жарға құлаттым.
Сұлу қыздықуантамын деп жүріп,
Жақсы қыздыжалғыздықтан жылаттым.
Жыр-ғұмырда азбаймындеп жүріп-ақ,
Көп досымнаналасардым, кетілдім.
Жаман өлеңжазбаймын деп жүріп-ақ,
Жақсы сөздіжалғыздықтан өлтірдім.
***
Іңірқараңғысында келді көктем,
Сол баяғысезіммен, сол жүрекпен.
Қарлығаштыңбауырын қас-қағымда,
Қарындастыңкөзіндей мөлдіреткен.
Бірде ағытыпшідерін көңіл кердің,
Мүлде жаңакеледі өмірге енгің.
Ең алғашқытамшысы мөлт ете қап,
Шымырлаттықұйқасын қоңыр жонның.
Қарашығыңсекілді талдың бүрі,
Жанашырыңсекілді әр бұлбұлы.
Қолың созсаңеркелеп,
Еміреніп,
Жұпарланыпқояды балғын гүлі.
Қозы енесініздейді, сөз егесін,
Сонау балғынкүндерді кезеді есің.
Бала мұртытебіндеп бозбала – тал,
Көрші қыздыңқағып тұр терезесін...
***
Көрші жайын айта кеп, көңіл жайын,
Анам кейде келтіріп сөз ыңғайын.
“Әп-әдемі бала ғой, айналайын”
Ұлы үйленбей қалардай – со бір уайым.
Сол көрші қыз жүрсе де аға тұтпай,
Ұнатпаған күйге еніп,
Сәл асықпай.
«Қарындас қой ол маған,
Қарындасты
Қорғау керек, — деймін мен, — қарашықтай»
Анасы бір жақсы адам жоқ наласы,
Атымды айтса алғандай шоққа басып:
«Кішкентаймын мен одан» дейді екен қыз,
«Мен де әкеңнен кішімін» депті анасы.
Неге екенін сол сөзін анасының,
Жақсы көрем жанымдай әлі осы күн.
Білдірместен жүріп-ақ туған айдай,
Бір-ақ күнде бойжетті «қарашығым».
Аналардың тілегі-ай, әппақ тегі,
Біздер үшін қойды екен сақтап нені.
Анда-санда кездессек қымсынамыз,
Сол ұяңдық тәтті еді,
тәп-тәтті еді...
Туған ауыл – кіндігім жүз байланып,
Жеттім бүгін, жаз ауып, күзге айналып.
“Той өтті ғой көрші үйде” дейді анашым...
Жүрек нені қимайды, ей,
Сыздай қалып.
О, тоба!
ДҮЛДҮЛ
Айдағар еді –тегім.
Туып ем
Арғымақтарданқайырған.
Шұрқырайшығып теңіз түбінен,
Ай астындағана жайылғам.
Жұтына кетсемжеліге байлап,
Кекілімсүйген көк аспан.
Құтыра кетсембөрімен ойнап,
Жеткізбейжүйткіп бел асқам.
О, Қамбаратам, Құлагер бабам,
Қайдасың ағам– Көкмойнақ.
Қақпайлапұрып, мына кер заман,
Барады біздіотқа айдап.
Төбемненбүгін күшіген ұлып,
Қансырапқалған құлын ем.
Төбелжұлдызың түсіме кіріп,
Кісінеп шығамтүнімен.
Табайынқайдан сенсіз бағымды,
Қалдырдың баенді жұртқа иен,
Қырық үшкүндік кемшін бабымды,
Қымызбенжазған Құртқа-ием!
Сірі табаныңжолдарды қажап,
“Сеніменжаным егіз” деп.
Сен тіріболсаң, Қобыланды-қазақ,
Келерсің біркүн мені іздеп!
Табарсың біркүн мені іздеп...
СҰЛУ АЛМАТЫМ
Шұғылаң да түн, қайтейін,
Құбылаң да түн,
Құбыла қалсаң антыңнан суынар ма ақын?!
Мен саған осы қалпыңмен ынтызар болғам,
Тек қана сенің кінәң жоқ, сұлу Алматым.
Келбеті ләйлі, қалам-ай, кеудесі қайғы,
Кер заман туса құдайын пенде сынайды.
Жат бауыр балапандарын баурыңа басып,
Сығанның сылқым қыздары теңге сұрайды.
Оған да сенің кінәң жоқ, сұлу Алматым.
Сойыл да тиіп өтеді соры қалыңға,
Сорлапжүреді кей-кейде оғыланың да.
Мешіттертаңғы азанын қоңыраулатса,
Масағай құлап жатады омырауыңда.
Оғанда сенің кінәң жоқ, Сұлу Алматым.
Өтедібіреу өмірге опына жаздап,
Өтедібіреу тағдырын аһ ұра қарғап.
Атағытаудай ақынның көшесін бойлап,
Сұмнәпсі, суық құшақтар шақырады арбап.
Оғанда сенің кінәң жоқ, Сұлу Алматым.
Шіренген зәулім үйлердің сөнгенде шамы,
Сағыныш шөлін бауырлар шермен басады.
Арыстай болып ағалар құлап жатады,
Аға бола алмас біреулер кердең басады.
Оған да сенің кінәң жоқ, Сұлу Алматым.
Сұлу Алматым, мәңгілік жұмағы жердің,
мен сені барлық ғаламның тұмары дермін.
Бейкүнә туып, беймезгіл ақын боп тұрған,
Бәріне соның жалғыз-ақ кінәлі — менмін!
Кінәлі – менмін!
ТЕҢІЗ
Беу, Теңіз, бегзатым-ай, жаны мұңды,
Мен саған барған жоқпын әлі күнгі!
Көкке атып көбігіңді көкжиектен,
Тауысып жатырмысың сабырыңды.
Қазірге бұлақпын мен, күте бергін,
Біркүні жолықтырар құты өлеңнің.
Жағаңда самалды өппей, саған жетпей,
Әманда ақ арманы біте ме ердің?!
Сол күні қарсы ал күліп, теңіз, мені,
Шер-мұңды жырымды оқы көзімдегі.
Кеудеңнен айға ұмтылған ақ маржандай,
Шашылып қалсын саған сезімдерім.
Толқындар тулап қағып барабанын,
Солқылдап шулап қалсын жағалауың.
Төбемде шыр айналып тұрып алсын,
Төменненшырқап ұшқан шағала мұң.
Жүзіңде,Көкше теңіз, қалқуда ай-күн,
Түбіндесаған жетпей тартылмаймын.
Аңыздағыаласұрған айдаһардың,
Ақалтын бауырындай жарқылдаймын.
Тумағантұнығыңмын көшіңдегі,
Тулағантолқыныңмын төсіңдегі.
Керзаман кері ағызып әлдеқалай,
Кешігіпкелер болсам, кешір мені!