Жобалар
Редакциямен байланыс
Жарнама
10:56, 19 Қараша 2019

Серік Сәпиев: Допинг заңына ең алдымен басшылар мүдделі болуы тиіс

Келесі жыл спортжанкүйерлері үшін маңызды болмақ. Өйткені Жапония астанасы Токио қаласында төртжылдықтыңбасты додасы – олимпиада ойындары өтеді.

Осы ретте, бокстан Лондон олимпиадасыныңчемпионы, мәдениет және спорт министрлігінің денешынықтыру және спорткомитетінің төрағасы Серік Сәпиевпен кездесіп, аз-кем сұхбаттасқан едік.

–Комитеткекелгеніңізге тоғыз ай болыпты. Атап айтарлықтай  жетістіктеріңіз барма?

– Тоғызай көп те, аз да уақыт емес. Белгілі бір жетістіктеріміз бар.  Боксшылар әлем чемпионатынан жүлделі оралды. Жаңачемпион шықты. Өзге спорт түрлерінен де жақсы нәтижелерге қол жеткіздік.Комитет жергілікті басқару органдарымен тығыс байланыс орнатқан. Әртүрліспорттық жарыстар өткізіп жатырмыз. «Жастар жылы» аясында Qazaqstan Jastat Festспорттық жастар фестивалін қолға алдық. Алдымен астанадан  бастау алып, эстафета Алматы қаласына берілді.Қазіргі кезде еліміздің барлық аймағында жалғасын тауып жатыр.

Біз дайындаған допингкеқарсы тәртіпті қатаңдату туралы заң жобасын мәжіліс мақұлдады. Қазір сенатқажіберілді.

Өзіңіз осы заң жобасын дайындауға қатыстыңызба?

– Иә, қатыстым. Бұлзаң жобасы қолға алынған кезде мәжілісте депутат едім. Осы заң жобасын дайындағанжұмыс тобына жетекшілік жасадым. Одан кейін денешынықтыру және спорт комитетінеауыстым. Заң жобасы талқыланған кезде мәдениет және спорт министрінің өкіліретінде парламентке барып жүрдім. Яғни екі тараптан да бұл заң жобасына өз үлесімдіқостым деп ойлаймын. Мәжіліс бірінші оқылымда мақұлдаған жоқ, одан кейін барыпмақұлдады.  

– Бұл заң жобасы допинг қолданатындарға тоқтау сала алама?

– Заңның қабылдануынабірінші кезекте басшылық мүдделі болуы керек. Өйткені бұдан біз жапа шегеміз.Бір спортшы допингпен ұсталса, министрліктің атына кір келеді, имиджіне әсеретеді. Спортшы да қиналады. Допингпен ұсталса, дисквалификация алады. Жазасын өтегенненкейін бұрынғы формасында бола ма, жоқ па, ол жағы да белгісіз ғой. Сондықтан заңжүзінде жаза қатаң болса, оны қолданбас бұрын, спортшы ойланар еді. Заң жобасындайындау кезінде спортшыларға берілетін үйді және сыйақыны қайтарып алу көп талқыланды.Мемлекет бюджеті де резеңке емес. Тек соған лайықтылар алу керек. Егер спортшыжарысты допингтің көмегімен жеңетін болса, яғни ол допингке қарсы заңды бұзғаны.Қарапайым тілмен айтатын болсақ, мысалы, екеуміз велосипедпен жарысып кележатырмыз. Бір кезде сен моторды қосып, жылдамдықты арттырасың әрі аяғындыдемалтып аласың. Ал өз күшіммен жүріп келе жатқан мен шаршап-шалдығып, мәреге әзержетемін. Сондай жолмен жеңіске жеткен адамға мұндай награда беру әділеттіме? 

Бұл заң жобасын қабылдаубіз үшін үлкен жетістік. Біз таза спорт үшін күресеміз. Бүкіләлемдікдопингке қарсы ұйым(WADA) барлығын мұқият бақылап отыр. Олар осындай заңды қандай елдер қабылдағанынескереді. Сондай-ақ Қазақстанда аккредитацияданөткен лаборатория болғанын қалаймыз. Сол кезде спортшылардың допинг-сынамаларынөзіміз тексере алатын едік. WADA-ның бірнеше талабы бар, соны орындауымызкерек.  Ол талаптар орындалмаған соң,Алматыдағы лабораторияның аккредитациясын алып қойған. Қазір осы бағытта жұмысістеп жатырмыз. Жалпы, аккредитациядан айырылып қалған жалғыз Қазақстан емес,Орталық Азия елдері мен Ресей де бар.

–2020 жылы Жапония астанасы Токио қаласында жазғы олимпиада ойындары өтеді.Дайындық қалай?

– Бүгінгі таңда Ұлттық олимпиада комитетіменбірлесіп, дайындықтың кешенді жоспарын құрдық. Оқу-жаттығу жиындары қайда өтетінітолық анықталды. Олимпиада ойындары 2020 жылдың 24 шілдесі мен 9 тамызы аралығынажоспарланған. Басты мақсат – көбіреколимпиада лицензиясына қол жеткізу. Биыл Қазақстан спортшылары олимпиадалықспорт түрлерінен 28 әлем чемпионатына, 19 Азия біріншілігіне және 12 әлемдікіріктеу додаларына қатысты. Енді келесі жылы үш әлемчемпионаты, 19 Азия чемпионаты және 18 әлемдік турнир бар. Оның бәрінде жолдамаүлестіріледі. Әзірге құрама қоржынында 25 жолдама бар. Біз жолдама санынан Риоолимпиадасындағы көрсеткіштен төмен түспейміз деп ойлаймыз (104 лицензия болған).

Қазіргікезде әлемдік спорт сайттары олимпиада ойындарыныңболжамдарын жасап жатыр. Ал сізкімдерден үміт күтесіз?

– Токио олимпиадасында 10 медальдан асып түсеміз депойлаймын. Оның ішінде кемі үшеуі алтын болуы тиіс. Бірінші кезекте өткен жазғыолимпиада ойындарында (Рио) медаль алған спортшылардан үміт күтеміз. Әсіресе құрамакөшбасшылары Дмитрий Баландин, Ольга Рыпакова секілді ресми жарыстарда жүлдесалып жүрген спортшыларға аса қатты сенім артамыз. Олардың көрсеткіштері жақсыекенін қазір түсініп отырмыз. Жекпе-жек түрлерінен, бокстан медальді көптепалармыз деген үміт бар. Биыл елімізде күрес түрлерінде алғаш рет әлемчемпионатын өткіздік. Сол жарыста жүлдеге іліккендерден де үміт күтуге болады.Нақты есімін айтатын болсақ, Нұрислам Санаев пен Мейрамбек Айнағұловтың бабы жақсы.Спорттық құзға өрмелеуден Ришат Хайбуллинді де осы тізімге қосуға болады.

–Өзіңіздің ізбасарларыңыз, яғни боксшылардан чемпион атануға үміттілер бар ма?

– Құрамада көшбасшылар бар. Осыған дейін қатарынан төртолимпиада ойындарында 69 келіде алтынды ешкімге берген емеспіз. Қазіргі кезде бұлсалмақтың көшбасшысы – АбылайханЖүсіпов. Ол қатарынан екі әлем чемпионатында жүлдеге ілікті. Сондай-ақ 91келіге дейін салмақтағы Василий Левит, ауыр салмақтағы команда капитаны ҚамшыбекҚоңқабаев және жақында әлем чемпионы атанған 81 келідегі Бекзат Нұрдәулетовтіайтуға болады. Сондай-ақ 2017 жылғы әлем чемпионы, 56 келідегі Қайрат Ералиевтіде тізімнен шығарып тастауға әлі ерте. Ол соңғы сөзін әлі айтқан жоқ.

Жыл сайын бокстанжасөспірімдер арасында олимпиада чемпионы Серік Сәпиевтің жүлдесіне арналғантурнир өтеді. Биыл бұл жарыс қашанға жоспарланып отыр?

– Биыл менің атымдағы турнир Қазақстан чемпионатыныңалдындағы зоналық іріктеу жарысы ретінде өтеді. Турнирдің ашылу салтанаты 24 қарашағажоспарланған. Болашақта халықаралық деңгейде ұйымдастырғымыз келеді. Бірақ оғанбірінші кезекте қаржы керек, демеуші табу қажет. Егер ондай мүмкіндік туындапжатса, турнирдің деңгейін көтеріп, халықаралық дәрежеде өткізуге дайынбыз. Өйткеніелімізде кіші жасөспірімдер арасында халықаралық турнирлер жоқ. Сондықтан олардыңөзге елдің боксшыларымен Қазақстанда кездесіп, тәжірибе жинақтауларына жағдайжасағым келеді. Алдағы уақытта олимпиада чемпионы Серік Сәпиевтің жүлдесінеарналған турнирдің мерейтойлық,яғни 10-шы маусымы (биыл 8-ші рет өтеді) халықаралық деңгейде өтеді деп үміттенемін.Оған жоспар да бар. Өзім әлемнің бокс державаларының басшыларын жақсы танимын.Оларға хабарласып, команда жіберулерін өтіне аламын.

–Қарағанды облыстық жоғары спорт шеберлігі мектебі жақында 50 жылдық мерейтойынатап өтті. Кезінде өзіңіздеосы мектептен түлеп ұштыңыз ғой...

– Жоғары спортшеберлігі мектебінің тарихы тереңге кеткен. Юрий Зайцев (ауыр атлетика), ВикторМазин (ауыр атлетика), Владимир Муравьев (жеңіл атлетика) секілді олимпиадачемпиондары, Геннадий Головкин, Дмитрий Карпов және өзге олимпиада, әлем чемпионаттарыныңжүлдегерлері шыққан. Алдағы уақытта осы дәстүр жалғаса бергенін қалаймын. Жоғарыспорт шеберлігі мектебін мерейтойымен құттықтаймын!

– Соңғы жылдары Қарағанды бокс мектебі бұрынғыпозициясынан айырылып қалды. Қазіргі кезде ұлттық құрамада Абылайхан Жүсіповтенөзге боксшы да жоқ. Мұның себебі неде деп ойлайсыз?

– Буын алмасупроцесі дұрыс жүргізілмеген секілді. Ұлттық құрамада жалғыз ғана боксшы жүру, бұленді, тоқырау деп түсінемін. Облыстың құрама командасы Конфедерация кубогына қатысыпжатыр. Жақында жартылай финалға жолдама алды. Бұған мен қуанамын. Командалықсайыста Қарағанды көшбасшылар қатарында. Сол боксшылар арқылы болашақтачемпиондарды тәрбиелеуге болады.

Қазіргі тоқыраудыңжүріп жатқаны бапкерлерге байланысты. Кезінде біздің буынды жаттықтырғанбапкерлердің көбісі зейнет жасына жеткен. Кейбіреуі басқа елдерге жұмыс істеугекеткен. Ал олардың ізін басатын жастар шықпай жатыр.

 – Ал сіздің жеке бапкеріңізАлександр Стерльников қайда жүр?

– Бапкерімжұмысын жалғастырып жатыр. Абай мен Қарағандыдағы боксшыларды дайындауға көмектесіпжүр.

–Олимпиада чемпионы Александр Винокуров жақында Ironman-ға қатысып, 40 жастан асқандарарасында әлем чемпионы атанды. Сізде мұндай жоспар жоқ па?

– Егер денсаулығым  жарап жатса қатысар едім. Келесі жылы елордадаIronman-ның толық түрінен жарыс өтеді. Сол кезде бағымды сынап көргім келеді. Қазірменде аздаған жарақат бар. Әйтпесе биыл-ақ қатысуды ойлағанмын. Жазылып кетеалмадым.

Маған сол үшсайыстың ең қиыны – 180 шақырымға жарысатын велосипед тебу болып тұр. Жүгіруде оңай емес. Себебі марафон ең соңында. Ол кезде адам шаршайды.  

–Жақында жеңіл атлетикадан ұлттық құраманың тізгінін Афины олимпиадасының қола жүлдегеріДмитрий Карпов ұстады. Шыны керек, дәл қазір Қазақстан жеңіл атлетикасы тоқырауданшыға алар емес. Осы ретте,Карповтың «спорт падишасы» саналатын жеңіл атлетиканы көтеруге шамасы жете ме?

– Дмитрийдің мемлекеттік қызметте тәжірибесі бар.Осыған дейін Қарағанды облыстық денешынықтыру және спорт басқармасын басқарды.Енді бапкерлік қызметке кірісіп жатыр. Жеңіл атлетикада аздаған проблема барекені рас. Бірінші кезекте балалар және жасөспірімдер жеңіл атлетикасы тоқыраптұр. Ал Карповқа келетін болсақ, ол барлық кезеңнен өткен адам. Бала кезден осыжеңіл атлетикамеен айналысып, олимпиада ойындарының жүлдегері атанды. Оданкейін басшылық қызметтер атқарды. Мені бір қуантатыны – Дмитрий онсайыс шебері.Яғни жеңіл атлетиканың барлық түрінен хабары бар. Нормативтерді қалай орындаукеректігін, техникалық шеберлікті жетілдіру тетіктерін жақсы біледі, түсінеді.Сондықтан спортшыларға пайдасы көбірек тиеді деп ойлаймын.

–Әңгімеңізге рақмет.

Фото: novoetv.kz     

Тегтер: