Сербияда Вучичке қастандық жасамақ болды деген күдікпен екі адам ұсталды
Сербияда мемлекет басшысына қастандық жасамақ болды деген күдікпен екі адам ұсталды
Елдің Ішкі істер министрлігінің мәліметінше, олар президент Александар Вучичке және оның отбасына шабуыл жасауды жоспарлаған.
Құқық қорғау органдарының хабарлауынша, 1975 және 1983 жылы туған екі ер адам Кралево қаласында қолға түскен. Тергеу нұсқасына сәйкес, күдіктілер 2025 жылдың желтоқсан айынан 2026 жылдың ақпанына дейін елдің конституциялық құрылысын күшпен өзгерту және жоғары мемлекеттік органдарды құлату мақсатында алдын ала сөз байласқан.
Ішкі істер органдарының дерегінше, олар қару сатып алу мүмкіндігін талқылаған. Сондай-ақ күдіктілер Сербия президентіне, оның жұбайы мен балаларына қастандық жасап, өмірлеріне қауіп төндіруді көздегені айтылып отыр.
Бұдан бөлек, тергеу барысында Сербия ІІМ қызметкерлеріне шабуыл жасау жоспары да қарастырылып жатқаны хабарланды. Қазіргі уақытта іс бойынша тергеу амалдары жалғасуда.