Жобалар
Редакциямен байланыс
Жарнама
09:04, 30 Қараша 2022

Серік Жұманғарин мен Юрий Ильин Екібастұзға барды

None
None

ҚР премьер-министрінің тапсырмасы бойынша премьер-министрдің орынбасары Серік Жұманғарин мен төтенше жағдайлар министрі Юрий Ильин Екібастұзға барды, — деп хабарлайды  Primeminister.kz-ге сілтеме жасап.

Энергетика вице-министрі Жандос Нұрмағанбетов — апат орнында.

Үкімет мүшелерінің міндеттері — апаттың себептерін анықтап, зардап шеккен тұрғындардың бірінші кезектегі мәселелерін шешу. Төтенше жағдай салдарын жедел жою барысы бақылауға алынды.

Қазіргі уақытта ЖЭО-да 6 қазандық жұмыс істейді. 143 көп қабатты және 132 жеке үйге, сондай-ақ 13 әлеуметтік нысанға жылу қайта қосылды. 21 учаскенің 20-сында жөндеу жұмыстары аяқталды. Проблемалық мәселелерді анықтау мақсатында үй аралау шарасы жалғасып жатыр. Қалада азаматтар үшін 14 жылыту пункті жасақталған.

Еске салайық, 27 қарашада түнде, сағат 01:20 шамасында, Екібастұз ЖЭО-да қазандық істен шығып, он минуттан кейін тағы үшеуі тоқтаған болатын.

Тегтер: