Жобалар
Редакциямен байланыс
Жарнама
16:15, 18 Қараша 2020

Серік Сәпиевтің әкесі қайтыс болды

None
None

Бокстан Олимпиада чемпионы Серік Сәпиевтің әкесі Жұманғали Сәпиев қайтыс болды, — деп хабарлайды  Қазақстан бокс федерациясы.

"Қазақстан бокс федерациясы Олимпиада чемпионы Серік Сәпиевке Жұманғали Дәуітұлының қайтыс болуына байланысты шын жүректен көңіл айтады.

Біз, бүкіл спорт қауымдастығы, қайғыңызға ортақтасып көңіл айтады, осы қиын сағаттарда сізді қолдағымыз келеді. "Әке – асқар тау" деп тегін айтпаған. Әкеңіз ер мінезді — Сәпиевтер отбасының тірегі еді. Әкеңіз туралы естеліктер, онымен бірге болған барлық жарқын сәттер осы қиын күндерде тірегіңізге айналсын. Жатқан жері жайлы, топырағы торқа болсын. Пейіште нұры шалқып, артындағы ұрпақтарына өмір берсін", — делінген федерацияның «Жас Алашқа»  жіберген хабарламасында.

Тегтер: