Жобалар
Редакциямен байланыс
Жарнама
16:52, 04 Шілде 2024

«Сергек» камералары Қызылорда көшелеріне де қойылды

f
Фото: polisia.kz

Қызылордада «Сергек» стационарлы жылдамдық өлшегіш құрылғылары іске қосылды. Бұл туралы ІІМ өкілдері хабарлады.

Аталған стационарлы жылдамдық өлшегіш құрылғылар екі бағытта жылдамдықты асырған және жолдың жүру бөлiгiндегi таңбалармен көрсетiлген талаптарды сақтамай құқық бұзушылық жасаған автокөліктерді анықтайтын болады.

Қоғамдық және жол қауіпсіздігін қамтамасыз ету мен жол-көлік оқиғаларының алдын алу мақсатында Қызылорда қаласы орталығында автокөліктер ағымы басым көше бойларына әкімшілік құқық бұзушылықтарды автоматты түрде анықтайтын 10 “Сергек” стационарлы жылдамдық өлшегіш құрылғысы іске қосылды, делінге хабарламада.

Сонымен қатар нөмірлік белгілерді (төмен жарық жағдайында да шағылыстыратын, сондай-ақ шағылыстырмайтын көлік нөмірін оқи отырып), темір тұлпардың түсін, маркасын автоматты түрде тануды, жылдамдық артуын оптикалық тіркеп, учаскедегі трафикті есептейді. ​

Құрылғылар 5 шілде күні сағат 00:00-ден бастап іске қосылады.