Жобалар
Редакциямен байланыс
Жарнама
07:27, 16 Сәуір 2020

Серікжан БІЛӘШҰЛЫ: Қазақстанда қытайшыл күштер біз ойлағаннан әлдеқайда қуатты

 «Жас  Алаш»: – Серікжан Біләшұлы дегенде,кім-кімнің болсын көз алдына Қытай саясатына бітіспес дұшпан, қолы жағада кетержау адамның образы келеді.

Ол образды әлеуметтік желілерде «аттанбек»,«айқайбек» етіп алған фейктер де баршылық. Алдымен мына нәрсенің басын ашыпалайықшы: сіз, жалпы, Қытайға қарсы адамсыз ба, әлде Қытай коммунистерініңэкспансиялық саясатына қарсысыз ба? Өзіңізді қандай адаммын деп ойлайсыз?

СерікжанБіләшұлы:– Мен Қытай халқын сыйлаймын, құрметтеймін.  Қытай билігіне де қарсылығым жоқ. Олардыңішкі істеріне араласқым да жоқ. Егер олар бүгін Қытайға қарасты болып қалған,ежелгі ата-бабасының тарихи қонысында отырған момын қазақтарды жаппай тұтқындапабақтыларға тоғытпағанда, мен оларға қарсы болмас едім. Сан мәрте ашықайтқанмын, тағы айтамын, егер Қытай билігі ондағы қазақтардың адамдық құқынтаптауын доғарса, мен де тоқтаймын.

   Маған Қазақстанмен Қытай арасының жақсы болғаны, қазақтардың емін-еркін араласып-құраласыпөмір сүргені керек. Өз басым саясат дегенді иттің етінен жек көремін.Өкініштісі, Қытайда күйеулері нақақ қамалып, өздері Қазақстанда тірі жесірболып қалған қазақ әйелдерінің көз жасы мені тыныш жатқызбады. Әкесі не анасыҚытайда қамалған, не ата-анасы түгелдей Қытайда заңсыз, нақақ, еш себепсізқамалған, өздері Қазақстанда тірі жетім болып аңырап қалған сәбилер, жеткіншектерменің үнсіз қалуыма жол бермеді. Біз бұл мәселені көтердік. Шенді-шекпенділауазымды тұлғалардың осы іске назар аударуын өтіндік. Тірі жетім, тіріжесірлерге көмектесуін сұрадық. Асыраушысыз қалған тірі жетім, тірі жесірлеркүн санап көбейді. Керісінше, біздің құзырлы орындар үнсіз қала берді. Бізкімнің алдына бармадық. Бәріне жалындық, жалбарындық. Олар мүлде үнсіз қалды.Ләм-мим деп жақ ашпай қойды. Олар үнсіз қалған сайын Қытайда тұтқындалғанқазақтардың саны көбейе түсті. Ақыры өзіміз ашық қарсы шығып, бел шеше кірісугемәжбүр болдық.

   Ту баста Whatsappжелісінде «Аттан» деген 10 топ жасақтадық. Сол арқылы еліміздегі зиялы қауымөкілдері, тілшілер, саясаткерлер мен туыстары Қытайда қамалғандарды солтоптарда жүздестірдік. Қазақ қоғамы оянсын дедік. Лекциялар оқи бастадық. Жұрташыққа шығып, арыз бере бастады. Біз оны құзырлы мекемелерге жеткіздік. Жауапжоқ. Ақыры халықаралық ұйымдар мен халықаралық ірі ақпарат құралдарына ағылшын,француз, неміс, жапон, түрік, қытай, орыс тілдерінде хат жаза бастадық. Жұмысосылай басталды. Шетелден тілші жауды. Бір күнде Америка, Германия, Франция,Бельгия тілшілерін қатар қабылдаған күндеріміз болды. Сөйтіп,  тұтас әлем Қытайдың Шыңжаң өлкесінде қазақ барекенін білді. Және ол қазақтардың құқы қатты тапталып жатқанын білді. Мұнанілгері, олар өздеріне бұрмаланып жеткен мақсатты-мақсатсыз ақпараттарға сай,Шығыс Түркістанда тек ұйғырлар тұрады деп келген.

     Біздіңеңбегіміз – Шығыс Түркістандағы «қазақ мәселесін» әлемдік деңгейге жеткіздік.Соның бір нәтижесі – Сайрагүл Сауытбай оқиғасы. Сайрагүлді тұтқындап кеткенде,оның қайнысы ең алдымен мені іздеп келді. Оны бірден видеоға түсірдім. Бірсағатта батыс ақпаратын шу еткіздік. Сайрагүл ісі барысында маған қастандық та жасалды.Екі рет қолдан жасалған жол апатынан аман қалдық. 2019 жылдың наурызындамені Алматыдан тұтқындап, Астанаға алып кетті. Бес ай бес күн Астанада заңсызүйқамақта болдым. Тұтқындаған сәтте олардың маған артқан кінәсі – Сайрагүлдіңісіне араласуым, оның адвокатын ауыстыруым. Оны сотта ашық жарияладым.

«ЖасАлаш»: – Қытайда демократтар бар ма? Олар Қытайдың қазіргі ішкі және сыртқысаясатына қандай баға береді?

СерікжанБіләшұлы:– Қытайда әр деңгейдегі демократтар бар. Бірақ олар ашықшыға алмайды. Ашыққа шыққанын тоқтаусыз қамайды, соттайды, жасырын өлтіріпкетеді. Ашықта жүргенінің көбі халық пен батысты алдаусыратуға бағытталған «әртістер»ғана. Қытай ішкі жақта қатаң дара билеушілік жүйесін күн санап күшейтуде.Цифрлы бақылау – әлем бойынша ең алдыңғы орында. Қазіргі ҚХР үсті ашық түрме.Халқының басқан-тұрғаны, тіпті не ойлайтынын, неге қызығатыны, жеке өмірі –бәрі-бәрі цифрлы бақылауда. Қытай сыртқа қарата ашық экспансияға көшті.Тәжіктің бір бөлік жерін алды. Африканы шеңгеліне алды, бұл күнде оны «ҚытайАфрикасы» деп атай бастады. Пәкістан, Шри-Ланка порттарын алды. Қазақ жеріненде үмітті.

«ЖасАлаш»:Қытайдадемократтардың билікке келуі мүмкін бе? Оның қандай алғышарттары бар немесе бұлмүмкін емес пе?

СерікжанБіләшұлы:– Компартия құламай, демократтар билікке келе алмайды.  Кеңестің ыдырау үлгісінің Қытайда жүзеге асуықиындау. Қазіргі Қытай компартиясы – саяси күшті құрылым әрі әлемдік ірі қаржыиесі. Әрбір ірі коммунист – әлемдік миллиардер. Бұл Кеңес компартиясындаболмаған құбылыс. Қытайдың коммунист миллиардерлері батыстың экономикасынадендеп еніп алған. Батыстың демократиясы мен барлық мүмкіндігін пайдаланаотырып, батыстың экономикасына шырмауықша оралып, суша сіңіп, кенеше жабысып,қандалаша қадалып отыр. Қазіргі батыс қоғамы үшін Қытайдың қаржылық ықпалы өтезор. Қытай коммунистері батыстың ірі қаржылық топтарын Қытай нарығына енгізіп,олардың да Қытайдан пайда табуына мүмкіндік бере отырып, өздері де ырғын табыстауып отыр. Батыстың ірі қаржы иелері Қытайға байланып отыр және бұл – батыселдерінің Қытайға тым қатты соққы бере алмай отырғанының басты себебі.

«ЖасАлаш»: – Соңғы уақытта сіздің лексиконыңызда «қытайшылдар» деген сөз көпайтылады. Олар нақты кімдер? Көздеген мақсаттары не?

СерікжанБіләшұлы:– Қазақстанда қытайшыл күштер біз ойлағаннан әлдеқайдақуатты. Олар қаржы саласын түгел алып үлгерді. Мұнай, газ, түсті металл, тағыбасқа қаншама байлығымыз олардың шеңгелінде. Енді олар жерімізді алмаққа жанталасса,бізде бермекке жанталасып отырған күштер бар. Қазақстандағы қытайтануфакультеттері мен Конфуций институттары Қытай тарапының мүддесі үшін тікелей нежанамалай жұмыс жасауда. Батыста Конфуций институттарын жаппай жабуда, бізжаппай ашудамыз. Батыс Huawei-дің әскери тыңшылық құрылым екенін дәлелдеп, жаппайсақтыққа көшсе, біз оған «Қазақстандағы ең сенімді компания» сертификатынбердік. Батыста адамды бақылағыш HikVision компаниясын Шыңжаңдағы адам құқынөрескел таптауға, миллиондап фашистік концлагерьлерге қамауға қатысты депжаппай шектеп жатқанда, біз оны Алматыдағы көше қозғалысын бақылауғапайдаланудамыз. Қытай ақыны Ли Бәйді қазақ жасап шығу, оның ішінде дулаттайпасынан деп жініккен бір топ бар ғой. Бұлар да біліп-білмей, Қытайдыңқақпанын қапты. Тарихта болмаған Кехменер деген «ақынды» қазақ жасап шыққан,оны Қазақстан жерінде туды деп, жалған тарих жасаған Дүкен Мәсімханұлы секілдіаталмыш «қытайтанушылардың» мақсаты қазір барған сайын анық бола түсті.

«ЖасАлаш»: – «Қытайшыл қауым» билік басында да бар деп ойлайсыз ба?

СерікжанБіләшұлы: –Біздің билеуші таптың құрамында Қытайдың қаржылыққолдауына сүйенетін топтардың бар екеніне еш күмәнім жоқ. Қытайға барып-келіпжүріп, біліп-білмей, «бақа-шаян жеп қойғандар» аз емес. Қытайдың бопсалауыменқытай үшін мәжбүрлі жұмыс жасап жүрген саяси тұлғалардың бар екенінешүбәланбаймын. 

«ЖасАлаш»: – Сіз Қытайда туып-өстіңіз. Ханзу халқының мінез-құлқын, ниеті менмақсаттарын бір кісідей жақсы білесіз. Бізге Қытайдан төнетін қауіп бар ма?Егер қауіп болса, одан қалай сақтануымыз керек?

СерікжанБіләшұлы:– Ханзу халқы еңбекшіл, момын, бейбітшілік сүйгіш халық.Бұнысы жағынан Үндістан халқына ұқсайды. Миллиард Үндіде дін бар, демократиябар, миллиард Қытайда екеуі де жоқ. Өкініштісі, соңғы жетпіс жылда Қытай компартиясыбұл халықты әбден өзгертті. Тәрбиеледі. «Ми жуу»  деген сөз бар Қытайда. Қазіргі Қытай халқысанасы уланған, дінсізденген, рақымсызданған, жаулағыштық пиғылы асқынған,әлсіз, жат, бұратана қауымға өктем, озбыр бір таңғажайып қауым болып қалыптасыпкеледі, мәлім деңгейде қалыптасып та болды. Бұл сипаттары әлемдік екінші соғысалдындағы неміс халқын, итальян не жапон халқын елестетеді. Ұлттық санасы коммунизмжәне фашизм  уларымен әбден уланған,тарихи жадысы жуылған, руханияты күйреген, бас амандығы мен қарын қамы үшінқысқа күнде қырық құбылып, қырық рет ұятын сатуға дайын болып көндірілген бұлқауым-миллиард тірі робот сынды. Бұл тұтас адамзат үшін үлкен қатер.

«ЖасАлаш»: – Бізде бірнеше Қытайтану институттары жұмыс істейді. Ол институттар несебепті осы қатерлер жөнінде баспасөзде ашық жазып, үкіметке ұсыныстарөткізбейді?

СерікжанБіләшұлы:– Ол институттар Қытайдан тіке не жанамалай пайдакөреді. Қытайға тегін саяхаттайды. Бала-шағалары Қытайда тегін оқиды. Тегінгрант алады. Кітаптарын Қытай шығарып береді. Қытай тіке не жанамалай олардыөзіне әбден байлап алған. Олардың көздері Қытайдың қазаққа қаупін көрмейді,тілдері юаньмен байланған, құлақтары бітелген. Сондықтан олар үнсіз.

«ЖасАлаш»: – Алдағы уақытта Қазақстан үкіметі Қытайға қатысты қандай саясатұстанғаны жөн деп ойлайсыз?

СерікжанБіләшұлы:– Қазақ пен Қытай арасында шешетін мәселе көп. Біріншіорында – компартия Қытайдағы қазақтардың құқын таптамауы керек. Қытай осығанкепілдік етпейінше, екі ел арасы жақсы болуы мүмкін емес. Өз қандасын азаптапотырған елмен ешқандай қазақ дос болып сөйлесе алмайды, әсіресе тәуелсіздіктенкейінгі жас буын бұған көнбейді. Екінші мәселе – Қытай билігі қазақтың елдігін,мемлекеттілігін қорлайтын, тарихи шындықа қарсы атышулы жазбаларын жариялауынбасы бүтін доғаруы керек. Болашақта қазақ-қытай арасында Ертіс өзені мен Ілеөзенінің суына байланысты дау туындайды.

«ЖасАлаш»: – Қытайдағы қазақтардың қазіргі жағдайы қандай? Мұсылман халқын лагерьлердеұстау ісі тоқтады ма?

СерікжанБіләшұлы:– Қытайдағы қазақтардың жағдайы еліміздегі қазақтардыңжаппай наразылығы, арыздануы және әлемдік қауымдастықтың, Қазақстан билігініңараласуымен шамалы ғана жақсарды. Әлі де сол аталмыш аты «саяси тәлім-тәрбиеорталықтары», заты фашистік концлагерьлерде жүз мыңдаған қазақ  нақақ қамалып отыр деп сенеміз. Қытай билігіүшбу орталықтарды жаптық деп жариялағанымен, ендігі кезекте қазақтарды мәжбүрлітүрде ішкі Қытай өлкелеріне құлдық жұмысқа жегу үшін жөнелтуде. Малшы қазақтардыңжайлау, қыстау, көктеу, күзеулік жерлерін, шаппалық және аграрлық жерлерін  «жайылым қорғау» және басқа сылтаумен  тартып алып болды, көшпенді қазақтардымәжбүрлі түрде отырақтандырды. Қазақтарды мәжбүрлі түрде ішкі Қытайға жіберіп,ал ханзу ұлтына тегін үй, тегін жер беріп, Шығыс Түркістанға көшіріп жатыр.

«ЖасАлаш»: – Егер Қытай үкіметі рұқсат етсе, Шығыс Түркістандағы қанша қазақ елгеоралады деп ойлайсыз?

СерікжанБіләшұлы:– Қытай билігі рұқсат берген күнде Қытайдағы ең батыл,ең тәуекелшіл 20-30 пайыз қазақ Қазақстанға көшуге дайын деп сенемін. Мұның өзі1 миллион қазақ деген сөз. Аз сан емес. Соңғы 4-5 жылдағы қызыл фашизмді көргенқазақтар үшін алғанда, Қазақстан деген – оларға демократия мен еркіндіктіңбаламасы деген сөз. Өкініштісі, жас буын қытайша оқып өсті. Қазіргі 30-40 жасарасындағы буынның өзі қытайласып үлгерді. Бірақ бұл буын – қазақылықтанжерімеген буын. Осы буын қытайланған жас буын мен Қазақстанды байланыстыратыналтын жіп. Осы жіп үзілсе, біткен жеріміз сол.

«Жас Алаш»:– Әңгімеңізге рақмет.

СұхбаттасқанТоқтар ЖАҚАШ

Тегтер: