Жобалар
Редакциямен байланыс
Жарнама
19:27, 16 Сәуір 2023

Сенің жоқ дегенің маңызды!

None
None

1991 жылы №6 Аймақаралық басқармасы құрылған, сол жылдары мен жемқорлықпен күресу басқармасында жедел уәкіл қызметін атқардым, бүгінгі таңға дейін жемқорлықпен күресу тақырыбына көңіл бөлемін.

Жемқорлық дегеніміз не? Бұл келеңсіз құбылыспен күресу барша халықтың алдында тұрған ортақ мәселе.

1990 жылдардың кезіндегі сыбайлас жемқорлықпен күресу қазіргі кездегі күресумен салыстыру өте қиын. Өйткені, ол заманда, сыбайлас жемқорлықпен күресу, қылмыс кодексінің баптары қаталдау болды деп санаймын.

Мысалы, пара алған адам – ішкі істер органының қызметкері болса, оны әлбетте сегіз жылға бас бостандығынан айыратын. Параны алған адам қаншалықты мемлекетке зор қызмет етсе де, оның отбасындағы жағдайымен алған параның мөлшері аса маңызды деп  саналмайтын.

Қазіргі заманда қылмыс кодексіне өзгерістер енгізіліп, сол  баптың жеңілдеуі, осы күндегі  түске кірмес статистиканы жоғарлатуы бізге мәлім.

Сыбайлас жемқорлық менің түсінігім бойынша – ол адамның бір рет пара алуы, одан әрі қарай оңай табыс, оңай ақша, оңай байлық, қанағат жоқ деген мағынаны білдіреді. Пара алу кезінде – адамның көзі ақшаға байланып, бүкіл өмірі мен болашағына мән бермей жеңіл жолмен ақша табудың майталманына айнала бастайды.

Адам – сыбайлас жемқорлыққа салынса, пара ала берсе материалдық жағдайы мен өмірі жеңілдей түскендей  болып көрінеді. Ол адам отбасының, ағайын-туыстарының дос жарандарының, халқының алдында үлкен ұятқа ие болады. Ата-бабасының ғасырлар бойы жинаған абыройына сызат келтіріп, өмірінің соңына дейінгі өшпейтін таңба «Жемқор»- деген атқа ие болады!

Ақша шіркін майдаланса тиын ғой,

Адам бірақ майдаланса қиын ғой.

                                                              Сырбай Мәуленов

90 жылдарда сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес басқармасында қызмет атқару кезіндегі есімнен кетпейтін бір жағдай болған, ол ішкі істер органында қызмет атқарған жас жігіт, сол кезде 100 АҚШ долларын, өз жұмыс орнында пара алу кезінде қолға түседі. Бұл жағдайдың ең қиын орны болған, ол жігіттің үйіне барып іздеу жұмысын жүргізу барысында, елестетіңізші, ол жатаханада тұрған, кішкентай бөлмеде жас жолдасы мен екі жасар қызы болды. Іздеу жұмысы басталды, бірақ жігіттің кішкентай қызы іштей жаман уақыт келгенін сезгендей жылай берді,- сол мезетте мен іздестіру жұмысын жүргізуден бас тарттым, өйткені өте ауыр жағдай. Әрине бастығымнан сөз естідім, сондағы бастығымның маған айтқан пікірі есімнен бүгінгі күнге дейін кететін емес « Егерде сен әр адамды, жылаған балаларды аяушылықпен қабылдасаң, онда сенің жұмыс орның бала-бақшада болу керек» деген дауыс әлі күнге дейін жадымда.

 Ол жігіттің алтындай сегіз жыл уақыты темір тордың арғы бетінде, жолдасы мен екі жасар қызы бергі бетте әкелік лебіз бен махаббаттан айырылып қала береді.

Бұл сыбайлас жемқорлықпен күресу барысындағы оқиғалардың кішкентай ғана бір бөлшегін жеткізу!

Бүгінгі күндерді, қазіргі кешіп жүрген заманымызда сыбайлас жемқорлықпен күресу жұмысы әрине атқарылуда, бірақ қылмыстық кодекстің жеңілдеуі өте ауыр, мысалы миллиондап, немесе көзге көрінбейтін қағаз жүзінде алынатын «жымқыру» (хищение) үлкен мөлшерде алынып жатқаны барлығына мәлім, ол жеңіл жол десек адаспаймыз, өйткені заңның бағынуына келсек, көрсетілген мөлшерін төлеп құтылу оңай, оңай десекте, «қара таңба» өшірілмейді.

Құрметті оқырмандар әрқашанда адамдық жақсы қасиеттерді сақтап, мақсатты нәтижелерге жету үшін өз мүмкіншіліктеріңмен жетуге тырысыңдар. Пара берумен  алуда қылмыс екенін ұмытпайық.

ҚР ІІМ ҚАЖК «№13 мекеме»

РММ-нің маманы

Даулетова Акжолтай

Тегтер: